Стресстен қорғайтын тағам өнімдері.
Денсаулық / Жалпы кеңес
Стресстен қорғайтын тағам өнімдері.
Күнделікті жаңалықтардан естіп жүргеніміздей күйзеліске түскендер саны артып келеді: «Жұмыстан шығып кетіпті!», «Екеуі ұрсып ажырасып кетіпті!» атай берсек тіпті көп. Бұған көз жұмып қарап отыруға болмас. Мүмкін сіздің де жүйкеңіз тозып, сыр беріп жүрген болар. Мұнымен күресудің жолдары өте көп. Солардың бірнеше тізімін назарларыңызға ұсынамыз, пайдалы тағам өнімдері, стресстен арылтып қана қоймайды, оның алдын алады.
Стресс барысында адам ағзасы магний, цинк, С және Е дәрумендер мен минералдарының көптеген мөлшерін жоғалтады. Бұл дәрумендер мен минералды заттектердің орнын қандай өнімдермен толтыруға болатынын айтамыз.
Адам өзін күйзелістен сақтау үшін дұрыс тамақтануы керек. Тіршілік әрекеті үшін қажетті азықты қолданумен қатар адам ағзасы оны дұрыс қорытуы үшін уақытылы тамақтанудың да маңызы ерекше. Стрессті жағдайға түспес үшін таза ауада көбірек болудың пайдасы көп, қала ішінен шығып, саябақта серуендеген дұрыс. Стресстік күйден айығуға немесе алдын алуға физикалық қимылдың пайдасы өте көп. Бір - екі күн сайын бау - бақшаның ішінде немесе саяжайдағы жұмыспен айналыссаңыз күйзелістен қана емес жаман ойлардан ажырайсыз.
Ендеше стресстен және жүйке ауыруынан арылуға көмектесетін 10 өнімнің тізімін жасадық.
1. Қара шоколад.
Қара шоколад – тәттіні сүйіп жейтіндер үшін стресстен арылуға ең жағымды тамақ түрі болмақ. Сіз күйзеліске шалдыққан адамдардың көбі шоколад жейтінін байқаған боларсыз. Адам ағзасы өзіне қандай өнім қажеттігін біледі және ондай пайдалы минералды заттектерді қайдан алатынын да біледі. Қара шоколад – «шаттық гормонын» (эндорфин) өндіруге қабілетті өнімдердің бірі болып табылады.
2. Жаңғақтар.
Жаңғақ – стресске қарсы тамаша өнім. Көңіл - күйі орнына келуі үшін күніне бір жаңғақ жесе жеткілікті. Егер жаңғақты тамақтың алдында жесеңіз, онда аштықты бәсеңдетеді.
3. Қырыққабат.
Қырыққабат – ағзаны тазартатын клечаткаға өте бай. Оның құрамында күйзелістен кейін ағзаны қалпына келтіретін антиоксидантты дәрумендер және жүйкенің тыныштануына әсер ететін калий бар.
4. Цитрустық жемістер.
Цитрустық жемістер – С дәруменіне бай (негізі С дәруменінің көзі итмұрын (шиповник) болып есептеледі). Алайда цитрустық жемістерді жиі тұтынуға болмайды, аллергиялық реакция туғызуы мүмкін.
5. Сәбіз.
Сәбіз – құрамында А бета керотин дәрумендер негізі бар. Бұл да стресспен тамаша күреседі. Бето керотин майлы тағамдармен жақсы қорытылады, сондықтан сәбізді майлы тағамдармен тұтынған орынды.
6. Жұмыртқа.
Жұмыртқа – тамаша таңғы ас деп атауға болады, себебі ол күйзеліс гормоны адреналиннің бөлінуін тежейді. Диетолог дәрігер күйзелісті болдырмау үшін күнде таңертең қайнаған жұмыртқа жеуді ұсынады.
7. Қара нан.
Қара нанда – В дәрумені мен магний кездеседі. Егер таңертең қара нанның бір - екі тілімін жейтін болсаңыз артық салмақтан арыласыз және күйзелісті болдырмауға болады. Қара нанның құрамы серотин гормонын өндіруді тездететін «бақыт гормоны» күрделі көмірсулардан тұрады.
8. Сельдерей (балдыркөк).
Балдыркөк – шаршауды басуға көмегі зор. Түрлі салаттарға қосып тұтынуға болады.
9. Фасоль (Бұршақ)
Бұршақ – күйзеліс пен депрессиядан ағзаны қорғайды. Бұршақты қалай пайдаланамын десеңіз де өз еркіңізде алайда іш кептіретіні туралы біле жүріңіз.
10. Майлы балық
Майлы балық – ағзаны стресспен депрессиядан қорғайтын қасиеті жоғары. Арзандау майлы балықтар – скумбрия мен майшабақты (сельдь) атауға болады. Қымбатырақ балықтар – форель (алабалық), семга (ақсерке), лосось (арқан балық). Түрлі стрестік, депрессиялық жағдайдан өзіңді қорғау үшін аптасына 150 - 200 грамм балық тұтынса жеткілікті.
Жоғарыда біз жасаған тізімдегі өнімдер сіз бен сіздің жақындарыңызға көмегі тиеді деп үміттенеміз.
Деніңіз сау болсын!
Дайындаған: Жадыра.

Әр қыз-келіншектердің ас мәзірінде болуы тиіс 5
Әр әйелдің ас мәзірінде болуы тиіс 5 өнім Біз сау әрі жас болуды қалаймыз. Бұл үшін косметологқа да барып жатамыз.
Д дәрумені және Күн көзі.
Д дәрумені және Күн көзі. Мектеп кезінен бастап есімізде, күн сәулесінің әсерінен адам ағзасында Д дәрумені түзіледі. Біздің ағзамыз үшін бұл
Жұмыртқаның пайдасы
Жұмыртқа – арзан әрі пайдалы тағам. Оны дайындаудың көптеген түрлері бар. Сонымен қатар олар әртүрлі тағамның басты құрамы болып табылады. Ал біз
Стресстен арылу жаттығулары
Тыныс алу жаттығуы. Мұрын арқылы жай тыныс алыңыз да, аздап ұстап тұрып жіберіңіз. Әр дем шығарып жатып, стресстен айығып жатырмын деп ойлаңыз.
Пайдалы таңғы ас мәзірі
Таңғы асқа отырмас бұрын не істеу қажет? Таңертең ұйқыдан тұра салысымен адамның асқа тәбеті бола қоймайды. Жуынып алғаннан соң, 1 стакан қайнаған су
Жаңғақтың адам ағзасына пайдасы
Көптеген жаңғақ түрлерінің адам ағзасына қандай пайдасы бар екенін білетін боламыз.