ойын сауық отауы
Халық емі: Ағзаны тазартатын сусындар
03.04.2023 417 0 Admin

Халық емі: Ағзаны тазартатын сусындар

Денсаулық
Халық емі: Ағзаны тазартатын сусындар
Салауатты өмір салтын бастау үшін уақыт немесе мезгіл таңдаудың керегі жоқ. Бастысы – сіздің ниетіңіз. Сосын тәуекелге бел бууыңыз керек. Одан кейін ағзаны қарапайым да тиімді тәсілдермен тазартып алғаныңыз дұрыс екен. Мамандар бұл ретте мынадай малдарды ұсынады:
1. Алма және даршын
Алманы жұқалап кесіңіз. Оған 500 миллиграмм таза ас суын және 1 шай қасық ұнтақталған даршынды қосып, араластырыңыз. Суытып қойып, күні бойы ішіп жүріңіз. Алма мен ұнтақталған даршын қоспасы зат алмасу процесін қалыпқа келтіріп, ас қорыту жолдарын тазартады.
2. Лимон шырыны мен бал
Енді 2 ас қасық лимон шырынын 200 миллиграмм жылы сумен араластырыңыз. Бұл қоспаға 1 шай қасық табиғи бал мен бір шымшым ұнтақталған зімбірді қосыңыз. Қарныңыз аш күйінде, таңғы асқа жарты сағат қалғанда ішіңіз. Ол ас қорыту жүйесін тазартып, қан тамырларын қатайтып, ағзаңызға күш - қуат береді.
3. Зімбір сусыны
3 - 4 сантиметрлік зімбір (имбирь) тамырын қабығынан тазартып, ұсақтап тураңыз. Оған 1 литр ыстық су қосып, орташа оттың үстінде 10 минуттай қайнатыңыз. Сүзіп алып, суытыңыз. Суыған соң бір шымшым ұсақталған даршын және бірнеше ас қасық итмұрын шырынын қосыңыз. Күні бойы 100 - 150 миллиграмм көлемінде, тамақтан жарты сағат бұрын ішіп отырыңыз. Сонда ас қорыту жүйесі қалыпқа келіп, тазарады.
4. Қызылша шырыны
Бұл да ағзаны тазартуда таптырмайтын тамаша сусын. 1 қызылша, 2 алма және 4 балдыркөк сабағынан шырын дайындаңыз. Күніне 2 рет, тамақтан жарты сағат бұрын 2 ас қасықтан ішіп отырыңыз.
5. Цитрусты коктейль
1 апельсин, 1 лимон мен 1 сәбізден шырын дайындап, оған 100 миллиграмм минералды су қосыңыз. Тамақтан жарты сағат Бұрын аш қарынға ішіп алыңыз. Бұл коктейльдің құрамында антиоксиданттар көп болғандықтан, шаршап тұрған сәтте тамаша көмекші болары анық.
6. Қияр мен балдыркөк
1 қияр мен 1 балдыркөк сабағын ұсақтап, 300 миллиграмм су қосыңыз. Оны күні бойы сусын орнына ішіп жүруіңізге болады.
Бұл сусындарды әрқайсысын 7 - 10 күн шамасында қолданып, келесісіне өту арқылы да ағзаны тазартып, иммунитетті күшейтіп, күш - қуатыңызды арттыртыныңыз анық. Тек ерінбесеңіз болғаны. Мен мұны былтыр ғаламтордан оқып, үш ай жалғастыра жасап көрдім. Өзімді сергек сезінетінімнен бөлек, реңімнің тазарып, жасарып қалғанын құрбыларым да байқаған екен. Қазір олар да осы сусындар арқылы ағзаларын тазартып жүр.

Халық емі: Артық салмақтан құтқарады Халық емі: Артық салмақтан құтқарады
Адамды артық салмақ мазаласа төмендегі ем-шараларын жасап көруге болады. Ағзаны артық майдан, сонымен қатар артық салмақтан табиғи жолмен құтқаратын
Халық емі: Анар қабығының таңғажайып қасиеттері Халық емі: Анар қабығының таңғажайып қасиеттері
Қысқы жемістердің қыстағы кеселдерге қарсы күресетін қауқары бар. Мысалы, анар. Оның қабығына дейін қолдануға болады екен. Жүрек ырғағының бұзылуы: 2
Халық емі: Имунитетті көтерудің төте жолы Халық емі: Имунитетті көтерудің төте жолы
Лимон, зімбір (имбирь), сарымсақты тең мөлшерде алып, еттурағыштан өткізіңіз. Бәрін араластырып, банкаға салып, тоңазытқышта сақтайсыз. Осыны шай
Ағзаны тазартудың түрлі тәсілдері Ағзаны тазартудың түрлі тәсілдері
Адам ағзасы машина секілді: бірқалыпты жұмыс істеуі уақыт өте баяулайды, жас ұлғая сыр бере бастайды. Бұл кезде ағзаның жұмыс істеу күшін бастапқы
Лимон - денсаулық сусыны. Лимон - денсаулық сусыны.
Лимонның ең бірінші сыртқы түсіне, яғни сыртқы түсі қанық сары түсті, сырты тегіс және піскен екендігіне көз жеткізуіңіз керек, бірақ дақтары
Бал мен банан оралған құймақ Бал мен банан оралған құймақ
Үлкенірек ыдысқа сүтті құйып үстіне жұмыртқа, йогурт, шекер, тұз, ұн, көпсіткіш, ванильді қант барлығын қосып араластырыңыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×