ойын сауық отауы
Сода қосылған су аяққа да, ағзаға да сергектік сылайды
23.01.2021 3 638 0 Admin

Сода қосылған су аяққа да, ағзаға да сергектік сылайды

Денсаулық
Халық емі
Сода қосылған су аяққа да, ағзаға да сергектік сылайды.
Шаруа кісінің ісі ерте көктемнен қоңыр күз аяқталып, қыс түскенге дейін жалғасатыны сөзсіз. Белін бүгіп, аяғымен тік тұрып, жұмыс жасағанда, әсіресе, аяқтың сіңірлері сіресіп қалады. Мұндайда жұмыс арасында аяқтарды демалдырып отырған жөн.
Оның тәсілі мынадай:
Аяқ киімді шешіп, сосын астына қатты нәрсе қойып, жоғары көтеріп жату керек. Бұның өзі аяқ қан тамырларының демалуына жақсы әсер ететіні сөзсіз.
Аяқтарды демалдырудың жақсы жолы – аяқты бөлме температурасындағы суға салып, бір мезет отыру деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Мұндайда ыстық суды пайдалануға болмайды. Әсіресе, аяқта варикоз аурулары барлар үшін қауіпті. Өйткені ыстық су қан тамырларының кеңеюіне әсер етуі мүмкін.
2 стакан жылы суға 2 ас қасық соданы жақсылап араластырып, ерітіп алады да, оны ішінде жылымық суы бар ыдысқа құяды. Үстіне жалбыз тұнбасының бірнеше тамшысын тамызып, аяқты 15 - 20 минут салып отырады. Осы 20 минутта аяқ тынығып, адам кәдімгідей сергіп қалады.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Халық емі: Бронхит Халық емі: Бронхит
Шағын шыны шәйнекке 400 грамм суды қайнатып, үстіне 1 ас қасық бал араластырыңыз. Одан кейін шәйнектің шүмегіне түтік кигізіп, бал араласқан су буын
Чак - чак Чак - чак
Чак - чак рецепті. Ұн – 200 гр Жұмыртқа – 2 бас Тұз – шай қасық ұшымен Сода – шай қасық ұшымен
Картоп езбесі қосылған нан Картоп езбесі қосылған нан
Үлкендеу табаққа жылы сүтті құйыңыз үстіне картоп езбесін салып араластырыңыз.
Сүзбе қосылған бәліш (пирог с творогом) Сүзбе қосылған бәліш (пирог с творогом)
Сүзбені үлкен ыдысқа салып жұмыртқа, шекер, ванилинді салып барлығын жақсылап араластыру керек (блендермен араластырса дұрыс).
Наполеон торты Наполеон торты
Үлкен табаққа сүтті құйыңыз, жұмыртқа, тұз, шекерді салып араластырыңыз да ұнның жартысын салып қасықпен қою болғанша араластырыңыз содан соң соданы
Жұқа құймақша, Блинчики Жұқа құймақша, Блинчики
Шикі сүтті отқа қойып аздап жылытып алыңыз. Жұмыртқаны, шекерді, тұзды, соданы салып бөлек ыдысқа әбден араластырып алыңыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×