ойын сауық отауы
Халық емі: Баланың мінезі қандай болады?
20.01.2022 787 0 Admin

Халық емі: Баланың мінезі қандай болады?

Денсаулық
Халық емі: Баланың мінезі қандай болады?
Шетелдіктер жасанды толғақ шақыру арқылы баланы арнайы бір күні босануды қолға алуды көздеп отыр. Бұған астрологтардың жеті жыл бойы зерттеген мына бір қорытындысы себеп болыпты:
Дүйсенбі. Бұл күні дүниеге келген сәби аса сезімтал, арманшыл, ақынжанды болуы мүмкін. Кейде ойын жинақтай алмайтындықтан тез шешім қабылдауы қиын болмақ. Дегенмен өсе келе өз жұмысына жауапты дәрігер, қиялшыл жазушы болуы да ықтимал.
Сейсенбі. Өмірлік қуаты мол, жылдам қимылдайтын, ешкімге бағынбайтын, туа бітті лидер болып қалыптасуға бейім бала болады. Нақты шешім шығару, өз ісіне қасқайып тұрып жауап беру де оған тән қасиет болмақ. Бірақ олар төзімсіз болғандықтан бастаған ісін үнемі аяғына дейін жеткізе бермейді.
Сәрсенбі. Ақпарат жинауға, оны таратуға аса бейім бала туылмақ. Ол жан - жақты ойланып, қателеспеуге тырысады. Ойын ешкімді ренжітпей, әдемі айта біледі. Бірақ махабатта тұрақсыздау болуы мүмкін екен.
Бейсенбі. Бұл күні өмірге дарынды ұйымдастырушы, әділ басқарушы келетін көрінеді. Ол жеке басын емес, ұжымның мүддесін көздейтін жан. Бірақ қай істі қолға алса да көңіл - күйіне қарай әрекет етеді.
Жұма. Сұлулықты өте қатты сүйетін, үйлесімділік пен жарасымға ерекше мән беретін адам болмақ. Ол аздап мақтаусүйер, үнемі көтермелеп отыруды қажет ететін жан. Артық не ойланбай айтылған сөз оны ауыртып қояды.
Сенбі. Тұла бойы күшке толы, қандай істен де тайсалмайтын жан туылады. Қысқа ойлап, асығыс қимылдайтындықтан көптеген қателіктер жіберіп алады. Оны түзетуде тағы да асығыстыққа салынып, тік мінезімен айналасындағыларды ренжітіп ала береді.
Жексенбі. Бұл күні туылған сәби өмірге құштар, ақжарқын, жан - жағына қуаныш сыйлап жүретін тұлға болмақ. Оның досы көп болады. Өмірінде анау айтқандай аса бір қиыншылықтар бола бермейді, қайта көздегеніне оңай қол жеткізеді.
Осындай болжамдар шетелдегі жүкті әйелдерді үлкен ойға қалдырған сияқты. Сондықтан дәрігерлер жасанды толғақпен тууды көздейтін әйелдер көбейеді деп болжап отыр. 

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Балаға қандай ертегі айтасыз? Балаға қандай ертегі айтасыз?
6 сәуір – орыс халық ертегілері күні. Осы атаулы күні балаңызға қандай ертегі айтып жүргеніңізді, не үшін ертегі айтатыныңызды саралап көріңізші.
Баланың бақытына жауапты кім? Баланың бақытына жауапты кім?
Мейірімді жүрек баланың жүрегіне жол табады. Әр баланың өз несібесі мен ырыздығы болады. Баланы жақсы көру мейіріммен тәрбиелеу әр ананың қолынан
Facebook суицидке бейім адамдарды анықтай бастады Facebook суицидке бейім адамдарды анықтай бастады
ҚазАқпарат - Facebook әлеуметтік желісі өзіне өзі қол салуға бейім адамдарды жасанды ақыл - ой арқылы анықтайтын болады, деп хабарлайды Риа Новости
Қыз-келіншектердің мінезін туылған айына қарай анықтау Қыз-келіншектердің мінезін туылған айына қарай
Қаңтар. Бұл айда дүниеге келген қыз-келіншектер төзімді келеді. Сондай - ақ ер мінезді болып келеді.
Жүрегіңді тыңда бірақ, ақылмен шешім қабылда Жүрегіңді тыңда бірақ, ақылмен шешім қабылда
Сабыр - ең жақсы қасиет. Ол кез - келген жағдайдан алып шығады.
Грант иелерінің тізімі сәрсенбі күні жария етіледі Грант иелерінің тізімі сәрсенбі күні жария етіледі
Білім және ғылым министрлігі жанынан құрылған арнайы комиссия Ұлттық бірыңғай тест қорытындысы бойынша мемлекеттік білім гранттарын бөлу мәселесін
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×