ойын сауық отауы
Шабыт қалай пайда болады?
24.12.2016 8 947 0 Дауыл

Шабыт қалай пайда болады?

Бұл қызықты
Шабыт қалай пайда болады?

Кейде адамның көңіл - күйі болмай тұруына байланысты немесе сәтсіздікке тап болған жағдайда, тіпті болмаса жалқаулықтың әсерінен адамның қолы іске бармайды. Міне, осындай кезде, шабытыңды қалай оятуға болады, - деген қарапайым сұрақ туындайды?
Адамның жұмысқа деген шабытын оятатын күш-жігер қайдан келеді, осы туралы біраз ойланып көрейік?! Кез келген бір жұмысты бастамас бұрын, өзіңді ынталандырудың кейбір тәсілдерін білу маңызды.
Сонымен адамды алға қалай талпындыру яғни шабытын оятудың тәсілдері:

Шабыт оянуы үшін:
- не қалайтыныңды анық білу керек.
- оған қол жеткізетініңе сенімді болу керек.
- мұны міндетті түрде жасау керек екенін түсіну керек.


Егер осы аталған элементтердің бірі адам бойында әлсіреген жағдайда шабыт төмендейді.

«Менің қалауым не?» Алдымен осыған түсінік беріп көрейік.
Менің қалауым дегеніміз – анық бейне, сезіну, көздеген мақсат, сонымен қоса қуану, қызығушылық, махаббат.

Мысалы, менің қалауым – өзімнің жеке мейрамханамды ашқым келеді,- дейін. Онда, мен сол туралы жан - жақты ойластырамын. Қай қаладан ашамын, қай көшеде болады, ішкі көрінісі қандай болады, тіпті үстел үстіне жабылған дастарханның түсі қандай болады, қандай әуен ойнайды, ондағы даяшылардың киім үлгісі қандай болады, қандай тағам ұсынылады, қанша пайда әкеледі?. Мен осының барлығын ойша көз алдыма елестетемін. Сондай - ақ, мен ішкі түйсігімді де тыңдаймын, бұл шынымен менің қалауым ба?
Адам бір іс бастауды қалайды, бірақ нақты не екенін өзі білмейді. Не қалайтыныңызды анық білмесеңіз, тілегіңіз орындалуы мүмкін емес. Ой жүзеге асуы үшін «мен қалаймын» деген сөзбен қоса, не қалайтыныңды анықтап алу және көз алдыңа елестетуі өте қажет екен, сонда арманың шындыққа айналуы мүмкін.

«Мен жасай аламын»
Мен жасай аламын дейтін адам – өз күшіне сенеді, өзін жеке тұлға ретінде сезінеді, өзін құрметтейді, өз кемшілігін қабылдай біледі. Ол адам көздеген мақсатын іске асыруға қажетті мәлімет пен қаржысы болмаса да, ол олқылықтың орнын толтыру үшін білімін жетілдіріп, қаржыландыру көздерін табуға дайын. Ол үшін бір ғана тәсіл жеткіліксіз, қанша қажет болса, сонша тәсілін ойлап табуға қабілетті.
Мен жасай аламын дейтін адамның тағы бір қыры – шешім қабылдауда икемділік, кей кезде бәрі сіз жоспарлағандай бола бермейді, оған түсіністікпен қарау, түрлі қиындық туындаған кезде тактиканы өзгертуге дайын болу.

«Мен жасауға тиістімін»
Мен жасауға тиістімін деген сөзді «парызым» деп білу қажет.
Адамның өзінің алдындағы ең басты және жалғыз парызы – ойға алған істі соңына дейін жеткізу.
Адам барлығын жақсылап тыңдайды бірақ, баяу ғана шыққан ішкі дауыс – өз жүрегінің үнін тыңдамайды. Сондықтан алдымен ішкі дауысқа құлақ асқан жөн. Сіз ойыңызға алған істі шыныменен қалайсыз ба? Оны орындауға шамаңыз жететініне сенімдісіз бе? Онда іске сәт, кірісіңіз!

Сонымен қорытындылай келе менің ойымша, шабыт дегеніміз – «мен қалаймын», «мен жасай аламын», «мен жасауға тиістімін» - деген үш қасиеттің үйлесуі. Егер адам бойында осы аталған қасиеттер сәйкес келсе, шабыты оянады.

Дайындаған: Жадыра

Сіз менімен келісесіз бе? Пікір қалдырыңыз.

Ұжымда ұялшақтыққа жол жоқ Ұжымда ұялшақтыққа жол жоқ
Кейде: «Қарапайымдылық адамды әдемі етеді» - дейді. Бірақ бұл қасиеттің жұмыста пайдасы бар ма? Өз орнын білу мен менмендік қасиет екеуі бір нәрсе
Ақшаны қалай жинауға болады? Қарапайым кеңестер. Ақшаны қалай жинауға болады? Қарапайым кеңестер.
Ақшаны қалай жинауды үйрену – көпшіліктің арманы, алайда қолдан келе бермейтін іс екені аян. «Ертеңге» қалдырудың сан алуан сылтаулары бар, тіпті
Сынды қалай қабылдайсыз? Сынды қалай қабылдайсыз?
Сіздің атыңызға айтылған теріс пікірді естіген жағдайда алдымен сабырлық танытыңыз. Ол адамның сізді ренжітейін деген жаман ойы болмаған шығар. Сабыр
Ұялшақтықтан қалай арылуға болады? Ұялшақтықтан қалай арылуға болады?
Ұялшақтық – адам бойындағы шамадан тыс ыңғайсыздану, тартыншақтау, жасқану секілді қылықтарының арқасында, айналасымен қарым-қатынас іс жүзінде
Өзіңді жақсы көру және бағалай білудің қарапайым және тиімді тәсілдері Өзіңді жақсы көру және бағалай білудің қарапайым
Адам өзін бағалай білмесе, өз мүмкіндіктері мен бойындағы күшке және тартымдылығына деген сенімсіздік пайда болады. Бұл мәселе адам өмірін қияндатады.
Адам өзін бақытты сезіну үшін...? Адам өзін бақытты сезіну үшін...?
Сонымен адамның бақыты өз қолында дегенге сенесіз бе?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×