ойын сауық отауы
Ұйқыңыз келмей жүр ме?
30.06.2017 2 507 0 Дауыл

Ұйқыңыз келмей жүр ме?

Жалпы кеңес
Ұйқыңыз келмей жүр ме?

Егер түн ұйқыңыз бұзылып, көпке дейін көз іле алмай жатсаңыз, сізге тамақтану рационын дұрыстау керек. Сондықтан бүгін біз сіздерге ұйқыны ретке келтіретін тағам тізімдерін ұсынғымыз келеді.

1. Миндаль
Миндаль жаңғағының құрамында бұлшық етті босаңсытатын магний бар. Жаңғақтағы ақуыз қандағы қант мөлшерін қалыпқа келтіреді. Ұйықтардан 2 сағат бұрын 50 г миндаль жесеңіз, ұйқыңыз сәбидікіндей болады.

2. Шөпті шай
Кешқұрым кофе немесе қара шай ішпеген жөн. Мұның орнына түймедақ, жалбыз қосылған бір саптыаяқ шай ішіңіз. Бұл шөп ауыр жұмыс күнінен кейін жүйке жүйесін тыныштандырады. Сонымен қатар көк шай да ішуге болады. Өйткені оның құрамында түсіңізді ұзартатын теанин бар.

3. Мисо - сорпа
Бұл Жапон халқының тағамы. Көбіне балық, саңырауқұлақ қосып әзірленеді. Мисо сорпасында мелатонин гармонын көбейтіп, ұйқы шақыратын аминқышқылы бар. Сорпа, шай секілді жылы тағамдар мен сусындар салқын тию белгілерін жеңілдетіп, жақсы ұйықтауға көмектеседі.

4. Банан
Банан – магний мен калийдің қайнар көзі. Бұл микроэлементтер бұлшық еттерге босаңсуға мүмкіндік береді. Оған қоса тез ұйықтап кетуге де көмектеседі.

5. Сүт өнімдері
Йогурт, сүт және ірімшік секілді сүт өнімдері триптофан мен кальцийге бай. Олар нерв жасушаларын қалыпқа келтіреді. Сонымен қатар жатар алдында сізді мазасыз ойлардын арылтып, тәтті ұйқыға бөлейді.

6. Сұлы
Сұлының құрамында кальций, магний, фосфор, кремний және калий көптеп кездеседі. Бұл элементтер қатты ұйқыны қамтамасыз етеді. Алайда сұлыға ешқашан қант қоспаңыз.

7. Қатырып пісірілген жұмыртқа
Көмірсулары көп тағамдарды ақуызы көп өнімдерге ауыстырыңыз. Олар сізге тәтті ұйқы тарту етеді.

8. Шие
Шиенің құрамында ұйқысыздықпен ауыратын адамдарға көмектесетін мелатонин бар. Ұйықтар алдында бір стақан шие шырынын ішіп жатыңыз.

Дереккөзі: Массагет

Гормондарды ретке келтіретін 3 түрлі сусын Гормондарды ретке келтіретін 3 түрлі сусын
Лимон ағзадағы лептин гормонына әсер етеді. Лептин – тоқшылық гормоны. Егер лептин гормоның балансы бұзылса май жинала бастайды яғни адам семіре
Банан әрі дәмді әрі пайдалы жеміс. Банан әрі дәмді әрі пайдалы жеміс.
Ағзаға пайдалы астың бәрі дәмді бола бермейді. Бірақ, мұның бананға еш қатысы жоқ. Жемістің бұл түрін сүйіп жейтіндер көп әрі ол ағзаға өте пайдалы.
Жұмыртқаның пайдасы Жұмыртқаның пайдасы
Жұмыртқа – арзан әрі пайдалы тағам. Оны дайындаудың көптеген түрлері бар. Сонымен қатар олар әртүрлі тағамның басты құрамы болып табылады. Ал біз
Ең пайдалы 10 тағам түрі Ең пайдалы 10 тағам түрі
Ең пайдалы 10 тағам түрі
Жаңғақтың адам ағзасына пайдасы Жаңғақтың адам ағзасына пайдасы
Көптеген жаңғақ түрлерінің адам ағзасына қандай пайдасы бар екенін білетін боламыз.
Терінің саулығы Терінің саулығы
Терініңіз сау болсын десеңіз: Ағзада тұрақты су тепе - теңдігін сақталуы керек. Бір күні ішінде адам салмағына қарай 1 кг - ға шамамен 40 грамм ішу
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×