ойын сауық отауы
10 күнде қалпыңды келтіруге көмектесетін 20 кеңес.
15.12.2022 2 551 0 Дауыл

10 күнде қалпыңды келтіруге көмектесетін 20 кеңес.

Бұл қызықты / Жалпы кеңес
10 күнде қалпыңды келтіруге көмектесетін 20 кеңес.

Мұндағы қарапайым ережелер өзіңізді қалыпқа келтіруге көмектеседі, сондай-ақ нәтиже дереу көрінеді.

Келбетіңіз жақсы көрінуі үшін ең алдымен темекіні тастау керек, сұйықтық көп ішу қажет. Сонымен бірге ой-санада жағымды нәрселер болсын.

1. Тіс дәрігеріне барып тісіңізді тексертіңіз, емдетіңіз. Бүлінген тіс болмаса да тазалау жасатыңыз.
2. Тісті азанда кешке ғана жумай, әр тамақ ішкеннен соң шайып отырған жөн. Тіс щеткасымен әр ысыған сайын тіс тасын кетіресіз, сонда ауыздан шығатын жағымсыз иістен айығасыз.

3. Ешқандай ішімдік сусындар ішуге болмайды. Ішімдік ішетін адамдардың көз алды ісініп тұратыны белгілі. Бұл ережені 10 күн бойы ұстансаңыз көздің алды қарайып, ісініп тұруынан құтыласыз.

4. Тұзды тамақтан бас тарту. Тұз ағзадағы суды бөгейді де көздің алды ісіп, қалталанып тұрады.

5. Күнде 40 минут жаяу жүріңіз, жұмыстан үйге қайтқанда жаяу келуге болады. Егер жүгіретін болсаңыз арнайы жаттығу залында емес таза ауада жүгіру пайдалырақ. Таза ауада серуендеу келбетіңізді жақсартады, күнге аздап күйсеңіз беттегі ұсақ кемшіліктерді жасыруға көмегі тиеді.

6. Егер бет терісінде үнемі проблема болса, бір реттік қағаз сүлгілерін пайдаланыңыз, сүлгі емес. Бет терісінің әжептеуір қалыпқа келгенін байқайсыз.

7. Күніне 7-8 сағат ұйықтаңыз. Ұйқыңыз келмесе де жатыңыз, теледидар немесе телефонға үңілмеңіз. Жоспар құрыңыз, армандаңыз, демалу үшін денеңіз босаңсуына мүмкіндік беріңіз.

8. Дене жаттығуын жасаңыз. Ерінбеңіз, 10 күн жасаймын деп мақсат қойыңыз. Айырмашылықты сезінесіз, жалғастыру, жалғастырмауды өзіңіз шешесіз. Оңай әрі ұнайтын жаттығу түрін таңдаңыз.

9. Жиі тамақтаныңыз. Күнделікті 3-4 мезгіл ішетін тамақты 7 - 8-ге бөліп ішуге тырысыңыз. Сонда тамақтың мөлшері азаяды.

10. Шаштаразға барыңыз, шашыңызды жарасымды үлгіде қидырыңыз.

11. Аяқ - киіміңіздің таза болуын қадағалаңыз. Жылтырап тұруы үшін алдын-ала тазалап қоюды әдетке айналдырған дұрыс.

12. Үйдің барлық бұрышын шаң-тозаңнан тазартыңыз. Үйдің іші таза болса ұйықтау, демалу жағымды әсер береді.

13. Тері сергуі үшін таңертең салқындау душ қабылдаңыз.

14. Көптен бері хабарласпай кеткен достарыңызға телефон соғып, жағдайын біліңіз. Достармен ойнау, қалжыңдасудың пайдасы бар.

15. Жүрісіңізге назар аударыңыз. Кеудені тік ұстауға тырысыңыз немесе арнайы белді қысып тұратын созылмалы жалпақ белбеу (корсет) тағыңыз.

16. Киім шкафыңызды ақтарыңыз, ішінен ең әдемі дегендерін киіңіз. Киілмейтін киімдерді шығарып тастаңыз немесе таратып беріңіз. Оның бос ілініп тұрғанынан гөрі біреудің қажетіне жарағаны жақсы.

17. Әр кеш сайын күлкілі комедия қараңыз, эндорфин дозасы жеткілікті бөлінуі үшін. Күлкі адамды жігерлендіре түседі.

18. Егер денсаулығыңыз жараса моншаға барыңыз.

19. Массаж алыңыз. Иық бұлшықеттерінің жақсы жұмыс атқаруы үшін денені босаңсытатын массаждан гөрі емдік массаж алған дұрыс.

20. 10 күн бойы теледидар қарамаңыз, тек комедиялық фильм ғана көрсеңіз жеткілікті.

Дайындаған: Асыл

Қышаны емге қолдану жолдары Қышаны емге қолдану жолдары
Қышаны (горчица) тағамның дәмін келтіруге, тәбет ашу үшін қолданатыны белгілі. Сондай - ақ ол халық медицинасында да кеңінен қолданылады.
Бүйректегі құмды қууға көмектеседі Бүйректегі құмды қууға көмектеседі
Бүйректегі құмды халықтық ем тәсілдерімен шайып кетіруге болады. Ол үшін алдымен ультрадыбыстық зерттеуден өтіп, бүйректе тастың бар - жоғына көз
Күнделікті дағдыға айналдырар пайдалы әдеттер. Күнделікті дағдыға айналдырар пайдалы әдеттер.
Күн қаншалықты қиын да, қарқынды болғанымен әйтеуір кеш батпай қоймайды. Кешқұрым жұмыстан шаршап келгенде сан саққа жүгірген ойыңызды жинақтау
Ауыз қуысы мен тісті күтудің қарапайым тәсілі. Ауыз қуысы мен тісті күтудің қарапайым тәсілі.
Бұл тәсіл тісті ағартуда, тісті тастардан тазартуда, қызыл иектің ауруы кезінде, ауыз қуысына шығатын жағымсыз иіспен күресуде өте тиімді әсер береді.
Моншада ескеретін кейбір ережелер Моншада ескеретін кейбір ережелер
Моншаға барарда өзіңмен бірге қандай заттар алып бару керек?
Аяқтан шығатын жағымсыз иістен арылу Аяқтан шығатын жағымсыз иістен арылу
Аяқтан шығатын жағымсыз иісті бактериялар туғызады, Бактерияның жылы әрі ылғалды ортада белсенділігі артады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×