ойын сауық отауы
Аспан әлемінде болып тұратын құбылыстарға қарап, ауада болатын өзгерістерді болжай аласың
15.10.2020 1 792 0 Admin

Аспан әлемінде болып тұратын құбылыстарға қарап, ауада болатын өзгерістерді

Салт-дәстүр
Рухани - танымдық сүрлеулер
Аспан әлемінде болып тұратын құбылыстарға қарап, ауада болатын өзгерістерді болжай аласың
Бұлттарға қарап, күн райын болжаудағы халық тәжірибесіне тоқталсақ:
Күн батар кезде бұлттар қызарып көрінсе, ертеңіне аспан ашық, күн жылы боларын болжай бер.
Таң ағарып атар кезде бұлттар қызғылт тартса, күн жауын - шашынды болады.
Кешке қарай бұлттар сұрланып көрінсе, ертеңіне күн райының бұзылар белгісі.
Батыстан шығысқа қарай бұлттар жеделдете жөңкіле көшіп жатса, кешікпестен күшті жел тұруын күте бер.
Жазда аспанды қара бұлт торлап алса, кешікпестен өткінші жауын жауып өтеді. Ал қыста аспанда ақ шаңқан бұлттар пайда болса, қар жауарының сыңайы екен де, бұлттар желге қарсы көшсе, жауын жауар белгісі екен.
Жазда да, қыста да бұлттар төмендейтін болса, жауын немесе қар жауады. Ал бұлттар аспандап көтерілсе, күн райы жақсы болады да, бұлттар ерсілі - қарсылы көше бастаса, күн райы тұрақсыздыққа түседі.
Жалпы бұлттар жолақты болып, созылып жататын болса, жаз жауынды, қыс жылы болады деп күткен.
Қыста бұлттардың көлеңкесі анық болатын болса, қыс жайлы боларының белгісі.
Бұлт қоюланып, аспанда алай - түлей күйге түсе бастаса, күшті дауыл соғып, өткінші құйма жауын жауады.
Біртұтас бұлттардың шеті қарая бастаса, жауын жауады - дағы, біртіндеп ағара бастаса, жауын сейіледі.
Таңертеңгі ашық аспанда кенеттен ақ бұлттар пайда болғанмен, келер бір - екі күннің жақсы боларын күтуге болады.
Аспанды әртүрлі бұлттар қаптайтын болса, күн суытып, бұзыларының белгісі. Ал қар немесе жауын жауып тұрғанда бұлттар желге қарай көше бастаса, жауу тоқтарын білуге болады.
Таңертеңгі тұман көкке көтерілмей, жер бауырлап жатып алған болса, кешікпей күн ашыларын болжай бер. Күн ашылған соң, көкке көтерілген тұман бұлтқа айналып, жерге қайтадан жауын болып жауарын бәріміз де білетін шығармыз.
Көктем, жаз, күз айларында түс ауа аспанда селдір бұлттар пайда болып, кешке қарай ыдыраса, келер күндер жауынсыз, ашық тымық болмақ.
Қыста бұлттар желге қарсы көшетін болса, қар жауады - дағы, бұлт ортасынан ыдыраса, күн суытарын білдіргені. 

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Ауа райын хайуандар мен жәндіктер де болжайды Ауа райын хайуандар мен жәндіктер де болжайды
Ара ұясына кеш қайтқанмен, топталып жиналып, ұяға таласа қатты гуілдесе, жаңбырды күткені, ұяларынан ұзамастан төңіректеп ұшып жүретін болса, күн
Сәкен Сейфуллин - Көкшетау дастаны Сәкен Сейфуллин - Көкшетау дастаны
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы, Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын. Жан - жақтан ертелі кеш бұлттар келіп, Жүреді біліп кетіп есен - сауын.
Көкшетау - Сәкен Сейфуллин Көкшетау - Сәкен Сейфуллин
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы. Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын. Жан - жақтан ертелі - кеш бұлттар келіп, Жүреді біліп кетіп есен - сауын.
Көшеді бұлттар... Көшеді бұлттар...
Көшеді бұлттар, көшеді бұлттар, көшеді, Қоштасар қимай көк аспан - өлең - төсегі. Көшеді бұлттар көкжиектерді бетке алып, Көшеді бұлттар, көшпелі
Нөмер Нөмер
Бұлттар төніп келеді, Нөсер жауар жиылса. Бұлттар төніп келеді, Сауыны келген сиырша
Ұшақтан жылдам бұлттар Ұшақтан жылдам бұлттар
Таңертең күн ашық, Тұр енді нұр шашып. Аспанда бұлт жоқ: "Ендеше күдік жоқ.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×