ойын сауық отауы
Жазда жиірек жалаңаяқ жүрген жақсы
29.08.2021 762 0 Admin

Жазда жиірек жалаңаяқ жүрген жақсы

Денсаулық
Жаздың әр мезгілінің ағзаға өзіндік әсері бар. Оны дер кезінде әрі дұрыс пайдалансаңыз, денсаулыққа тегін ем алғанмен тең боласыз. Мысалы, жазда күн қатты ысымай тұрған таңғы уақытта, кешке бір ауық серуендеп тұрған жақсы. Ал табиғат аясына шығып тынығуға мүмкіндік туып жатса, онда тіпті де тамаша. Жаз ауасын денсаулыққа тиімді пайдаланып қалу үшін мынадай жайларды есте ұстай жүріңіз:
Күнделікті бір ауық жаяу жүріп тұрыңыз. Тез жүріп, терең демалған дұрыс. Осылайша 10 минут жүргеннің өзі ағзаны көңілдендіріп, қуатын арттырады.
Велосипед айдаған да пайдалы. Таза ауада ағзаға қажетті мөлшерде түскен салмақ қанға оттегінің молынан жетуіне жол ашады, аяқ бұлшық еттерін қуаттандырады.
Бір мезгіл жүгіріп тұрыңыз, ол тыныс алу жүйесінің жұмысын жақсартады, жүректі күшейтеді, стресске ұрынудың алдын алады.
Жазда шөп, құм, тас үстімен жалаңаяқ жүрген де пайдалы. Мұны табанға жасалған нүктелік массаж деп қабылдауға болады, ол өмірлік қуаттың артуына жағдай жасайды.
Таза ауада ашық су көздеріне шомылу, суды кешіп жүру де ағзаны шынықтырады, қан айналымын жақсартады. (Аз - аздап жүзу, суда жүру, ойын ойнау).
Саялы, орман - тоғайлы жердің ауасы тыныс алуды реттейтін, қан құрамындағы гемоглобинді көбейтетін, мидыцң жұмысын жақсартатын, иммунитетті көтеретін қасиетке ие.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Жазда неден сақтану керек? Жазда неден сақтану керек?
Жаз маусымы – адам ағзасы үшін көптеген жайлылықтар әкелетін мезгіл. Десек те кей жағдайда жайсыздықтарға да ұрындыратын кездері бар.
Жалаң аяқ жүрудің орны бөлек Жалаң аяқ жүрудің орны бөлек
Аяғыңыз бен табандарыңызға массаж жасаңыз және мұны күнделікті әдетке айналдырыңыз.
Денсаулыққа пайдалы әдеттер. Денсаулыққа пайдалы әдеттер.
Денсаулыққа пайдалы әдеттер. Сізге рахат әкелетін, демалдыратын іске күнде 30 минут бөліңіз.
Банан әрі дәмді әрі пайдалы жеміс. Банан әрі дәмді әрі пайдалы жеміс.
Ағзаға пайдалы астың бәрі дәмді бола бермейді. Бірақ, мұның бананға еш қатысы жоқ. Жемістің бұл түрін сүйіп жейтіндер көп әрі ол ағзаға өте пайдалы.
Күлкінің адам ағзасына әсері Күлкінің адам ағзасына әсері
Адам денсаулығына тұрақты түрде күш түсуінен созылмалы әлсіздікке шалдығады екен. Ағзаны нығайту көптеген аурулардың алдын алады.
Сүт тағамдарының адам ағзасына тигізер пайдасы Сүт тағамдарының адам ағзасына тигізер пайдасы
Сүт өнімдерінде кальций бар, сүйекті, тісті нығайтады, бұлшық еттің қызметін жақсартады, қанның түзілуі үшін қажет, тәннің жұқпалы ауруларға күресін
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×