ойын сауық отауы
Халық емі: Жүгері жүрекке пайдалы
25.04.2022 4 289 0 Admin

Халық емі: Жүгері жүрекке пайдалы

Денсаулық
Халық емі: Жүгері жүрекке пайдалы
Жазғы табиғи витаминнің бірі – жүгері. Қазір ол пісіп - жетіліп, сауда сөрелеріне шығып та қойды. Оңтүстік өлкелерде оны суға қайнатып, ыстық күйінде сатып та жатады. Тіске жұмсақ, асқазанға жеңіл жүгеріні әсіресе жүрегі мазалайтын жандардың көбірек жегені жақсы, себебі ол табиғи дәрмек саналады.
Жүгері дәнінде адам ағзасына қажетті минералды заттар: калий тұзы, кальций, магний, темір, фосфор бар. Сондай - ақ жүгері белогының құрамында лизин және типтофан атты таптырмайтын аминқышқылдар кездеседі.
Жүгері ағзаны токсиндерден, радионуклидтерден, клеткаларда жиналып қалған шлактардан тазалайды. Ал собығы жүрек ауруларынан, рактан және қартаюдан сақтайды. Өсіп келе жатқан балаларға жүгеріні көп жегізу керек. Себебі ол салмақ қосуға және витаминдер мен микроэлементтермен қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
Жүгері В1, В2, PP витаминдеріне және мыс, никель сияқты микроэлементтерге бай. Аллергия, қант диабеті, семіздік және басқа да зат алмасу процестері бұзылған адамдарға, асқазан жолдары ауыратындарға жүгері жеген аса пайдалы. Жүгері дәнінде ғана кездесетін майлардың құрамында 80 пайыз қанықпаған қышқыл ерітінділері бар, ал олар ағзадағы холестеринді реттейді. Сондай - ақ жүгері құрамында көміртегі көп кезде¬седі. Ал көміртегінің қан құрамындағы қантты реттейтіні ежелден белгілі.
Орталық жүйке жүйесі ауыратын адамдар мен полиомелит және эпилепсия мазалайтындарға жүгері жақсы көмектеседі. Жүгерінің бұлшықетке де тигізер пайдасы мол. Сондықтан бұлшықет дистрофиясы кезінде көбірек пайдалануға болады.
Бауыры ауырған адамдар жүгері шашағын қайнаған суға шай секілді демдеп ішсе, ауруынан айығады. Емдеу мерзімі жарты жылға дейін созылуы мүмкін. Ал жасаған еміңіз нәтижелі болу үшін жүгерінің піскен болуы шарт. Піспеген жүгерінің шашағының емдік әсері болмайды.
Енді жүгеріден дәрі жасау жолдарынада тоқтала кетейік. Жедел және созылмалы бүйрек қабынуға несеп азайғанда жүгерінің шашағынан – 31, кішкентай қызыл бұрыштан да 31, ал арпаның мұртынан 6, 5 граммды суға қайнатып, бұқтырып ішіп жүру керек. Қан қысымы көтерілгенде жүгері шашағын немесе үстіңгі қабатындағы тамырын қайнатып, шай орнына ішуге де болады. Тамырлар тарылып, ұмытшақтық асқынса 25 грамм жүгері майын күнделікті аспен бірге қабылдап жүрсе жақсы көмектеседі, сондай - ақ ұйқыны жақсартып, жүйкені басады. Ал оны күнделікті таңертең және кешке суға қайнатып жеп жүру жалпы ішкі ағза мүшелерінің жұмысына оңды әсер етеді.
Міне, жүгері собығының денсаулыққа осындай пайдалы жақтары бар.
Аспирин ерітіндісі табан тепкісі – шпораны кетіреді
Бағасы қолжетімді, кейінгі жылдары аса көп қолданылмайтын аспириннің, шын мәнінде, денсаулықты түзеуде көмегі көп. Одан варикоз, остеохондроз, табан тепкісіне (шпоры) қарсы қолданатын ерітінді әзірлеу жолын бөліспекпіз.
Керегі 10 түйір аспирин. Оны ұнтақтап, үстіне 250 грамм арақ құйыңыз. Бетін жауып, 1 - 2 күн тұндырасыз. Бұдан суспензия пайда болады, яғни таблеткалар толығымен ерімейді.
Өкшенің жарылуы, башпайлар арасындағы саңырауқұлақ, табан тепкісі кезінде қолдану – бірнеше қабатталған дәкені осы ерітіндіге малып, өкшеге башпайлар арасына, керекті тұсқа жақсылап жағыңыз. Ерітінді кеуіп кетпес үшін тезірек полиэтиленмен орап, шұлық киіп алу керек. Түнде осылай ұйықтап, таңертең бәрін алып тастаңыз. Аяқты жылы сумен шайып, құрғата сүртіп, аяққа арналған креммен майлаңыз. Процедураны әр кеш сайын жасаңыз.
Алғашқы процедурадан кейін табандағы жүрген сайын жаныңа батып, ауыртатын «шпора» кішірейгені сезіледі. Ал 10 күннен кейін өкше мен табандағы қатты және тығыз тері сәл салонында арнайы күтімнен өткендей жұмсақ, нәзік болып шыға келеді.
Осы ерітіндімен варикоз түйіндерін сүртуге болады, ауырсыну кәдімгідей басылады.
