ойын сауық отауы
... Сорпа – бетке
02.12.2021 1 128 0 Admin

... Сорпа – бетке

Денсаулық
Халық емі
... Сорпа – бетке
Сиыр етінен жасалған сорпаның құрамында метионин амин қышқылы бар. Ол ағзадағы зиянды заттардың шығуын реттейді. Әрі сорпа 20 - 40 минутта қорытылып кететін сіңімді ас.
Көп адам сорпаны диеталық ас деп жатады. Ол рас. Дегенмен сорпа диеталық қана емес, шипалы ас. Ол ішектердің жұмысын жақсартады, сіңімділігіне сай құрамындағы бар пайдалы қасиеттері ішек арқылы ағзаға толық сіңіріледі. Отадан кейінгі әлсіреген адамға тауық сорпасын ұсынудың бір себебі осында. Ыстық күйдегі тауық сорпасы ас қорыту жолының, асқазан мен аш ішектің жұмысын жақсартады. Ол асқазандағы артық қышқылды шығарады. Гастритпен ауыратын адамдар үшін әсіресе тауық сорпасының көмегі зор. Сорпа, сонымен бірге, сүйектердің бітіп кетуін тездетеді. Яғни сорпадағы элементтер сүйек, шеміршек және дәнекер тіндерге және көкбауырдың қызметіне жақсы әсер етеді.
Бар нәрі мен құрамы ағзаға толық сіңетін сорпаны жиі ішетін адамның ағзасы токсиннен таза, сүйектері мығым болады, артық салмақ жинамайды. Мұндай адамның қимыл - қозғалысы да жеңіл, өзі сергек болатыны түсінікті. Ал терісі артық күтімсіз де әдемі, серпімді болып тұрады. «Ет – етке, сорпа – бетке» деген осы шығар...

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Жазда жиірек жалаңаяқ жүрген жақсы Жазда жиірек жалаңаяқ жүрген жақсы
Жаздың әр мезгілінің ағзаға өзіндік әсері бар. Оны дер кезінде әрі дұрыс пайдалансаңыз, денсаулыққа тегін ем алғанмен тең боласыз.
Ағзаны тазартудың түрлі тәсілдері Ағзаны тазартудың түрлі тәсілдері
Адам ағзасы машина секілді: бірқалыпты жұмыс істеуі уақыт өте баяулайды, жас ұлғая сыр бере бастайды. Бұл кезде ағзаның жұмыс істеу күшін бастапқы
Лимонның пайдасы Лимонның пайдасы
Лимонның барлық пайдалы қасиеттері оның ішкі жұмсағында, дәл осы жұмсағында дәрумендер көзі жинақталған.
Жүзім мен тауық етінен жасалған салат Жүзім мен тауық етінен жасалған салат
Оңай салат рецепті. Бұл салатты жасу үшін жаңа піскен жүзім болуы қажет.
Сүт тағамдарының адам ағзасына тигізер пайдасы Сүт тағамдарының адам ағзасына тигізер пайдасы
Сүт өнімдерінде кальций бар, сүйекті, тісті нығайтады, бұлшық еттің қызметін жақсартады, қанның түзілуі үшін қажет, тәннің жұқпалы ауруларға күресін
Нарын - қазақтың сорпасы Нарын - қазақтың сорпасы
Қазақтың сүйіп ішетін бір түрі – нарын. Оңтүстікте кеңінен қолданылатын бұл тағамды кереметтей қызыға жейтіндер көптеп кездеседі. Оңтүстікте деп
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×