ойын сауық отауы
Қатты қайғыру және өте қатты қуану адамға зиянды
01.11.2019 2 900 0 Admin

Қатты қайғыру және өте қатты қуану адамға зиянды

Денсаулық
Қатты қайғыру және өте қатты қуану адамға зиянды.
Біздер біле бермейтін, кейде елемей қоя салатын нәрселер көп. Денсаулық пен өмірімізге қатысты осындай өте керекті бір мәліметті «Іslamdіnі. kz» сайты жариялаған екен. Онда әрбір адамға керекті керемет кеңестер бар екен. Біз оны көпшілік назарына ұсынбақпыз.
Кәрі бір ғалымнан ұзақ өмір сүруінің сырын сұраған кезде, ол: «Біз екі күнде үш рет тамақ жейміз. Тағамдарды жақсылап пісіреміз, жақсылап шайнап болмағанша жұтпаймыз, қарын ашпай тұрып ештеңе жемейміз, дастарханнан тәбетіміз әлі бар кезде тұрамыз. Таңғы асты ерте жейміз, кешкі асты кеш жейміз, тоқ қарынға ұйықтамаймыз», – деген екен.
Хадис шәрифте: «Адамның жүрегі егістіктегі егін сияқты. Ал тамақ жаңбыр сияқты. Шамадан артық су егінді шіріткені сияқты, көп тамақ жеу де жүректі өлтіреді», – делінген. Көп тамақ жеу – аурулардың басы, мөлшерімен аз тамақтану – шипаның көзі.
Асқазанның үште бірін тамаққа, үште бірін сусындарға арнау керек. Қалған үште бірі ауаның үлесі.
Күндіз тамақтанғаннан кейін біраз ұйықтап алған жақсы. Ал кешкі астан кейін аз болса да серуендеу керек. Арабтарда: «Таңғы астан кейін жатып мызғып ал, кешкі астан кейін серуенде» деген сөз бар.
Кешкі асты тәрк ету қартаюға себеп болады. Ал таңғы асты ішкен адам қарапайым және салмақты болады, сонымен қатар әр нәрсеге көңілі ауып кете бермейді.
Моншадан шыққан кезде, ұйқыдан жаңа оянғанда, жимадан (жыныстық қатынастан) кейін және терлеп тұрған кезде су ішпеу керек. Аш қарынға су ішуге болмайды, оны ақырындап, асықпай ішу керек. Ауыз толтырып, судың барлығын бір жұтыммен ішу де зиян. Тыныс алғанда демді суға емес, стаканның сыртына шығару керек.
Медицина тұрғысынан зиянды болған нәрсеге діни тұрғыда да тыйым салынған. Қыстыгүні суықта қалып жаурау, жаздыгүні күн астында ұзақ қалып ауруға шалдығу – күнә. Күннің ыстық сәулесі астында қалудың әсіресе көздің саулығына қауіпті екені белгілі, ол қатерлі ісікке себеп болады, өйткені ультракүлгін сәулелер озон қабатынан сүзілмей келеді.
Қатты қайғыру және өте қатты қуану адамға зиянды, қанды қоюлатуы мүмкін.
Ауруға себеп болатын мына нәрселерден сақтану қажет: түнде – аз, күндіз көп ұйықтау, тоқ қарынға тамақ жеу, дәретхана қажеттілігі туындағанда зәрді ұстау және жиі - жиі жыныстық қатынасқа түсу.
Дәретті қысып ұзақ ұстамау керек. Дәретхана қажеттілігі туындаған кезде дереу бару ләзім. Өзен ағысын бекіткен кезде жиналған су айналаны қалай бұзатын болса, зәрді ұстап жүру де ағзаны бұзады.
Әһли хикмет ғұлама былай деген: «Денсаулық және ұзақ өмір сүру үшін жұбайыңа қажеттілік кездерінде ғана жақында. Жыныстық қатынастың көп болуы денеге, аз болуы рухқа зиянын тигізеді. Айына бір рет ішті өткізетін нәрсе қабылда, жылына бір рет қан алдыр».
Ет пен бал жеу, әдемі иістер себіну, жиі жуыну, жұмсақ матадан әдемі киімдер кию денені қуаттандырады. Сүрме жағу, жасыл түске, ағын суға және халал болған әдемі, сұлу адамның жүзіне қарау көзді нұрландырады. Ал өп ойлану, өте қышқыл нәрселер жеу, аш қарынға көп су ішу денені әлсіретеді.
Денімізге де, дінімізге де сай келетін бұл амалдарды кім - кімніңде біле жүргені жөн.

Өмірге қажетті кеңестер Өмірге қажетті кеңестер
Денсаулық: 1. Көп су ішіңіз. 2. Таңғы асыңызды патшадай, түскі асыңызды ханзада сияқты, ал кешкі асыңызды «тіленшідей» ішіңіз. 3. Табиғат өнімдерін
Ораза ұстаған адамға ауызашар бергеннің күнәсі кешіріледі... Ораза ұстаған адамға ауызашар бергеннің күнәсі
Ауызашар беру – сауапты іс. Аузы берікті ауызашарға шақырсаңыз, ораза ұстаған адамның алатын сауабын сіз де аласыз. Аузы беріктің сауабынан да еш
Ас - тағамға қатысты ырым - тыйымдар Ас - тағамға қатысты ырым - тыйымдар
Ас – адамның арқауы, Жаман ауруға – жақсы ас, Ас қадірін білмеген аштан өледі. Қазақтың ұлттық дастарқанында ертеде пайдаланылған ырым сөздері көп.
Өмір маған... Өмір маған...
Өмір маған кейде тау сияқты, Шыңына шыққым келеді.
Жау, жаңбыр Жау, жаңбыр
Аяқ асты түнеріп, Туған жердің аспаны, (Көптен күтіп жүр едік), Жауын жауа бастады.
Дұрыс тамақтану принциптері Дұрыс тамақтану принциптері
Бұл мақалада біз салауатты тамақтану туралы айтатын боламыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×