ойын сауық отауы
Қышаны емге қолдану жолдары
14.11.2022 610 0 Admin

Қышаны емге қолдану жолдары

Денсаулық
Қышаны емге қолдану жолдары
Қышаны (горчица) тағамның дәмін келтіруге, тәбет ашу үшін қолданатыны белгілі. Сондай - ақ ол халық медицинасында да кеңінен қолданылады. (Оны әзірлеудің әр халықта өзіндік рецепті бар).
Ал қышада түрлі антиоксиданттар, қабынуға қарсы әсері мол заттар бар. Яғни оны емге қолдануға болады. Тек аллегриясы бар, терісі сыртқы әсерді нәзік қабылдайтын, асқазан - ішек жолдары ауруларынан зардап шегетін адамдарға ғана оны қолдануға болмайды.
Халық медицинасында қышаны мынадай дерттерден емдеуге қолданады: Бронхит. Ыстық суға 150 грамм қыша мен 1 стакан тұзды ерітіп, аяқты сол суға бұлау керек. Сосын аяқты шайып, сүртіп, жылы шұлық киеді.
Өкпе қабынғанда қышаның қуырылып, уатылған дәнін балға қосып, түйірлеп, күніне 10 данадан жеп тұру керек. Сондай - ақ уатылған қышаны қайнаған сүтке сеуіп, күніне бір мәртеден ішеді.
Тамақ ауырғанда жарты шай қасық қыша, бір қасықтан тұз, бал және аздаған лимон шырынын жарты стакан суда ерітедІ. Бұл ерітіндімен тамақты күніне 6 мәртеге дейін шайып тұру керек.
Ал диабеттен зардап шегетіндер ақ қыша дәнінен бір шымшым ішіп тұрса болады. Артынша суық суда 3 сағат тұндырылған пияз сығындысын ішкен дұрыс. Егер несеп қабында, бүйректе тас болса, онда 1 литр шапарқа 100 грамм ұыша ұүтағын қосып, күніне 1 рет таңертең ашқарынға немесе кешке ұйқы алдында ішіп тұру керек.
Буын аурулары кезінде 150 грамм спиртке 10 грамм қыша дәнін салып, 10 күн тұндырған соң проблемалы тұсқа күніне 3 мәрте жағып тұрады. Шашты, оның тамырын нығайтуға да қыша көмекші бола алады. Ол үшін қышаны қант қосылған ыстық суда дайындау керек. Осыдан басқа маска жасалады да, үстінен 20 - 40 минутқа сүлгі оралады. Кейін шашты жуу керек. Сондай - ақ 1 литр жылы суға қосылған 2 ас қасық қыша да шашты нығайып, өсіруге көмектеседі.

Өкпе қабынғанда Өкпе қабынғанда
6 ақ шикі жұмыртқаны жуып, қабығымен бірге қоңыр шыны ыдысқа салу керек. Оның үстіне орташа 10 лимон шырынын құяды. Содан соң ыдыстың аузын дәкемен
Халық емі: Алоэден жасалатын он дәрмек Халық емі: Алоэден жасалатын он дәрмек
Суық тигенде. Бұл қоспаны дайындау үшін сізге 300 грамм алоэ жапырақтары, 3 ас қасық бал және 3 ас қасық спирт қажет. Жапырақтарды еттартқыштан
Геморройға дауасы бар Геморройға дауасы бар
1. Уатылған қалақай (крапива) жапырағы мен итшомырт (крушина) қабығынан 2 ас қасығын ыдысқа салып, үстінен 0, 5 литр қайнаған су құяды. Баяу жанған
Жаңғақтың жүрекке жәрдемі бар Жаңғақтың жүрекке жәрдемі бар
Жаңғақтың адам денсулығына пайдасы көп. Сондықтан оны емге пайдалануға болады.
Халық емі: Бронхит Халық емі: Бронхит
Шағын шыны шәйнекке 400 грамм суды қайнатып, үстіне 1 ас қасық бал араластырыңыз. Одан кейін шәйнектің шүмегіне түтік кигізіп, бал араласқан су буын
Қабынуға қарсы лимонды пайдаланыңыз. Қабынуға қарсы лимонды пайдаланыңыз.
Суық тигенде балды жылы сүтпен (бір ас қасық балды бір стақан сүтке) лимон сөлімен (100 грамм балға бір лимонның сөлін ) ішу ұсынылады. Суық тиіп
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×