ойын сауық отауы
Халық емі: Өтті қалай тазартқан дұрыс?
12.01.2022 2 346 0 Admin

Халық емі: Өтті қалай тазартқан дұрыс?

Денсаулық
Халық емі: Өтті қалай тазартқан дұрыс?
Қыстыгүні қазан асып, қазы мен ет жеп, майлы сорпа сіміру – қазақ үшін қалыпты жай. Әйткенмен осы ет жеуге деген құштарлық өтімізді толтырып, өмірімізді қысқартуы мүмкін екен. Дәрігерлер осылай дейді. Себебі сау болудың жолы жайлы аз - кем мәлімет бере кетейік.
Майлы тағамдарды артық мөлшерде жеу өттің қоюлануына әкеп соқтырады. Бұл дегеніміз – өт жолдарында өт қабы қоюланып, астың ішекке дұрыс түспей қалуы. Уақытында ем қабылдамай, өтті дұрыс шығармаса, ол тас болып түйіліп қалуы әбден мүмкін.
Ауру асқынып, өтте тас пайда болса, хирургиялық ота жасатуға тура келеді. «Пышаққа түсу» деген проблема, әрине, ешкімге ұнай қоймайтын мәселе деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Сондықтан өт ауруларын дер кезінде емдеген жөн. Ал өт толғанын қалай білуге болады? Бұл кезде жүрек айниды, адам лоқсиды, оң жақ қабырғаның асты сыздап ауырады. Іш жиі қатып, адам өзін жайсыз сезінеді.
Өті толған адамдарға майлы, қуырылған және тұзы мен бұрышы көп тағамдарды азайтқаны жөн. Мұндай тағамдар өт жолдарын, өттің қапшығын қабындыруға бейім болады.
Сондай - ақ салауатты өмір салтын ұстанып, қимыл - қозғалысты көбейту керек. Егер мереке күндері мазаңыз кетсе, үй жағдайында да өтті тазартуға болады дейді мамандар. Медициналық тілмен айтқанда, дюбаж жасағыңыз келсе, онда минералды су керек. Суды 36 - 37 градус температурасында жылытып, таңертең ашқарынға ішкен жөн. Әр сағат сайын бір стаканнан асықпай ұрттап іше отырып, осылай тәулік ішінде табиғи тазалану тәсілін жасаңыз. Мұны айына бір рет жасасаңыз жеткілікті. Бірақ оны екі аптадан астам ішуге болмайды.
«Ауру – астан» деген ғой. Тамақты талғаммен ішуді әдетке айналдырыңыз. 

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Халық емі: Бас ауырса... Халық емі: Бас ауырса...
Бас ауруының себебі көп. Мысалы, жақпайтын тамақ ішсе де бас шыдатпай ауырады. Мұндайда асқазанды тазартса жетіп жатыр. Көзілдіріктің сай келмеуінен
Дәрумен жетіспеуінің төрт белгісі Дәрумен жетіспеуінің төрт белгісі
Адам көбіне ағзада болып жатқан өзгерістерді елей бермейді. Тіпті байқамауы да мүмкін. Сол сияқты дәрумен тапшылығын да дер кезінде білмей, сезбей
Халық емі : Дәрісіз ем Халық емі : Дәрісіз ем
Аяқ табандарында бүкіл ағзаның дұрыс жұмыс жасауына жауап беретін негізгі нүктелер орналасқан. Табанды уқалау бүкіл ағзадағы қан айналымын жақсартады.
Жігітпен алғашқы кездесу кезінде қыздар өзін қалай ұстау керек? Жігітпен алғашқы кездесу кезінде қыздар өзін
Қыздар қауымы қай жаста болсын жігітпен алғашқы рет кездесуге барарда уайымдауы орынды. Өйткені ара - қатынас ары қарай жалғасу, жалғаспауы осы
Етті жеуге қолайлы турай білесіз бе? Етті жеуге қолайлы турай білесіз бе?
Ет тураудың әр алуан әдісі болғанымен, ең бастысы төмендегі үш негізгі тәсілге табан тірейді. Оның басты ерекшелігі жеуге қолайлы болу үшін.
Бір жамандықтың артында бір жақсылық бар Бір жамандықтың артында бір жақсылық бар
Баяғыда Африкалық патшаның бірге өскен досы болыпты. Сол досы өмірде қандай жағдай болмасын мейлі ол жақсы оқиға болсын, келеңсіз оқиға болсын: -
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×