ойын сауық отауы
Аяқтан шығатын жағымсыз иістен арылу
26.07.2016 7 239 0 Дауыл

Аяқтан шығатын жағымсыз иістен арылу

Денсаулық
Аяқтан шығатын жағымсыз иістен арылу
Гигиена
Аяқтан шығатын жағымсыз иісті бактериялар туғызады, Бактерияның жылы әрі ылғалды ортада белсенділігі артады.
Аяқтың терлеуіне көбіне сапасы нашар шұлық пен сапасыз аяқ киім себепші болады. Сондықтан синтетикалық шұлық пен кроссовканы көп кимеген жөн. Тершең аяқты таза ұстамаса, саусақ арасында «грибок» пайда болады. Егер сіз осы мәселеге бас қатырып отырсаңыз, бұл сізге арналады. Аяғыңызды құрғақ күйін сақтауға ықпалы тиетін бірнеше ережелер мен кеңестер бар.

Аяғыңызды күнде жуып тұрыңыз.
Аяғыңыздың саусақ араларын, табаныңызды жақсылап жуып, жұмсақ орамалмен сүртіп кептіріңіз. Гигиенаға арналған антибактериалды сабынды пайдаланған дұрыс.

Шұлық таңдау (Носки)
Шұлық аяғыңызға жайлы әсер ететін, ауа енгізіп тұратындай болуы қажет. Ол үшін шұлықтың матасы таза мақта немесе жүннен (шерсть) болғаны дұрыс. Шұлықты күнде ауыстыру қажет яғни бір күнде бір шұлық киген дұрыс.

Аяқ киім
Сапалы аяқ киім киіміңіз. Әр кезде аяқ киім таңдағанда, аяққа ауа өткізіп тұратындығына көңіл бөліңіз. Мысалы: ашық шлепкалар, тесіктері бар жаздық мокасиндер. Ал суық мезгілде таза былғарыдан тігілген аяқ киім түрлерін таңдаңыз, жасанды былғары, резинадан бас тартқан жөн.

Спорттық аяқ киім
Егер сіз спорттық үлгідегі аяқ киімдер киетін болсаңыз, ол аяқ киімдер көбіне жұмсақ материалдан жасалатын болғандықтан жууға болады. Аяқ киімді жиі жуып, жақсылап кептірген жөн.

Аяқ - киімді ауыстырып тұрыңыз.
Күнделікті бір аяқ киімді кие беруге болмайды. Ауыстырып киетін бірнеше аяқ киім болуы керек. Тер сіңген аяқ - киімді сүртіп тазалап, таза ауаға, жарыққа шығарып кептіру қажет, оны кептіруге қойған уақытта екіншісін киюге болады.

Диета ұстану
Құрамында сарымсақ, пияз, қызыл бұрышы көп тағамдарды аз тұтыну керек. Себебі осы көкөністер, қанға тез сіңе отырып, тер иісін өте өткір етеді.

Пайдалы құралдар
Аяғыңыздың жағымсыз иісімен мәңгі қоштасу үшін иіс болдырмайтын арнайы құралдарды пайдаланыңыз – косметикалық және фармацевтік дәрі - дәрмектер немесе өз қолыңызбен дайындалған арнайы құрал болуы мүмкін.

Антиперспиранттар (Антиперспиранты)
Көптеген адамдар білмеуі мүмкін, сіз күнде қолтық астына себетін, оны сондай-ақ аяқ саусақтарының арасын, табанды сүртуге де пайдалануға болады. Алайда этикеткасын мұқият оқыңыз, дезодорант тек бактерияға қарсы әсері етеді, ал антиперспиранттар жағымсыз иіс тудыратын микроорганизмдерді өлтіріп қана қоймайды, қосымша тершеңдік азайтады.

Тальк (минерал ұлпа)
Құрамында тальк бар, аяқ және аяқ киімге арналған арнайы ұнтақты пайдалануға болады. Мұндай өнім ылғалдың алдын алып, қолайлы орта қалыптастырып бактериялардың өсуін болдырмайды. Сонымен қоса бұл құралдың бағасы қолжетімді. Бұл құрал тексеруден өткен, иіс болдырмайтын нағыз тамаша құрал.

Теймуров пастасы (Паста Теймурова)
Теймуров пастасы – бұл косметикалық өнім ғана емес, құрамында тершеңдікке қарсы қаншама дәрілік заттар бар. Бұл өнім де арзан тұрады, алайда нәтижесі тез білінеді аяқтың тершеңдігін аз уақытта ретке келтіріп, соның нәтижесінде жағымсыз иістен арыласыз. Бұл құралды табанға жағу қажет, табаныңыз таза әрі құрғақ болуы керек.

Дайындаған: Жадыра

Пайдалы кеңесіңіз болса бөлісе отырыңыз, пікір қалдыру жолына қалдырсаңыз сайтта жарияланады.

Менің жұмыстағы бір күнім! Менің жұмыстағы бір күнім!
Өмірде неше түрлі қызықты және келеңсіз жағдайлар болып тұрады. Соның бірі кеше менің өмірімде де болды. Мен үйде ұзақ отырып қалдым да жақында
Адам денесінен шығатын иіс туралы Адам денесінен шығатын иіс туралы
Денесінен иіс шықпайтын адам жоқ. Мұны ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген. Әрбір адамның өзіне тән иісі болады екен. Адамдар бір - бірін осы иісі арқылы
Күнделікті дағдыға айналдырар пайдалы әдеттер. Күнделікті дағдыға айналдырар пайдалы әдеттер.
Күн қаншалықты қиын да, қарқынды болғанымен әйтеуір кеш батпай қоймайды. Кешқұрым жұмыстан шаршап келгенде сан саққа жүгірген ойыңызды жинақтау
10 күнде қалпыңды келтіруге көмектесетін 20 кеңес. 10 күнде қалпыңды келтіруге көмектесетін 20 кеңес.
Келбетіңіз жақсы көрінуі үшін ең алдымен темекіні тастау керек, сұйықтық көп ішу қажет. Сонымен бірге ой - санада тек жағымды нәрселер болсын.
Үйді жайлы етіп безендіру. Үйді жайлы етіп безендіру.
Үйдегі жайлы атмосфера өте маңызды. Жайлы тұрғын үйде демалу, жұмыс жасау қолайлы, өзіңді еркін сезіну мен қатар жаныңа жылылық береді. Үйдің жайлы
Иіссуды дұрыс қолданудың 6 құпиясы Иіссуды дұрыс қолданудың 6 құпиясы
Түрлі опа-далаптарды дұрыс пайдалана білудің маңызы қандай зор болса, иіссуды да дұрыс қолдана білудің маңызы сондай зор. Ендеше төмендегі 6 тәсілді
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×