ойын сауық отауы
Өкпе қабынғанда
02.10.2022 779 0 Admin

Өкпе қабынғанда

Денсаулық
Өкпе қабынғанда
6 ақ шикі жұмыртқаны жуып, қабығымен бірге қоңыр шыны ыдысқа салу керек. Оның үстіне орташа 10 лимон шырынын құяды. Содан соң ыдыстың аузын дәкемен жауып, салқын, құрғақ, көлеңке жерге қою керек. 5 - 6 күнде жұмыртқаның қабығы түгелдей еріп, лимонның шырынына сіңіп кетеді. Оған жарты құты коньяк пен 300 грамм жайлау балының сұйық түрін араластырады. Осыдан шыққан сұйықтықты басқа бір қоңыр банкіге құйып, аузын жауып, тағы да салқын жерге қояды. Ертеңінен бастап тамақтан жарты сағаттан кейін ас қасықпен күніне 3 рет ішу керек.
Дәрі бұзылмас үшін салқын жерде сақтаған дұрыс. Ал 2 - 3 аптаның ішінде көбіктеніп, дәмі бұзыла бастаса, оны ішуге болмайы. 
* * *
250 грамм аршылған арпа дәнін 1 литр суға жартысы қалғанша қайнатып, тұндырып сүзіп алады. Қалған суға 450 миллилитр ешкі сүтін қосып, тағы бір қайнатып, астан бір сағат бұрын үштен бірін ішеді. Бір қайнатқаны бір күнде бітеді. Емдеу мерзімі – 20 күн. Бір апта үзіліс жасап, қайталай беруге болады. 
* * *
Екі ас қасық сұлы дәнін, осындай мөлшерде қоңыр мейіз қосып 1, 5 литр суға жартысы қалғанша ақырын қайнатады. 2 сағат тұндырып, суын таза ыдысқа құйып алады. Сұлы мен мейізді сығып алуға болады. Осы тұнбаға 1 ас қасық бал араластырады. Ол өкпе мен қолқаның қабыну сырқатына да шипа. 
* * *
2 грамм мумиені 10 - ға бөліп, әр бөлігін бір ас қасық қайнатылған сумен ішеді. Немесе бір құты піскен сүтке бір шай қасық бал және әлгі мумиенің бір бөлігін қосып, жатарда ішіп жатады. Бір емдеу мерзімі он күн. Бес күн үзіліс жасап, тағы қайталайды. Осы әдіспен 3 - 4 рет емделуге болады.

Буындағы тұзды тазартуға болады Буындағы тұзды тазартуға болады
Жасы ұлғая келе көп адамдарда буынға, бүйрекке, өтке тұз бен тас қиыршықтары жинала бастайды. Тұз буындарға да жиналады. Одан табиғи жолмен
Халық емі: Алоэден жасалатын он дәрмек Халық емі: Алоэден жасалатын он дәрмек
Суық тигенде. Бұл қоспаны дайындау үшін сізге 300 грамм алоэ жапырақтары, 3 ас қасық бал және 3 ас қасық спирт қажет. Жапырақтарды еттартқыштан
Геморройға дауасы бар Геморройға дауасы бар
1. Уатылған қалақай (крапива) жапырағы мен итшомырт (крушина) қабығынан 2 ас қасығын ыдысқа салып, үстінен 0, 5 литр қайнаған су құяды. Баяу жанған
Халық емі: Бронхит Халық емі: Бронхит
Шағын шыны шәйнекке 400 грамм суды қайнатып, үстіне 1 ас қасық бал араластырыңыз. Одан кейін шәйнектің шүмегіне түтік кигізіп, бал араласқан су буын
Мұны өзіңіз жасай аласыз. Мұны өзіңіз жасай аласыз.
Ревматизм асқынған кезде көктемде немесе күзде қазылған ошаған тамырынан 15 грамын 300 грамм суға 7 минут қайнатып, бұқтырады.
Шашты дұрыс күту Шашты дұрыс күту
8 ас қасық жөке гүліне 0,5 л. Су құйып, 20 минуттай қайнатады. Алынған нәрмен басты бір ай бойы жуса, шаштың түсуі тақтайды. Ошаған түбірін майдалап
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×