ойын сауық отауы
Саулық кілті: Ашығу (жалғасы)
03.02.2022 861 0 Admin

Саулық кілті: Ашығу (жалғасы)

Денсаулық
Саулық кілті: Ашығу (жалғасы)
Ашығуға шүбәланбасаң, ол тек пайда береді. Шүбәсіз болсаң, ашығуға дайынсың. Сана мен түйсігің тазарту тілегін меңгеріп, сенген болсаң, табысқа қол жеткізесің. Сен неге сенсең, барлық жасушаларың да ашығу жақсы жағдай жасайды дегенге сенеді. Сөйтіп, әрбір жасуша сенің бұйрығыңды орындауға әзір. Ешқандай нәр татпай, тазартылған су ішіп қана 24 сағат ашуғудан баста. Ешер жеміс - жидек жеп немесе шырынын ішсең де, көкөніс шырынын ішсең де жеміс - жидек шырын диетасына айналады. Ол ашығу емес. 24 сағат ашыққанда ьазартылған, не қайнаған су ішіп басқа еш нәрсе татпасаң улы заттардың қалдықтары денеден сыртқа шығарылады. 24 сағат ашыққанда артықша күтінудің қажеті жоқ. Тіпті 3 - 7 - 10 күн ашыққанда да сол дағдылы қалпыңды сақтай біл.
Алғаш ашыққанда қайсыбір адамдар өздерін қолайсыз сезініп, асқазаны мазалауы мүмкін. Егер ақылсыздықты жеңу арқылы сананы сендіре алсаң, барлығы ойдағыдай өтеді. Ашығуға қызығушылық тудыр. Ашыққан кезде кездесетін қолайсыздықты елеме, менсінбе.
Сана асқазанның қостаушысы болып қалмай, асқазанды сананың басқарғаны жөн.
Қанша күн ашығуға болады? Бұл сұрақты алғаш ашыққан адамдар қояды. Алғаш ашыққанда 24 сағат ашығып бастау қажет. П. Брэгг: «Ашығу – денені тазарту әдісі. Ол ғылыми жолмен жүргізілуі тиіс. Сондықтан ашыққан адам дәрігерлердің не көп жыл ашығып үйренген тәжірибелі адамдардың қарауында болғанын қалаймын», - дейді. Г. Малахов: «Адамзат дүниеге ғылым, білім пайда болмай тұрғанда, аурухана, дәрігер жоқ заманда, әркім өз үңгірінде ешкімнің қарауынсыз - ақ ашыққан. Адам өзін - өзі саналы түрде басқара білсе, дәрігерсіз - ақ ашығуға болады», - дейді.
Кейбір ғалымдарденені толық тазарту үшін 10 - 20 күн ашығу пайдалы десе, П. Брэгг «Осы заманғы өркениетті адамдар өте нәзік. Мен ұзақ уақыт ашығуға қарсымын, себебі: дұрыс тамақтанбағандықтан, денеге жиналған улардан басқа экологиялық жағдайларға да байланысты. Ауа мен судағы химиялық қалдық, улы газ, тұздар, сондай - ақ ауыра қалсақ, уыс - уыс дәрі ішетініміз тағы бар. Осының барлығы жиналып дененің жасушаларында қодаланады. Сондықтан ұзаққа созылған ашығу теорияда болады. Ал өмірде қажетсіз деп есептеледі. Апта сайын 24 - 36 сағат ашыққанда да дене тазарады. Осы аз уақыт ішінде тек ауызға таза судан басқа дәм татпаса жетеді» дегенді алға тартады.
Жоспар бойынша табиғи ішіп - жеммен тамақтанып, ұзақ өмір сүріп, тіршілікке қабілеттілігін сақтаймын десе, 3 - 4 ай апта сайын 24 сағат ашығып, дайындық жасап болған соң үш - төрт тәулік ашығуға өткен жөн.
Апта сайын 24 сағат ашығуды жалғастыра отырып, үш - төрт айдан кейін жеті тәулік ашығуға болады. Осы кезде денедегі улы қалдықтар тұздардан тазарып та қалады. Алты ай аптасына бір тәулік ашығып тазартылған дене жеті күн ашығуға ешбір қиыншылықсыз барады. Алғашқы жеті тәулік ашығу ғажап, таңқаларлық нәтиже береді. Ашығу тәжірибесіне қарағанда: жобаға сай ақылды жүргізілген ішкі тазарту сізді бақытқа бөлейді, өміріңіздің ажырамас бір бөлігіне айналады. Денеде біртіндеп болып жатқан өзгерістерді бақылап отырсаң, жаныңды үлкен шат - шадыман қуаныш билейді. Өмір сүрудің дұрыс жолына түскеніңді сезінесің және күн сайын жетіле түсесің. Ашыққан сайын ашыға бергің келеді. Неше күн ашықсаң да әркімнің өз еркі. Бірақ негізгі ұстанатын жолы жоғарыда жазылғандай. 10 күннен кейін 15 - 20 - 30 - 40 күн ораза ұстағандай ұстауға болады. «Өзім туралы айтсам, апта сайын 24 - 36 сағат, үш - төрт ай сайын 7 - 10 күннен жылына 4 рет ашығуым мен үшін жеткілікті», - деп жазады П. Брэгг. сонда аптасына бір тәулік үнемі ашығып отырды дегенде жылына 52 тәулік ашығу да аз емес - ау. АҚШ пен Англияда 30, Германияда 21 күн ашығатын көрінеді. Шет елдерде, АҚШ - та, Мәскеуде ауру адамдарды ашықтырып емдейтін үлкен клиникалық ауруханалар бар. Онда жоғары білімді маман дәрігелер, тәжірибелі ғалымдар жұмыс істейді. (жалғасы бар)

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Саулық кілті: Ашығу (жалғасы) Саулық кілті: Ашығу (жалғасы)
Ашығу дегенді денені сауықтыру, тазарту деп түсінген жөн. Бірақ емдеу емес. Біз ашыққанда, ішіп - жеген тағамды қорыту үшін жұмсалатын тіршілік қуаты
Саулық кілті: Ашығу Саулық кілті: Ашығу
Ашығу – тамақтан уақытша бас тарту, денені едәуір тазарту деген сөз. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, жеміс - жидекпен күзде, дәнді дақылдармен қыста,
Саулық кілті: Ашығу (жалғасы) Саулық кілті: Ашығу (жалғасы)
Ашығу – ғылым. Сондықтан оны білу керек. Білу үшін оқу керек. Сөйтіп, өзін - өзі ашықтырып емдейтін адамдар да молая түсуде.
Саулық кілті: Ашығу (жалғасы) Саулық кілті: Ашығу (жалғасы)
Шартты рефлекстің нәтижесінде асқазан қашан да уақытында тамақтануға құмар. Ашығып үйренген адамдар үшін таңертеңгі тамақтанудың мәні жоқ, ұйықтап
Саулық кілті: Ашығу Саулық кілті: Ашығу
Егер сіздің денеңізде қышқылдың артуы білінсе, тек жаңғақ және барлық дәнді дақылдар, бадам жемісі, күнбағыс сияқты азық - түліктерді молырақ
Саулық кілті: Ашығу Саулық кілті: Ашығу
Жұмыс орны өте ыстық өндірістерде жұмысшы терлегенде «денесіндегі тұздар азайып кетеді» деп, тұз жегізіп жататын елдер де кездеседі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×