ойын сауық отауы
Картоп езбесі қосылған нан
13.12.2016 6 341 0 Дауыл

Картоп езбесі қосылған нан

Ас дайындау
Құрамы:
Сүт – 150 - 200 мл
Ұн – 350 - 400 грамм
Картошка езбесі – 200 гр
Тұз – 1 шай қасық
Шекер – 1 шай қасық
Ашытқы – 1 шай қасық
Сарымсақ – 2 түйір
Сұйық май – 2 ас қасық
Жұмыртқа – 1 бас


Үлкендеу табаққа жылы сүтті құйыңыз үстіне картоп езбесін салып араластырыңыз. Оның үстіне шекер, тұз, ашытқы, сұйық майды құйып жақсылап араластырыңыз да ұнды аздап салып тұрып жұмсақтау қамыр илеңіз. Жылы орап 30 минутқа қалдырыңыз.
Қамыр көтерілгенше сарымсақты қабығынан тазалап майда үккіштен өткізіп 1 шай қасық сұйық май құйып қойып қойыңыз, бұл бізге нан піскен соң бетіне жағу үшін қажет.
Қамырды 3 - 4 бөлікке бөліп қалыңдығын қалауыңызша жасап, бетіне жұмыртқаны жағып, майланған табаның ішіне салып 180 градус қызып тұрған пеште 15 - 20 минут пісіру қажет. Піскен соң нанның бетін сарымсақтан дайындаған маймен майлап қойса дәмді болады.

Бауырсақ Бауырсақ
Үлкендеу табаққа шекерді ашытқыны салып үстіне сүтті жылытып құйыңыз да 10 минтуқа қалдырыңыз.
Қаттама нан Қаттама нан
Ұнды електен өткізіп алыңыз. Жылы суға сұйық май, тұз, шекер, ашытқыны салып жұмсақтау етіп қамыр илеңіз.
Картоп қосылған варениктер Картоп қосылған варениктер
Картопты қайнатып пісіріп алу қажет. Қабығынан тазалап езбе дайындаңыз.
Қуырылған қырыққабатты (капуста) қамырға орап пісіру Қуырылған қырыққабатты (капуста) қамырға орап
Ең алдымен көкөністерді тазалап, тез пісетіндей майдалау етіп турап, табаға май құйып 2-3 минут қуырып отты жай басып 10-15 минут бұқтырып қойыңыз.
Алма қосылған бәліш (пирог) Алма қосылған бәліш (пирог)
Алма пирогы Ең алдымен ұнды елгезермен елеп алыңыз да тоңазытқышта тұрған сары майды майдалап кесіп ұнмен араластырыңыз, жақсылап араластырып алған
Бәліш (пирожки) Бәліш (пирожки)
Сүтті жай отта қойып жылытып алу керек. Жылы сүтке шекер, ашытқы, тұз, сұйық майды құйып араластырыңыз. Ұнды електен өткізіп салып жұмсақ етіп қамыр
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×