ойын сауық отауы
Қыз-келіншектердің мінезін туылған айына қарай анықтау
06.03.2020 7 416 0 Дауыл

Қыз-келіншектердің мінезін туылған айына қарай анықтау

Бұл қызықты
Қыз-келіншектердің мінезін туған айына қарай анықтау

● Қаңтар. Бұл айда дүниеге келген қыз-келіншектер төзімді келеді. Сондай - ақ ер мінезді болып келеді. Басындағы мәселені ешкімге айтпай, өзі шешкенді қалайды. Тамақ пісіргенді жаны сүйеді. Ал, үй жинағанды ұнатпайды.

● Ақпан. Бұл айда қырсық әрі ауыр мінезді әйелдер дүниеге келеді. Өте ашушаң болғанымен, өзін бақылауда ұстай біледі. Олар қиындықтан қорықпай, тез шешім қабылдайды. Алайда, бұл шешімі әр кезде дұрыс бола бермейді. Тез ренжіседі және кек сақтағыш. Бірақ адамдармен жақсы тіл табысады, сондықтан жұмыс жағынан жолы болғыш. Кішкентай сәбилерді жақсы көреді.

● Наурыз. Өте нәзік жанды әйелдердің өмірге келер мезгілі. Сонымен қоса, көңілшек әрі өте қырсық. Осы мінезі кейде өзіне зиянын тигізеді. Олар өте секемшіл, сондықтан кей кезде өздерін бақытсыз деп санайды. Өздерінің ұялшақ мінездерінен жетістікке жете алмай да қалатын кездері болады. Табиғат оларды нәзік те сүйкімді етіп жаратқан, сол себепті де ер азаматтар қауымына тартымды келеді.

● Сәуір. Бұл айда туылғандар өздерінің батыл мінездерімен ерекшеленеді. Өздеріне не керек екенін біледі, және соған қарай жәй, бірақ сенімді түрде алға жүреді. Дұрыс ой қорыта білумен қатар, еңбекқор. Эмоциясы ақылынан артта жүреді.

● Мамыр. Сенімді және өз ісіне жауапты жандар. Көп кешіре бермейді. Соның кесірінен өз жартысын да ренжітіп алуы жиі кездеседі. Мұндай әйел үй бикесі атанудан гөрі қызметте жүруді жөн санайды. Бірақ, кейін бармағын тістеп қалуы да мүмкін. Ең бірінші орынға ақшаны қоятын жандар.

● Маусым. Шырайлы жаздың бірінші айында өмірге келетін нәзік жандылардың басты жағы - ептілік. Олар өте ренжігіш және кек сақтағыш. Бірақ, өте мейірімділігінің арқасында барлығын ұмытып та кетеді. Олар өте сезімтал дауласуды қалай бермеді. Өсекті мүлдем ұнатпайды. Көңіл - күйіне қарай шешім қабылдайды.

● Шілде. Бұл айда өте ұяң және ұялшақ әйелдер өмірге келеді. Олар үнемі барлығын уайымдап жүреді. Өмірінің бар кезін көңіл - күйімен шешеді. Романтикаға берік. Терең сезеді және уайымдайды, бірақ сырттай көрсетпейді. Үй және отбасы - олар үшін бірінші орында.

● Тамыз. Ең тәкаппар әйелдер осы айда дүниеге келеді. Сонымен қоса өте мейірімді. Әрбір жерде басшы болғысы келеді. Өзіне еркектерді баурағыш болғанымен, өз сүйіктісін ғана ұнатады. Әрқашан шындық жағында. Бірақ, көп алданады.

● Қыркүйек. Өзін - өзі қатты сүйгіш. Көп ортада болғанды ұнатады. Қызғаншақтығы тағы бар. Ал, әйелдік қасиеттеріне келгенде тазалықты ұнатады. Тамақты өте дәмді әзірлейді.

● Қазан. Қарапайым және бәрінің тілін тапқыш әйелдер. Мәселенің тоқетерін асықпай ойлана келе шешеді. Көп кешіре бермейді. Бірақ, отбасын сақтап қалуға көп күш жұмсайды.

● Қараша. Өзін сүйгіш және эгоистті. Онымен қоса барлығын үнемдей жүреді. Махаббатқа келгенде өте әсерлі. Терең әрі қатты жақсы көре біледі.

● Желтоқсан. Қорықпайтын және әрбір қиындыққа қарсы жүзе білетін әйелдер. Адам талғамай сөйлесе кетеді, романтикаға берік және өте сенімді құрбы.

Дереккөзі: greatpicture. ru

Дайындаған: Асыл

Бағалай білсең бәрі бақ Бағалай білсең бәрі бақ
Баяғыда біреудің 2 қызы болыпты. Бір қызы көркем мінезді, шебер екен, ал екіншісі мінезі сондай дөрекі, әдепсіздеу екен. Бір күні көрші ауылдан
Адамның бет пішініне қарап психологиялық бейнесін ашуға болады! Адамның бет пішініне қарап психологиялық бейнесін
Үшбұрышты бет. Кең маңдайлы, мәрт мінезді, тұңғиық көзді, иегі шығыңқы адамдар. Бұндай келбет интуициясы жоғары, өзін сүйетін, қызғаншақ,
Тоқты жұлдызындағы ер-азаматтар қандай? Тоқты жұлдызындағы ер-азаматтар қандай?
Қайтпас қайсар Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір) өзіне сенімді қадамы нық. Мұндай адамның сипаттамасы – жігерлілік және бүлікшіл. Бұл От белгінің
Тауешкі Тауешкі
Сіз бір кездері сыртынан қарағанда қарапайым және жұмсақ көрінетін жанды кездестірдіңіз, алайда нақты іске келгенде күтпеген жерден еркіңе
Жұлдызнама - қыздар үшін (қан тобы бойынша) Жұлдызнама - қыздар үшін (қан тобы бойынша)
Жұлдызнама - қыздар үшін (қан тобы бойынша анықтау) O (I) қан тобындағы нәзік жандар ақкөңіл, қиялшыл, нағыз романтик, үнемі өз идеалын іздейтін
Жұлдызнама - ер адамдарға арналған Жұлдызнама - ер адамдарға арналған
Жұлдызнама - ер адамдарға арналған (қан тобы бойынша) O (I) қан тобындағы жандар өз - өзіне сенімді жандар. Олардың алға қойған мақсаты бар,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×