ойын сауық отауы
Жалаң аяқ жүрудің орны бөлек
16.05.2019 3 717 0 Дауыл

Жалаң аяқ жүрудің орны бөлек

Денсаулық
Жалаң аяқ жүрудің орны бөлек
Міндетті түрде жалаң аяқ жүру керек! Әрине, көшеде бұлай жүре алмасыңыз анық, ал үйде оған толық мүмкіндік бар. Егер еден суық болса, тым болмаса 10 минут жалаң аяқ жүріңіз. Күніне үш рет осылай жүруге табандылығыңыз жетсе, онда сізді құттықтауға болады. Себебі сіздің өміріңіз ұзарады, ағзаңыз қартаймайды.

Міндетті түрде аяқтың ұшымен, өкшемен, сондай - ақ табанның ішкі және сыртқы жағымен жүру керек. Бұл бұлшық еттер мен аяқ сүйектерін нығайтады, қан айналымын күшейтеді, яғни ішкі ағзалардың жұмысын жақсартады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Және бұл өте оңай, тек жалқаулық ғана кедергі болуы мүмкін.

Аяғыңыз бен табандарыңызға массаж жасаңыз және мұны күнделікті әдетке айналдырыңыз. Оны резеңке балғамен немесе бос пластмасса бөтелкенің көмегімен жасаған қолайлы. Біраз уақыттан соң денеде жағымды жылу пайда болады, ал ең бастысы – тыныштық сезімге бөленесіз. Бұл қан айналымын арттырады, аяқты, бүкіл денені тынықтырудың өте тиімді амалы.

Көру қабілетінде өзгеріс бар адамдар күніне бірнеше рет, әр 5 минут сайын аяқтағы екінші және үшінші башпайдың бойын ағаш таяқпен соғу арқылы жеңіл массаж жасауы қажет. Онда көзбен рефлекторлық байланысты аймақтар орналасқан. Қытай дәрігерлері әлі күнге дейін табанның жоғарғы жағында орналасқан юн - цюаиъ деген ерекше нүктеге массаж жасап, сүрту қажеттігін айтады. Оның көзге елеулі әсері бар.

Табан «күмбезінің» ортасында – саусақтардың артында да ерекше нүкте бар. Бұл массажды құрғақ әдіспен орындауға болады, яғни 20 рет осы нүктені үзіліссіз, салмақ салмай, екі аяқты кезек - кезек жерге алдын - ала қойылған шағын ғана пластмасс допқа немесе басқалай затқа табанды тірей басасыз.

Денсаулыққа оң әсер ететін массажды ылғал түрде жасауға да болады. Ол үшін тегешке (ваннаға) 38 С жылылықта су құйып, аяқтарыңызды саласыз. Терінің қызарғанынша күтіп, кейін юн - цюанъ нүктесін 80 рет үздіксіз массаждық қимылмен басыңыз. Одан да жақсы әсерге қол жеткізгіңіз келсе, осы процесстен кейін табандарыңызды 3 - 5 минут көлемінде қолмен уқалаңыз.

Таңертең ұйқыдан тұрғанда табаныңызды баса алмай тұрсаңыз, ол – артрозға шалдыққаныңыздың белгісі. Әлбетте, ревматологқа, ортопедке қаралып, кеңесін алғаныңыз дұрыс болады. Бірақ мына бір әдісті де қолданып көріңіз: табаныңызды кез - келген артрозға қарсы жақпа майлармен (ортофен, ибупрофен, диклофенак) сылап тастаңыз.

Аяқтарымызға ыстық және суық суды кезекпен немесе қарама - қарсы бағытта құю да пайдалы. Бұл тонусты арттырып, қан айналымын жақсартады және қарттықты да «ары қарай итереді».
Және, әрине, көп қозғалу керек, көп жүру керек. Өмірдің мәні қозғалыста!
Ақнұр АСЫЛБЕК.
«Ауырмаңыз!» газетінен алынды.

Әйеліңіздің мінезі сіздің оған деген қарым - қатынасыңызға тікелей қатысты Әйеліңіздің мінезі сіздің оған деген қарым -
Сізді ренжіткен адамдарды кешіріңіз. Ал ренжіген адамдарға барыңыз. Жамандық жасаған жандарға жақсылық жасаңыз. Сонда арыңыздың алдында таза боласыз.
Халық емі : Дәрісіз ем Халық емі : Дәрісіз ем
Аяқ табандарында бүкіл ағзаның дұрыс жұмыс жасауына жауап беретін негізгі нүктелер орналасқан. Табанды уқалау бүкіл ағзадағы қан айналымын жақсартады.
Шиенің шипасын білесіз бе? Шиенің шипасын білесіз бе?
Күнде таңертең 17 дана шиенің сүйегінен тазартып, бір стаканға езіп ашқарынға ішу иммунитетті көтереді.
Автокөлікті қысқа дайындау Автокөлікті қысқа дайындау
Қыс - қиын жол жағдайларымен ерекшеленетін жылдың қатал мезгілі. Жолда штаттан тыс жағдайларды болдырмау үшін, автокөлікті қысқа дайындауға мұқият
Суда жүзудің пайдасы Суда жүзудің пайдасы
Шынығудың ең тиімді құралы – ауа, күннің көзі және су екенін ғалымдар үнемі айтып келеді. Қай спорт түрін алсаңыз да, әрқайсысының адам денсаулығына
Жалаң аяқ қыз Жалаң аяқ қыз
Төпеп тұрған нөсерге қарамай - ақ, Бір қыз кетіп барады жалаң аяқ. Жалтыраған әдемі топылиын, Кім біледі, жауыннан барады аяп.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×