ойын сауық отауы
Буындағы тұзды тазартуға болады
02.10.2022 565 0 Admin

Буындағы тұзды тазартуға болады

Денсаулық
Буындағы тұзды тазартуға болады
Жасы ұлғая келе көп адамдарда буынға, бүйрекке, өтке тұз бен тас қиыршықтары жинала бастайды. Тұз буындарға да жиналады. Одан табиғи жолмен тазалануға болады. Бірақ өз бетіңізше тәуекелге бармас бұрын дәрігермен кеңесіп, денсаулығыңыз жайлы кеңес алғаныңыз жөн. Одан кейін мына әдісті жасап көруіңізге болады:
5 грамм лавр жапырағын майдалап, 300 миллилитр суға салады да, оны 5 минут қайнатады. Одан соң бұл қайнатпаны термосқа құйып, 4 - 5 сағаттай сақтайды. Осы дайын болған қайнатпаны әр 12 минут сайын бір шай қасықтан ұрттай отырып, 12 сағат ішінде тауысу керек. Бұл процедура үш күн қатарынан қайталанады да, бір апта үзіліс жасайсыз. Мұнан соң тағы да үш күн қатарынан қайталағаныңыз жөн. Бұл емді енді келесі жылы тағы да қайталауыңыз керек болады. Ем кезінде тұзды, майлы, қуырылған астан бас тарта тұрғаныңыз орынды. Ал сұйықтықты шамаңыз келгенше көбірек іше беріңіз. Ол еріген тұздардың тезірек сыртқа шығуына сеп болмақ. Тазарту кезінде тұздар белсенді түрде еріп, жиі - жиі зәр келеді және оның түсі қызғылт түске енеді. Бірінші процедурадан кейін екі апта өткенде Сізді мазалаған аурулар басылып, буыныңыз иілгіш қалыпқа түседі.
Ерекше ескертетіні, емдік күн мен мөлшерді асырып, не кем етуге болмайды, өйтсеңіз қан кетуі, басқа да жағымсыз әсері байқалуы мүмкін», – деді дәрігер.
Буындарды күрішпен де тазалауға болады. Ол үшін бір стакан күрішті тазалап, жуып алып, бір түн бойына суға салып қоясыз. Тиімділігі арта түссін десеңіз үш күн жібітуге болады. Мұнан соң күрішті сүзіп алып, екі стакан суға қайнатады. Әбден суы тартылып, қайнаған күріштің бетіндегі кілегейді тазартады. Енді бірінші күні дайын күрішті 4 порцияға бөліңіз. Әр порцияны араға 1 сағат салып қабылдау керек. Қабылдау алдында итмұрын (шиповник) тұнбасын ішіңіз немесе бір апельсин жеңіз. Екінші күні күрішті қабылдамастан 20 минут бұрын жарты стакан су ішіп алыңыз. Жарты кило қайнаған қызылша немесе 200 грамм алма жеуге де болады. Процедураны 3 - 4 күннен соң қайталаңыз. Емделу ұзақтығы – 2 ай, арасында міндетті түрде үзіліс жасау керек. Ем кезінде бір килодай салмақ жоғалтасыз. Бірақ өзіңізді жеңіл сезінеріңіз хақ.

Өкпе қабынғанда Өкпе қабынғанда
6 ақ шикі жұмыртқаны жуып, қабығымен бірге қоңыр шыны ыдысқа салу керек. Оның үстіне орташа 10 лимон шырынын құяды. Содан соң ыдыстың аузын дәкемен
Халық емі: Артық салмақтан құтқарады Халық емі: Артық салмақтан құтқарады
Адамды артық салмақ мазаласа төмендегі ем-шараларын жасап көруге болады. Ағзаны артық майдан, сонымен қатар артық салмақтан табиғи жолмен құтқаратын
Халық емі: Пайдалы тұнба Халық емі: Пайдалы тұнба
Елу жастан кейінгі бір адамның қолы мен аяғының саусақтары ұйып қала беретін еді. Түрлі тексеруден өтті, ем алды. Бірақ біраз уақыттан кейін ауру
Мұны өзіңіз жасай аласыз. Мұны өзіңіз жасай аласыз.
Ревматизм асқынған кезде көктемде немесе күзде қазылған ошаған тамырынан 15 грамын 300 грамм суға 7 минут қайнатып, бұқтырады.
Ағзаны тазартудың түрлі тәсілдері Ағзаны тазартудың түрлі тәсілдері
Адам ағзасы машина секілді: бірқалыпты жұмыс істеуі уақыт өте баяулайды, жас ұлғая сыр бере бастайды. Бұл кезде ағзаның жұмыс істеу күшін бастапқы
Шашты дұрыс күту Шашты дұрыс күту
8 ас қасық жөке гүліне 0,5 л. Су құйып, 20 минуттай қайнатады. Алынған нәрмен басты бір ай бойы жуса, шаштың түсуі тақтайды. Ошаған түбірін майдалап
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×