ойын сауық отауы
Адам денесінен шығатын иіс туралы
22.07.2019 6 032 0 Дауыл

Адам денесінен шығатын иіс туралы

Денсаулық
Адам денесінен шығатын иіс туралы
Денесінен иіс шықпайтын адам жоқ. Мұны ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген. Әрбір адамның өзіне тән иісі болады екен. Адамдар бір - бірін осы иісі арқылы түйсігімен сезеді, оған деген қарым - қатынасы да сол арқылы қалыптасады. Яғни мәселе сол иістің қалай шығуына байланысты.

Адам тыныс алған кезде мұрын арқылы одорантты (иіс шығарғыш зат) сезеді. Иіс мұрын қуысына түскесін сенсорлық нейрондармен (иіс сезу рецепторлары) әрекеттеседі. Сенсорлар иіс туралы ақпаратты қабылдап, кодтайды да, мидағы эмоциялық орталыққа береді. Ол иіс дабылын қабылдап алады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Содан ол мидың арнайы бір бөлімінде сақталады. Түрлі иістер мен эмоциялық күй арасындағы қатынас осылай сақталады. Бағзы замандардағы бабаларымыз сияқты біз де адамды иісіне қарап таңдаймыз, бірақ бұл саналы түрде емес, түйсік деңгейінде іске асады. Осыған байланысты кей адамдарды себепсізден себепсіз ұнатпауымыз, тіпті қарадан - қарап жек көруіміз мүмкін.

♦ Кей адамдардан тердің иісі шығады деп жатамыз. Ал шындығында иіс теріден шықпайды екен. Терге күлімсі иіс беретін – адам терісіндегі бактериялар, микро¬организмдер. Адам денесінен жағымсыз иіс шығуы осы бактериялардың, микроорганизмдердің түрлеріне байланысты. Ағзаға көп салмақ түскенде, күн ыстықта денеден тер бөлінуі жиілейді, ал әлгіндей нәрселер оның иісін күшейте түседі.

♦ Терідегі барлық микроорганизмдер бірдей жағымсыз иіс бөле бермейді. Тек кейбір бактериялар ғана аса иіс бөлгіш. Қысқасы, жағымсыз иіс көп терлейін адамға емес, терісінде иіс бөлгіш бактерия көп адамға тән.
Негізінен жағымсыз иісті жою үшін душқа түсіп, киім ауыстыру жеткілікті. Дегенмен кей адамдарға иісті жоятын арнайы заттар қажет болады. Тіпті кейде тер иісі ондай заттардың иісін де басып кетеді. Мұндайда оның себебін анықтауға күш салу керек. Ол инфекциядан, ауру себебінен, жүйке және эндокриндік жүйе, ас қорыту жолдарының қалыпсыздығынан болуы мүмкін.

♦ Денеден, ауыздан жағымсыз иіс шығуы адамның жеген тағамынада байланысты. Мысалы, сарымсақ жегенде, оның иісі ұзаққа дейін сақталады. Себебі оның құрамында күкірт қосылыстары бар. Сарымсақ асқазанға, сосын ас қорыту жолына түседі де, қорытыла бастайды. Оның жартысын бактериялар жейді, ал бір бөлігі асқазан, тамыр қабырғалары арқылы қанға араласады да, біраз бөлігі тыныс жолдарына тап болады. Осындай себеппен иіс бөлгіш азықтың иістері теріден, терден, тіпті зәрден де шығады. Бір есте сақтар жай, жасымықты (клетчатка) бүтін дән, балғын көкөніс, жеміс - жидек, соя, жаңғақ жеген адамның денесінен жағымсыз иіс шығып тұратын болады.

♦ Жалпы, тер бөлінуінің өзі адам ағзасы үшін пайдалы нәрсе. Соның көмегімен дене температурасы қалыпты жағдайда ұсталады. Бір дән түйіріндей тердің өзі 1 литр қанды жарты градусқа дейін салқындата алады. Тер бездерінің көмегімен ағзадан токсиндер, ылғал, тағы басқа артық заттар сыртқа шығарылады.

♦ Дегенмен кейде тердің тым көп бөлінетіні бар. Оған қарсы түймедақ, сәлбен (шалфей), емен қабығы сияқты табиғи заттардың қайнатындысына аз ғана ас содасын, ал емен қабығынікіне лимон шырынын қосуға болады. Бұл қайнатындымен тер көп бөлініп, иіс шығатын жерлерді күніне бірнеше мірте сүртеді.

