ойын сауық отауы
Бал мен банан оралған құймақ
21.12.2016 2 986 0 Дауыл

Бал мен банан оралған құймақ

Ас дайындау
Ұн - 200 гр
Сүт - 150 мл
Йогурт – 2 шай қасық
Жұмыртқа - 1 бас
Ванильді қант - 1 шай қасық
Көпсіткіш (разрыхлитель ) – жарты шай қасық
Шекер - 2 ас қасық
Тұз – бір шымшым
Сұйық май – пісірген кезде қажет

Піскен құймақ ішіне салуға және себуге:
Банан - 1 бас
Бал (мёд) - қалауыңызша
Даршын (Корица) - 2 шай қасық
Қант ұнтағы - 1 шай қасық


Жасалу тәсілі: Үлкенірек ыдысқа сүтті құйып үстіне жұмыртқа, йогурт, шекер, тұз, ұн, көпсіткіш, ванильді қант барлығын қосып араластырыңыз. Дайын болған қоймалжыңды бір ожаудан табаға құйып тұрып пісіріңіз. Бауырсақ пісіріп жүрген таба болса, асты жабыспай жақсы піседі.
Бананның қабығын аршып, дөңгелектеп тураңыз. Дайын құймақтың үстіне бананның 2 - 3 бөлігін қойып, үстіне 1 шай қасық бал жағып, корица мен қант ұнтағын сеуіп ораңыз. Оралған құймақты ортасынан екіге бөліп қоюға болады.

Дайындаған: Жадыра

Бауырсақ Бауырсақ
Үлкендеу табаққа шекерді ашытқыны салып үстіне сүтті жылытып құйыңыз да 10 минтуқа қалдырыңыз.
Бауырдан дайындалған құймақ (оладьи) Бауырдан дайындалған құймақ (оладьи)
Бауырды еттартқыштан өткізіп алыңыз, пиязды да өткізіп алыңыз. Күрішті қайнатып, жартылай пісіріп алыңыз.
Ет қосып пісірілген бәліш Ет қосып пісірілген бәліш
Үлкен ыдысқа сары майды ерітіп салыңыз, қаймақ, жұмыртқа, тұз салып араластырыңыз.
Бал мен жаңғақ қосып әзірленген торт Бал мен жаңғақ қосып әзірленген торт
Үлкен ыдысқа жұмыртқа, шекер, бал, сары майды салыңыз, жаңғақты да майдалап салыңыз, ұнды аз-аздан салып тұрып, өте жұмсақ қамыр илеңіз.
Наполеон торты Наполеон торты
Екі жұмыртқаны жарып үстіне тұз, сірке қышқылы және суды құйып жақсылап араластырып тоңазытқышқа салып қоямыз.
Жұқа құймақша, Блинчики Жұқа құймақша, Блинчики
Шикі сүтті отқа қойып аздап жылытып алыңыз. Жұмыртқаны, шекерді, тұзды, соданы салып бөлек ыдысқа әбден араластырып алыңыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×