ойын сауық отауы
Халық емі: Бронхит
15.10.2020 4 215 0 Admin

Халық емі: Бронхит

Денсаулық
Халық емі
Бронхит
Шағын шыны шәйнекке 400 грамм суды қайнатып, үстіне 1 ас қасық бал араластырыңыз. Одан кейін шәйнектің шүмегіне түтік кигізіп, бал араласқан су буын жұту пайдалы. Әр жолы 15 - 20 минутқа созылған ем барысында судың салқындап қалмауын, сондай - ақ қатты ыстық болып, тамақты күйдірмеуін де қадағалау керек. Емді 20 күнге дейін жалғастыра беруге болады, бірақ одан кейін тамақты жылы ұстау керек.
Демікпе кезіндегі халық емінің бір түрі – ит майы. Майды суға қайнатып, сорпаның бетінен қалқып алады. Кешке жатарда кеудені, қос жауырынның жоғарғы жағын лампамен қыздырып отырып жағады. Қолқа тұсын майлап, сыртынан шамалап қыздырса жақсы нәтиже береді. Иттің майын ішкеннен гөрі осы ем түрі тәуір нәтиже береді.
Жарты килограмм сәбізді тазалап жуып, суға салып, езілгенше қайнатады. Үстіне 100 грамм бал қосып араластырады. Күніне 2 рет ас алдында шай қасықпен таусылғанша жеу керек.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Сода қосылған су аяққа да, ағзаға да сергектік сылайды Сода қосылған су аяққа да, ағзаға да сергектік
Шаруа кісінің ісі ерте көктемнен қоңыр күз аяқталып, қыс түскенге дейін жалғасатыны сөзсіз. Белін бүгіп, аяғымен тік тұрып, жұмыс жасағанда, әсіресе,
Халық емі: Пайдалы тұнба Халық емі: Пайдалы тұнба
Елу жастан кейінгі бір адамның қолы мен аяғының саусақтары ұйып қала беретін еді. Түрлі тексеруден өтті, ем алды. Бірақ біраз уақыттан кейін ауру
Халық емі: Өт жолдарын емдеу Халық емі: Өт жолдарын емдеу
Балды емделуге қолдану. Балды, әсіресе, бауыры және өт жолы ауыратын адамдар көбірек пайдаланады. Оны белгілі бір мөлшерде ақ ірімшікке (творог),
Мұны өзіңіз жасай аласыз. Мұны өзіңіз жасай аласыз.
Ревматизм асқынған кезде көктемде немесе күзде қазылған ошаған тамырынан 15 грамын 300 грамм суға 7 минут қайнатып, бұқтырады.
Картоп езбесі қосылған нан Картоп езбесі қосылған нан
Үлкендеу табаққа жылы сүтті құйыңыз үстіне картоп езбесін салып араластырыңыз.
Шашты дұрыс күту Шашты дұрыс күту
8 ас қасық жөке гүліне 0,5 л. Су құйып, 20 минуттай қайнатады. Алынған нәрмен басты бір ай бойы жуса, шаштың түсуі тақтайды. Ошаған түбірін майдалап
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×