♦ Ал дезодоранттар иісті жояды, бірақ тер бөлінуіне кедергі емес. Оның құрамында терідегі микроорганизмдерді өлтіретін, сыртқа хош иіс бөлетін заттар бар. Ал антидепрессанттар тер бездерін бекітеді. Өйткені құрамында алюминий хлоргидраты бар. Дегенмен жиі қолданса оның бүйрек жұмысын бүлдіріп, онкологиялық ауруларға себеп болатынын кейінгі кездері ғалымдар дәлелдеп отыр. Сондықтан оларды сирек, кейбір жағдайларда ғана қолдануға кеңес беріледі.
Адамдарда жиі кездесетін геметоз, яғни ауыздан жағымсыз иіс шығуы ауыз қуысында тіршілік ететін анаэробты бактериялардан бөлінген қалдықтардан туындайды.

♦ Сарымсақ пен түрлі дәмдеуіштер иісін оларды қолдануды доғару арқылы жоюға болады. Бір - екі күнде - ақ проблема шешіледі. Ал көп уақыт бойы жойылмайтын иістің себебі көбіне тіс пен тілге орныққан бактериялар мен ас қалдықтары қабаттаса орнығып алатын жер. Тілдегі қақ пен тістегі тасты жоймаса, ол жерге бактариялар үймелеп, жайсыз иісті еселеп шығаратын болады.
Кейде ауыздан шығатын иіс созылмалы гастриттің, синуситтің, аденоид, тонзиллит, мұрындағы полиптің себебінен де болады.

♦ Ағзадан бөлінетін газ иісі де көптеген жайлардан хабар береді. Аса ауыр иістер ақуыздың дұрыс сіңірілмеуінен деп біліңіз. Ал көмірсулармен қосыла келе олар асқазанда ашып - бықыруды туындатады. Іші жиі желденетін адамдарға нанды, тәттіні көп жеуге болмайды. Сондай - ақ ақуыз бен көмірсуды бөлек қабылдау қажет. Ақуызды тағамдардан балық, құс етін жеген жақсы, олар жеңіл сіңіріледі. Ас құрамында балғын жасымық бар көкөністер жеген дұрыс, олар ішек жолындағы ашып - бықыруды бейтараптандырады, шірік микрофорасының белсенділігін төмендетеді.
Б. РЫСҚҰЛ.
«Ауырмаңыз!» газетінен алынды.

Жұптардың қарым-қатынасын құртатын 5 нәрсе Жұптардың қарым-қатынасын құртатын 5 нәрсе
Көптеген адамдар үйлесімді және бақытты өмір сүру үшін өзара жағымды қарым - қатынас орнатудың кейбір тәртібін ұстанбайды.
Стресстен арылу жаттығулары Стресстен арылу жаттығулары
Тыныс алу жаттығуы. Мұрын арқылы жай тыныс алыңыз да, аздап ұстап тұрып жіберіңіз. Әр дем шығарып жатып, стресстен айығып жатырмын деп ойлаңыз.
Facebook суицидке бейім адамдарды анықтай бастады Facebook суицидке бейім адамдарды анықтай бастады
ҚазАқпарат - Facebook әлеуметтік желісі өзіне өзі қол салуға бейім адамдарды жасанды ақыл - ой арқылы анықтайтын болады, деп хабарлайды Риа Новости
Шабыт қалай пайда болады? Шабыт қалай пайда болады?
Кейде адамның көңіл - күйі болмай тұруына байланысты немесе сәтсіздікке тап болған жағдайда, тіпті болмаса жалқаулықтың әсерінен адамның қолы іске
Есте сақтау қабілетін нығайту Есте сақтау қабілетін нығайту
Жалпы, «ес» немесе «жад» - дегеніміз – адамның күнбе-күн алған әртүрлі мәліметтерін сақтайтын қоймасы деп атауға болады.
Ата - аналар балаларының оқу үлгерімін смартфон арқылы бақылай алады Ата - аналар балаларының оқу үлгерімін смартфон
Жаңа оқу жылынан бастап ата - аналар балаларының оқу үлгерімін смартфондар немесе планшеттер арқылы электрондық түрде бақылай алады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×