ойын сауық отауы
Бүйректегі құмды қууға көмектеседі
23.10.2022 1 611 0 Admin

Бүйректегі құмды қууға көмектеседі

Денсаулық
Бүйректегі құмды қууға көмектеседі
Бүйректегі құмды халықтық ем тәсілдерімен шайып кетіруге болады. Ол үшін алдымен ультрадыбыстық зерттеуден өтіп, бүйректе тастың бар - жоғына көз жеткізіп алу керек. Ал бүйректен құмды қуудың ең жеңіл жолы мынадай:
Белгілі бір күндерді таңдап, күні бойы тек қарбыз жеп тұру керек. Оған тек қара нан қосып жеген дұрыс. Неғұрлым көбірек жеген сайын нәтиже соғұрлым жақсы болады, бүйректен құм тез шыға бастайды. Қарбыз орнына алма, қияр қолдануға да болады. Сусынды көбірек ішу керек.
Дала қырықбуыны (хвощ полевой), спорыш, золотарник те бүйректен құмды қуады. Мысалы, 5 ас қасық спорыш үстіне 1 литр қайнаған су құяды да, бірнеше сағатқа тұндырып қояды. Бұл – бір күндік доза, оны кешке келесі күнге дайындап қоюға да болады. Бір күнде шай орнына ішіп тауысады.
Ақжелкек (петрушка) тамыры мен шөбі бүйректегі құмнан арылтады. Бір күндік дозасын былай дайындайды: 1 ас қасық тамыр мен шөп қосындысына 500 миллилитр қайнаған су құйып, 2 сағатқа тұндырады. Сүзіп алып, бір күнде ішіп тауысады.
Күнбағыс тамырынан жасалған қайнатынды да бүйректен құмды қуады, оған қоса тасты үгітеді.
Жасы үш жылдан асқан итмұрын тамырын әбден ұсақтайды. Кешкісін ыдысқа 2 шай қасық тамырын салып, үстіне 1 литр қайнаған су құяды. Сосын 10 минут баяу отта қайнатады. Тұндыру үшін термосқа құяды. Ертеңіне жарты стаканнан үш мезгіл түтік арқылы ішеді. Әйтпесе ол тіс эмалін бүлдіреді. Ішіп болғасын ауызды шаю керек. Бұл дәрмекті екі апта қабылдайды. Бір ай үзіліс жасап, тағы қайталауға болады.
Бүйрегінде құм бар адамдар былай да емделсе болады:
Үш орташа қызыл алманы ыдысқа ұсақтап турап салады. Үстіне бір литр су құйып, қайнатады, 15 минут пісіреді. Ыдысты орап қойып, ішіндегіні тұндыру керек. Мұндай компотты күн сайын күні бойы ішіп тұрса, бүйректегі құмнан құтқарады.
Қара тұрып шырынын сұйық әселмен (1: 2 мөлшерінде) араластырады. Әсел қоюланса, оны «су моншасында» сұйылту керек. Осы қоспаны бір ас қасықтан күніне үш мезгіл тамақтан соң ішіп тұру керек. Ем курсы – 1 ай.
300 грамм жүзім жапырақтарын жақсылап жуып, кептіріп, ұсақтайды. Банкаға салып, үстінен 1 литр тузу мұздай су құяды. Қараңғы жерде 3 күн тұндырады. Бір ай бойы жарты стаканнан, үш мезгіл ішіп тұру керек.
... Міне, осындай әдіс - тәсілдерді қолдана отырып бүйректі құмнан арылтуға болады. Әрине, ол үшін емдеуші дәрігерге көрініп, кеңесін алған дұрыс болмақ.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Өкпе қабынғанда Өкпе қабынғанда
6 ақ шикі жұмыртқаны жуып, қабығымен бірге қоңыр шыны ыдысқа салу керек. Оның үстіне орташа 10 лимон шырынын құяды. Содан соң ыдыстың аузын дәкемен
Халық емі: Анар қабығының таңғажайып қасиеттері Халық емі: Анар қабығының таңғажайып қасиеттері
Қысқы жемістердің қыстағы кеселдерге қарсы күресетін қауқары бар. Мысалы, анар. Оның қабығына дейін қолдануға болады екен. Жүрек ырғағының бұзылуы: 2
Геморройға дауасы бар Геморройға дауасы бар
1. Уатылған қалақай (крапива) жапырағы мен итшомырт (крушина) қабығынан 2 ас қасығын ыдысқа салып, үстінен 0, 5 литр қайнаған су құяды. Баяу жанған
Ағзаны тазартудың түрлі тәсілдері Ағзаны тазартудың түрлі тәсілдері
Адам ағзасы машина секілді: бірқалыпты жұмыс істеуі уақыт өте баяулайды, жас ұлғая сыр бере бастайды. Бұл кезде ағзаның жұмыс істеу күшін бастапқы
Бет терісін әжемнен қорғау, қара дақтарды кетіруге маска түрлері Бет терісін әжемнен қорғау, қара дақтарды
Бет терісінің әжімі мен шаршау белгілерінен арылтатын бұл табиғи маска тиімділігімен ерекшеленеді.
Цемент Цемент
Құм мен құмды кіріктіріп жалғайтын, "Тас пен тасты біріктіріп қолдайтын, Топтасуға жаны ғашық, Үгілгеннің бағын ашып,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×