Ауру желмен кіріп, термен шығады
Аурумен алысқан елдің жағдайына алаңдаған кейбір дәрігерлер, медицинадан хабары бар адамдар білген, тәжірибесінен өткізген жайларды жазба, бейнежазба түрінде елге таратып жатыр. Осындай бір деректі қырғыз дәрігері де таратқан екен. Коронавируспен күрес туралы ол былай деп кеңес береді:
1) Терлеу керек. Терлеп жүрген жақсы. Ол үшін ыстық шай, сорпа, кез - келген сусынды (кола, басқа да жасанды сусындардан басқасы) іше берген жөн. Жаныңызда термос тұрсын. Жұттың, қойып қойдың. Қайта жұттың. Кіші дәреттің түсі сап - сары, сосын мөлдір бола бастаса - вирустың кетіп жатқаны. Ал үлкен дәрет жүрмей жатса, аздап сода қосып, жылы сумен клизма жасау керек.
2) Нан (ұн) (кез келген) мен сүт өнімдерін тоқтата тұру керек. Олар зат алмасу процесін тоқтатады. Яғни клейковина түзіліп, тамақтың тез сіңіп, ағзаның тамақты тез сіңіріп, тез қорытылуына кедергі. Оның орнына дәнді - дақылдарды: ботқа, басқа да табиғи тамақтарды пісіріп жей беру керек. Сорпа - сусын ішіп, жіпсудің вирусты қуып шығуға әсері мол.
3) Терлеу үшін тамақ ішкенде қабат - қабат киім киіп алған дұрыс. Тіптен аяққа шұлық кию артық емес. Тер бой - бой боп ағады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Сонымен бірге вирустан құтыла бастайсыз.
4) Ешқандай салқын су, салқын тамақ ішпеу керек. Самал тигізіп алудан сақ болу маңызды. Өйтсе ауру қайта қозып кетеді.
5) Лимфатүйіндерде қан айналымын жүргізуге массаж арқылы күш салу керек. Қолтық пен шаптың арасында, яғни тамырлардың түйіскен жерлерінде вирус орнығып алады. Сондықтан сол жерлерге массаж жасай беріңіз. Тыныш отырмаңыздар, қолмен қозғап, қанмен айналып, вирус тамшыларының зәрмен, термен шығып кетуіне күш салыңыз.
6) Мойынға, желкеге, иықтан кеудеге дейін саусақпен саумалап, ауырып отырсаңыз да массаж жасай беріңіз. Өзіңізге көмектесіңіз. Ішті, кіндікті, кіндіктің айналасын үнемі қозғап, саусағыңызды 2 - 3 секунд басып тұрыңыз да босатыңыз.
... Барынша сақ болуға тырысқанмен, қайдан, қашан екенін білмеймін, мен де осы ауруды жұқтырып алдым. Бұл не тұмау, не суықтаған емес, түсініксіз кесел екені басталғанда белгілі болған. Барынша сабырлы болуға тырысып, ең алдымен лимон қосылған шай іштім. Денем су тер болғанда бойым жеңілдеді. Жұрттан естігенім бойынша сорпа ішіп тағы терледім. Аяқта шұлық. Жылы оранып, тек терлей бердім. Бір жеті үйден шықпай үздіксіз терлеудің арқасында ауруды екі жеті дегенде жеңіп шықтым. «Ауру желмен кіріп, термен шығады» деген рас екен, мойындадым.
Қалақаймен қан тазартуға болады
Қалақай қан тазартуға өте пайдалы шөп. Бұл өте оңай, өте тиімді рецепт.
Термосқа кептіріп, ұнтақталған 2 ас қасық қалақай шөбін салыңыз да, жарты литр қайнаған су құйыңыз. Жарты сағат тұндыға соң сүзіп аласыз. Оны 1 стаканнан күніне 3 рет ішеді.
Қанды қалақай шайымен тазартуды айдың соңында бастап, 35 күн жалғастырған жөн. Одан соң екі жұма демалып, 14 күндік екінші ем кезеңін жасаса жетіп жатыр.
Қалақай ас қорыту, бүйрек пен қуық жолдарының жұмысын жақсартады, ағзаның жетіспеген витамин, минералды заттармен жабдықтайды.
Қалақайды айдың соңында жинаған абзал. Емге жас жапырақтарын ғана пайдалану керек.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Халық емі: Артық салмақтан құтқарады Халық емі: Артық салмақтан құтқарады
Адамды артық салмақ мазаласа төмендегі ем-шараларын жасап көруге болады. Ағзаны артық майдан, сонымен қатар артық салмақтан табиғи жолмен құтқаратын
Халық емі: Кивидің жиырма бес пайдасы Халық емі: Кивидің жиырма бес пайдасы
Киви секілді экзотикалық жемістер соңғы 10 жылда дүкен сөрелерінде көптеп көрінуде. Бірте - бірте олар киви өспейтін біздің елде де күнделікті
Оңтүстіктегі шипажайлар. Оңтүстіктегі шипажайлар.
Оңтүстік өңір минералды суларымен, Орта Азияға танымал шипажайларымен ерекшеленеді. Республикамыздың түкпір-түкпірінен дертіне дауа іздегендер осы
Ең пайдалы 10 тағам түрі Ең пайдалы 10 тағам түрі
Ең пайдалы 10 тағам түрі
Жаңғақтың адам ағзасына пайдасы Жаңғақтың адам ағзасына пайдасы
Көптеген жаңғақ түрлерінің адам ағзасына қандай пайдасы бар екенін білетін боламыз.
Сүт тағамдарының адам ағзасына тигізер пайдасы Сүт тағамдарының адам ағзасына тигізер пайдасы
Сүт өнімдерінде кальций бар, сүйекті, тісті нығайтады, бұлшық еттің қызметін жақсартады, қанның түзілуі үшін қажет, тәннің жұқпалы ауруларға күресін
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×