ойын сауық отауы
Халық емі: Бас ауырса...
22.10.2021 1 208 0 Admin

Халық емі: Бас ауырса...

Денсаулық
Халық емі: Бас ауырса...
Бас ауруының себебі көп. Мысалы, жақпайтын тамақ ішсе де бас шыдатпай ауырады. Мұндайда асқазанды тазартса жетіп жатыр.
Көзілдіріктің сай келмеуінен де бас ауырады. Бұл жағдайда көз дәрігеріне көрініп, көзілдірікті алмастыру қажет.
Қан аздықтан да бас ауырады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Мұндайда дереу басты орамалмен қатты таңып, тегіс жерде шалқалап жатып, демалыңыз, көңілді орнықтырыңыз. Соңынан кофе немесе шай ішіңіз.
Ой еңбегімен айналысатын жандардың басы көп ауырады. Мұндайда легенге ыстық су құйып, 10 - 15 минут аяғыңызды (толарсаққа дейін) малып отырыңыз.
Бас сақинасы, желкенің тартылуы жүйкенің әлсіздігінен болады. Мұндайда мазасыз ойдан арылып, жақсылап тынығып алу керек. Шай ішкен дұрыс немесе жұмыртқаны шикілей кесеге жарып алып, үстінен қайнаған сүт құйып, әбден араластырады. Әр күні осындай қоспаны аз - аздан ішіп тұрса, жүйке ауруынан біртіндеп арыла алады.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Лимонның сөлі тамақ ауруынан сақтайды Лимонның сөлі тамақ ауруынан сақтайды
Бәз біреудің қызы баспа (ангина) ауруымен жиі ауырады. Бір жасқа толмаған шағында балмұздақ жеп, тамағы қатты суықтағаны бар.
Халық емі: Имунитетті көтерудің төте жолы Халық емі: Имунитетті көтерудің төте жолы
Лимон, зімбір (имбирь), сарымсақты тең мөлшерде алып, еттурағыштан өткізіңіз. Бәрін араластырып, банкаға салып, тоңазытқышта сақтайсыз. Осыны шай
Сода қосылған су аяққа да, ағзаға да сергектік сылайды Сода қосылған су аяққа да, ағзаға да сергектік
Шаруа кісінің ісі ерте көктемнен қоңыр күз аяқталып, қыс түскенге дейін жалғасатыны сөзсіз. Белін бүгіп, аяғымен тік тұрып, жұмыс жасағанда, әсіресе,
Халық емі : Дәрісіз ем Халық емі : Дәрісіз ем
Аяқ табандарында бүкіл ағзаның дұрыс жұмыс жасауына жауап беретін негізгі нүктелер орналасқан. Табанды уқалау бүкіл ағзадағы қан айналымын жақсартады.
Халық емі: Бауыр ауырғанда көмек Халық емі: Бауыр ауырғанда көмек
Бір аурудан емделу үшін ішкен дәріңіз көп жағдайда бауырға кері әсерін тигізіп жатады. Ондайда бауырды қорғаудың қарапайым әдісін қолданыңыз.
Бас ауруы Бас ауруы
Бас ауыруы. Бас ауыруының себептері қандай? Бас ауруы – адамға әртүрлі дәрежедегі ауырсыну әкелетін және көп қолайсыздық тудыратын сырқат. Оған себеп
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×