ойын сауық отауы
Саулық кілті: Ашығу (жалғасы)
11.03.2021 1 119 0 Admin

Саулық кілті: Ашығу (жалғасы)

Денсаулық
Саулық кілті: ашығу
Шартты рефлекстің нәтижесінде асқазан қашан да уақытында тамақтануға құмар. Ашығып үйренген адамдар үшін таңертеңгі тамақтанудың мәні жоқ, ұйықтап жатқанда дене демалады, қуат күші жұмсалмайды. Таңертең ояна салып, демалып жатқан асқазанды көп тамақ ішіп - жеп неге салмақ саламыз? Сондықтан тұра салып тамақтанудан бас тартып, шамалы уақыт үй шаруасымен айналыс немесе таза ауада серуендеп жүріп кел. Таңертең тамақтанудың тағы бір себебі, түнде демалып жатқанда жиналған қуат күші тамақты қорытып, сіңіруге кетеді. Таңертең ақыл - ой, рухани және білек күші ең жоғары деңгейде тұрады. Сондықтан үлкен жасампаз күшті дәл осы уақытқа жұмсаған абзал.
П. Брэгг өзінің тамақтану режимін төмендегідей баяндайды:
«Елу жылдан көп болмаса аз емес, мен таңертең ас татпаймын. Ерте тұрып, тауға шығып, төмен жүгіріп түсемін, мұхитта қысы - жазы жүземін.
Мұхит жағасынан алыс кетсем, жаяу арбамен бірнеше сағат серуендеп үйге келемін. Өзімнің алдағы оқуға тиісті дәрістерімді, газетке беретін мақалаларымды жазып бітіріп, сағат он бір шамасында аздап жеміс - жидек жеймін, сағат он екіде тамақтанамын, жас салаттан бастаймын. Оның негізі сәбіз бен қырыққабаттан тұрады. Оған шикі қызанақ, шалғам, сельдерей, бұршақ қосамын» дейді.
Жаңғақтардың барлық түрін немесе асқабақ, күнбағыстың тұқымын жейді екен. Жоғарыда аталған табиғи тағамдарды сіңіру үшін асқазан асқорыту сөлін шығаруға дайын болады. Табиғи тағамдар қандай дәмді! Асқорыту сөлі тамаша жұмыс істеп, ішекті тазаруы толығымен ішіп - жегеніне сәйкестенеді.
«Аптасына он екі рет тамақтану (бір тәулік ашығамын) жоспары денемді ауырлатпайды, осының арқасында ішектерімді нақтылы жұмыс атқаруға үйреттім, деп жазады П. Брэгг. – Үлкен дәретім сұйық, ішім қатпайды. Екі рет тамақтанудың арасында алма және ананастың бірнеше тілімін жеймін. Қауын, қарбыз піскен, күн ыссы кезде онан да бір - екі тілім кесіп жеп, бой сергітемін».
Дененің тазалығын сақтау мерзімінен бұрын қартаю мен ауру - сырқауға ұшыратпайтындығын түсінбейтін ештеңе жоқ. Бұл – жаман әдеттерге қарсы жазалау, дәлірек айтқанда, дене мүшелеріне қоқыстар шамадан көп жиналғандықтан, ас қорытуға күш - қуаты жетіспейтіндіктен ол тек миллиардтаған жасушаларды уландырады. Дененің тазалығын сақтауға қолдау көрсете алмағандықтан, ауруға шалдығады.
Денсаулықтың сыры мен ұзақ жасауды үш - ақ сөзбен түйіндеуге болады. Денеңді тазарта біл! Денені тазарту мен жасартудың бірден - бір амалы – ашығу. Оның артықшылығы сол – бұл табиғи амал, жасанды емес. Біреу үшін біреу мұны істей алмайды. Бұл өзіңнің жеке басыңа байланысты. Ол өзіңнен күш - қайрат қана талап етеді. (жалғасы бар)

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Саулық кілті: Ашығу Саулық кілті: Ашығу
Егер сіздің денеңізде қышқылдың артуы білінсе, тек жаңғақ және барлық дәнді дақылдар, бадам жемісі, күнбағыс сияқты азық - түліктерді молырақ
Саулық кілті: Ашығу Саулық кілті: Ашығу
Біздің заманымызда балаларды мүлде теріс тамақтандырады. Біріншіден, көптеген аналар балаларына омырауын емізбейді, не емшектен өте ерте шығарады.
Саулық кілті: Ашығу Саулық кілті: Ашығу
Жұмыс орны өте ыстық өндірістерде жұмысшы терлегенде «денесіндегі тұздар азайып кетеді» деп, тұз жегізіп жататын елдер де кездеседі.
Ұялы телефонды дұрыс пайдаланудың ережелері: Ұялы телефонды дұрыс пайдаланудың ережелері:
Қоңырауға 4 секундсіз жауап бермеңіз. Неге? Өйткені бұл уақыт аралығында электромагниттік толқындардың әсері өте күшті болады және адам ағзасына тез
Өміріңізді өзгертетін 15 кеңес Өміріңізді өзгертетін 15 кеңес
1. Ерте ояныңыз Ең дұрысы - күн көтерілгенге дейін. Басқалар ұйықтап жатқанда, сіз тыныштықта отырып өнімді жұмыс жасай аласыз.
Дұрыс тамақтану принциптері Дұрыс тамақтану принциптері
Бұл мақалада біз салауатты тамақтану туралы айтатын боламыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×