ойын сауық отауы
Мойын остеохондрозына пайдалы массаж
17.06.2019 4 740 0 Дауыл

Мойын остеохондрозына пайдалы массаж

Денсаулық

Май мен тұз
Оны мойындағы остеохондрозға қолданыңыз
Остеохондроздың азабын қазір ересектер түгілі, орта жастағы адамдар да біледі. Миға жеткілікті түрде оттегі баруын тежеп, салдары қан қысымы, көздің қарауытуы, бас айналуы, тіпті қолдың ұйып қала беруіне дейін жеткізетін оны өзіңіз де емдей аласыз. Емі мынадай:
Тазартылмаған өсімдік майы (оның өткірлеу иісі болады) мен өте ұсақ теңіз тұзы керек. Он ас қасық тұзға 20 ас қасық майды құйып, біркелкі болғанша араластырады. Тұздың толық еріп кетуін қадағалаңыз. Оны күнде араластыра отырып, 3 күн салқындау қараңғы жерге қоясыз. Ақшылтым түсті біркелкі қою ботқаға айналуы керек. Осы майды желкеңізге жағып, сәл батыра, тері қызғанша уқалай отырып массаж жасайды. Бірінші күні 2 - 3 минут уқаласаңыз жеткілікті. Денеде суық болған жағдайда май бірден сіңіп кетеді. Екінші күні 4 - 5 минут уқалайсыз. Осылай әр күні май мөлшері мен массаж уақытын ұзарта отырып, соңғы күндері 20 минуттан массаж жасайды.
Май денеге сіңгеннен кейін қалғанын жылы суға малынған дәкемен сүртіп тастайсыз. Тұз түйіршіктері ірілеу болса тері жараланып, аздап ашуы мүмкін. Бірақ ем курсының соңына қарай тері тез қалпына келеді, ашығаны басылуы тиіс. 8 – 10 күннен кейін ұйқыңыз бұрынғыдан жайлы, көру қабілеті жақсарған, ойыңыз сергек тартқанын байқайсыз.
Май мен теңіз тұзы аралас массаждың көмегімен мойын омыртқасы айналасындағы бұлшық еттерде қан айналымы, зат алмасуы жақсарады. Сезімтал адамдарда қан айналымы реттелгенде алғашқы күндері бас айналғандай сезім болуы мүмкін. Одан қорықпаңыз.
Бұл ем мойын тұсындағы остеохондрозға арналған.
Ержан ҚУАНЫШБАЕВ.
Алматы қаласы.
«Ауырмаңыз!» газетінен алынды.

Ағзаны тазартудың түрлі тәсілдері Ағзаны тазартудың түрлі тәсілдері
Адам ағзасы машина секілді: бірқалыпты жұмыс істеуі уақыт өте баяулайды, жас ұлғая сыр бере бастайды. Бұл кезде ағзаның жұмыс істеу күшін бастапқы
Жалаң аяқ жүрудің орны бөлек Жалаң аяқ жүрудің орны бөлек
Аяғыңыз бен табандарыңызға массаж жасаңыз және мұны күнделікті әдетке айналдырыңыз.
Алма қосылған аджика Алма қосылған аджика
Көкөністердің бәрін жуып тазалап алу керек. Барлық көкөністерден езбе дайындау қажет (сөл сыққыш құрал немесе еттартқыш пайдалану). Езілген
Қолыңыз әдемі болсын десеңіз, күтім жасаңыз Қолыңыз әдемі болсын десеңіз, күтім жасаңыз
Қолыңыз әдемі болсын десеңіз, күтім жасаңыз Әрбір саусаққа аздап массаж жасау керек. Алақанға крем жағудың қажеті жоқ.
Тері күтімі үшін сынақтан өткен пайдалы маска түрлері Тері күтімі үшін сынақтан өткен пайдалы маска
Көптеген қыз - келіншектер, бет терісіне үйде күтім жасау бос әурешілік деп есептейді. Бет терісіне күтімі үшін сұлулық салондарына барып қыруар ақша
Шашты дұрыс күту Шашты дұрыс күту
8 ас қасық жөке гүліне 0,5 л. Су құйып, 20 минуттай қайнатады. Алынған нәрмен басты бір ай бойы жуса, шаштың түсуі тақтайды. Ошаған түбірін майдалап
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×