ойын сауық отауы
Халық емі: Емдік шай түрлері
10.04.2022 1 427 0 Admin

Халық емі: Емдік шай түрлері

Денсаулық
Халық емі: Емдік шай түрлері
Шай ішпейтін адам жоқ шығар, сірә. Әсіресе күн салқындағанда ыстық шай ішудің орны бөлек. Шайдың да түр - түрі бар. Сізге қай шай керек екенін төменде көрсетілген пайдасына қарай ойланып көріңіз.
Лимон шайы
Егер аллергиядан зардап шегетін болсаңыз, лимон қосылған бір кесе шай сіздің құтқарушыңыз болмақ. Ол мұрын ішіндегі түктерді «оятып», соның арқасында шаң - тозаң өтуі бәсеңдеп, күні бойы жөтел мен түшкіруді азайтады. Ал оның әсерін күшейту үшін шайға шалфей, фенхель немесе анис сияқты шөптерді қосуға болады.
Лимон шайы суық тигенде де тиімді көмектеседі. Ол тамақ, жұтқыншақтың ісінуін басады. Аздап табиғи бал қосып ішкен дұрыс.
Жалбыз шайы
Жалбыз (мята) шайы ас қорытуды жақсартады, іш қатуы, жүрек айнуы мен құсуды жояды.
Тамақтан алдында (әсіресе майлы тамақ болса), бір кесе жалбыз шайын ішіп алыңыз. Ол іштің бұлшық еттерін тыныштандырады және тамақтың жылдам қорытылуына көмектеседі.
Жалбыз шайын тамақ, мұрын қуысының ауруларын басу және тазарту үшін қолдануға болады. Жалбыз қосылған су салқындай бастағанда аяғыңызды салып отырсаңыз табанның ауырғанын ұмытасыз.
Түймедақ шайы
Түймедақ (ромашка) шайын ішу немесе түймедақ қосылған ванна қабылдау – мазасыздық пен стрессті азайтудың тексерілген тәсілі.
Түймедақ шайы ұйқының бұзылуы мен ұйқысыздықты емдейді, тыныштандырады.
Бір кесе түймедақ шайы етеккір кезіндегі ауырсынулар мен диареяны басады, жүрек айнуы мен құсуды азайтады.
Ол асқазан жарасын тудыратын бактериялардың көбеюін тежейді. Балдың да осындай қасиеті бар. Шайға бал қосып ішсеңіз, жара жылдам жазылады, емдік әсері еселене түседі.
Қою етіп демделген түймедақ шайы артроз, буын ауруларында ауырсынуды басады. Сонымен қатар ол безеуді емдеудің бірден - бір жолы.
Түймедақ шайынан жасалған компресс есекжем кезінде ісіну мен қышуды жояды.
Ал онымен ауызды шайса, ауыз қуысы ауруларының алдын алып, тамақ ауруы болса, қабынуын азайтады.
Қара шай
Қара шайдың құрамында бактерия мен қабынуға қарсы қышқылдар бар. Ол сұйықтықты жақсы сіңіруге көмектеседі, солайша диарея мен іштің кебуінен арыласыз.
Ал қара шайдың дымқыл қалташалары терінің тілінген жерін, ара секілді жәндіктердің шаққанынан, конъюнктвитпен ауыратын қызыл иек пен көз айналасында пайда болатын ісінуді азайтады.
Қалақайдан болған күйік кезінде бірнеше дымқыл қара шай қалташаларын қойса болғаны, қышу басылады.
Қара шайдағы сілтілі заттар қышқылдарды бейтараптандырады, сондықтан жара немесе ұшықтың (әсіресе, ерінде) ауырсынуын жеңілдетеді. Салқындаған, ылғал шай қалташаларын зардап шеккен аймаққа қойыңыз. Процедураны күніне 3 - 4 рет қайталау керек.
Аяқты қара шаймен шаю бактерияларды өлтіреді және жағымсыз иісті азайтып, тершеңдікті жояды. Өйткені қара шай тері саңылауларын (поры) бекітеді.
Көк шай
Зерттеушілер көк шай құрамындағы полифенолдар қатерлі ісік жасушаларын өлтіреді немесе олардың өсуін бәсеңдетеді дейді. Сондықтан ол қатерлі ісіктің алдын алуда маңызды рөл атқарады. Сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан 472 әйел қатысқан зерттеу жұмыстары көрсеткендей, көбірек көк шай ішкен әйелдерде қатерлі ісіктің дамуы айтарлықтай тежелген.
Ал жануарларға тері қатерлі ісігі бойынша зертханалық эксперимент жүргізілген. Онда судың орнына көк шай ішкен жануардағы тері қатерлі ісігі басқаларға қарағанда 10 есе аз болатынын көрсеткен.
Көк шай жүрек ауру мен инсульттан болатын өлім қаупін азайтады. Тісжегінің даму қарқынын бәсеңдетеді, ақыл - ой қабілетінің төмендеуін тоқтатады. Америкалық клиникалық тамақтану журналында жарияланған тағы бір зерттеуде авторлар күніне бір кесе көк шай ішу 55 жастан асқан адамдарда ақыл - ой қабілетінің төмендеу қарқынын 38%- ға, ал екі кесе көк шай 54%- ға төмендететінін анықтаған.
Көк шаймен бет жуу немесе компресс жасау безеумен күресуге көмектеседі.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Халық емі: Алоэден жасалатын он дәрмек Халық емі: Алоэден жасалатын он дәрмек
Суық тигенде. Бұл қоспаны дайындау үшін сізге 300 грамм алоэ жапырақтары, 3 ас қасық бал және 3 ас қасық спирт қажет. Жапырақтарды еттартқыштан
Халық емі: Артық салмақтан құтқарады Халық емі: Артық салмақтан құтқарады
Адамды артық салмақ мазаласа төмендегі ем-шараларын жасап көруге болады. Ағзаны артық майдан, сонымен қатар артық салмақтан табиғи жолмен құтқаратын
Халық емі: Он бес түрлі ауруға ем болатын сусын Халық емі: Он бес түрлі ауруға ем болатын сусын
Бұл сусынды өзіңіз - ақ, үйде жасай аласыз. Көп уақытты алмайды. Қымбат та емес. Ал пайдасы шаш - етектен. Айтып отырғаным кәдімгі лимон қосылған су.
Гормондарды ретке келтіретін 3 түрлі сусын Гормондарды ретке келтіретін 3 түрлі сусын
Лимон ағзадағы лептин гормонына әсер етеді. Лептин – тоқшылық гормоны. Егер лептин гормоның балансы бұзылса май жинала бастайды яғни адам семіре
Лимон - денсаулық сусыны. Лимон - денсаулық сусыны.
Лимонның ең бірінші сыртқы түсіне, яғни сыртқы түсі қанық сары түсті, сырты тегіс және піскен екендігіне көз жеткізуіңіз керек, бірақ дақтары
Лимонның пайдасы Лимонның пайдасы
Лимонның барлық пайдалы қасиеттері оның ішкі жұмсағында, дәл осы жұмсағында дәрумендер көзі жинақталған.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×