ойын сауық отауы
Камфора спиртін пайдаланудың 10 себебі
14.11.2022 768 0 Admin

Камфора спиртін пайдаланудың 10 себебі

Денсаулық
Камфора спиртін пайдаланудың 10 себебі
Камфора спирті мен майы негізінен бұлшықет аурулары, артрит, сіңір мен бұлшықет тіндерінің созылуын емдеу және қан айналымын жақсарту мақсатында қолданылады. Біз ұсынатын рецепттер сізге көмекші болсын.
1. Артрит. Артриттен айығуға камфора спирті көмектеседі. Саусақтарыңыз немесе аяқтарыңыз ауырса, алдымен ыстықтау суда жақсылап булаңыз да, қол - аяғыңызды азырақ мөлшердегі камфора спиртімен тез арада, жылдам ысқылаңыз. Осылайша қол мен аяқтың артритін біржолата ұмытасыз.
2. Арқа мен буын ауруы. Ауырған жеріңізге, аяқ, арқа, буындарыңызға камфораның аз мөлшерін жағып, массажды қимылмен ысқылаңыз. Емдік әсерін күшейту үшін компресс жасауға да болады. Алайда тамырыңызда варикоз болса, сіз үшін камфора қарсы көрсетілген.
Артрозға қарсы жақпа май жасау үшін 50 грамм камфораны 100 грамм спиртте «ерітіп», үстіне 50 грамм қыша ұнтағын (горчица) қосып, жақсылап араластырыңыз. 2 - 3 жұмыртқаның ақуызын қосып және араластырсаңыз, жақпа май дайын. Онымен тізені ысқылау керек. Бұл жақпа маймен, тіпті, 3 - дәрежелі артрозды да жеңіп шығуға болады!
3. Бас пен тіс ауруы. Камфора әлсіздіктен естен танғанда, шок жағдайынан арылту үшін таптырмас құрал. Сондай - ақ ол тіс ауруы мен бас ауруы үшін, қабыну процестерінен туындаған қышыманы емдеуде жиі қолданылады.
4. Ұйқысыздық. Камфора спирті мен майы шаршаңқылық пен ұйқысыздықты, депрессиялық және стресстік жағдайларды жеңу үшін, орталық жүйке жүйесін нығайту және оның жұмысын жақсарту үшін қолданылады.
Камфора спиртінің 2 тамшысын бір қасық балға қосыңыз. Немесе 1 ас қасық бал, 1 стакан су және 2 - 3 тамшы камфора спиртінен тұратын қоспа әзірлеңіз. Егер балға аллергияңыз болса, оны кез - келген басқа сұйықтықпен алмастыруға болады.
Камфора спиртін ішке қабылдаудан, ішуден қорықпай - ақ қойсаңыз болады, өйткені ол улы емес, камфора спирті мен камфора майы аллергия тудырмайды, ол Қытайда өсетін камфора «еменінен» жасалады.
5. Жөтел. Камфора спиртімен ингаляция жасау өкпеге су жиналуы, жөтел сияқты аурулар кезінде жақсы көмектеседі. Егер кішкентай баланың қызуы көтеріліп тұрса немесе өкпе қабынуы болса, камфорамен кеудесі мен арқасын ысқылаудан артық тәсіл жоқ.
6. Алкогольге қарсы. Камфора спирті алкоголизмге қарсы керемет құрал. Егер адам қатты мас болып, өзін нашар сезінсе, бір стакан суға 10 - 15 тамшы камфора спиртін құйып, сусын ретінде берген дұрыс. Жағдайы біршама жақсарып қалады.
7. Суық тию. Тамақ ауруы, жөтел, тіпті, бронхитті емдеуде камфора керемет көмекші. Емдеу тәсілі де қарапайым – ингаляция жасау. Ылғалдандыратын қасиеттерінің арқасында жөтел жеңілдеп, мұрынмен тыныс алу жақсарады.
Сондай - ақ, денені ысқылау үшін қой немесе ешкі майы және 1 шай қасық камфора спирті керек болады. Ұйықтар алдында кеуде, арқа, аяқ және мойын аймағына жағып жатыңыз, әсерін көп өтпей - аө байқайтын боласыз.
8. Отит. Ортаңғы құлақтың қабынуын емдеу үшін компресс тиімді. Бірақ камфораны таза түрінде спиртпен қолданса күйдіруі мүмкін. 1: 1 қатынасында сумен сұйылтылған тұнбаны қолдану керек. Дәкені сұйықтыққа малып, ауырған құлақ аумағына қойыңыз. Сыртынан целлофанмен жауып, оның сыртынан кез - келген матамен орауға болады. Бұл процедураны ең ұзақ дегенде 2 сағаттан асырмаған дұрыс.
9. Дерматологиялық аурулар. Тері ауруларының көпшілігі қышу және тітіркенумен қатар жүреді. Бұл жағымсыз белгілерді жоюдың ең оңай жолы – зардап шеккен аймақтарды камформен майлау. Әсіресе, экзема жағдайында тиімді құрал.
10. Бөртпе. Тек жасөспірімдерде ғана емес, терінің ерекшеліктеріне қарай ересектерге де бөртпе болуы таныс жағдай. Безеуді кетіріп, бетіңізді тазарту үшін 5 таблетка стрептоцид, 2 таблетка левомицетин, 10 мл. салицил және 50 мл. камфора спиртінен жасалған қоспа көмектеседі. Сондай - а, күнделікті қолданатын қарапайым лосьон, бетті тазартуға арналған көбік, т. б. құралдарыңызға камфораның бірнеше тамшысын араластырып қоюға болады.
Камфора спирті беттегі пигменттік дақты жою, тері тесіктерін тарылту, майлы жылтырды жою үшін де қолданылады. Құрамында камфорасы бар сабын да бөртпемен күресуде нәтижелі деуге болады. Оның құрамында түймедақ, лимон қышқылы және пероксид бар.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Қышаны емге қолдану жолдары Қышаны емге қолдану жолдары
Қышаны (горчица) тағамның дәмін келтіруге, тәбет ашу үшін қолданатыны белгілі. Сондай - ақ ол халық медицинасында да кеңінен қолданылады.
Халық емі: Алоэден жасалатын он дәрмек Халық емі: Алоэден жасалатын он дәрмек
Суық тигенде. Бұл қоспаны дайындау үшін сізге 300 грамм алоэ жапырақтары, 3 ас қасық бал және 3 ас қасық спирт қажет. Жапырақтарды еттартқыштан
Жаңғақтың жүрекке жәрдемі бар Жаңғақтың жүрекке жәрдемі бар
Жаңғақтың адам денсулығына пайдасы көп. Сондықтан оны емге пайдалануға болады.
Бал мен жаңғақ қосып әзірленген торт Бал мен жаңғақ қосып әзірленген торт
Үлкен ыдысқа жұмыртқа, шекер, бал, сары майды салыңыз, жаңғақты да майдалап салыңыз, ұнды аз-аздан салып тұрып, өте жұмсақ қамыр илеңіз.
Ананас қосылған салат (Королевский салат) Ананас қосылған салат (Королевский салат)
Тауық етін қайнатып пісіріп алу қажет. Тауық етін, ананасты, саңырауқұлақты төртбұрышты етіп немесе ұзынша етіп қалауыңызша тураңыз.
Бал қосылған торт (Торт медовик) Бал қосылған торт (Торт медовик)
Торт медовик Бұл тортты дайындауда үшін қамыр қоймалжың болуы шарт.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×