ойын сауық отауы
Лимон тұнбасы
11.10.2023 476 0 Admin

Лимон тұнбасы

Денсаулық
Лимон тұнбасы
Лимоннан үй жағдайында да көптеген емдік тұнбалар, қайнатпа жасауға болады екен. Біріншіден, мұндай емнің жанама әсері, яғни зияны жоқ. Екіншіден, ол арзан әрі пайдалы. Жалпы, лимон тыныс органдарының ауруларына, әсіресе ауа арқылы таралатын вирустық инфекцияларға, жұқпалы сырқаттарда жақсы көмектеседі.
Баспа (аргина) мазаласа адам жұтыну кезінде қатты қиналып, ыстығы көтеріледі, тамағы қызарып, ісіп кетеді, буындары мен басының ауырғанын сезінеді. Осы аурудан айығу үшін 1 кило лимон алсаңыз жетіп жатыр.
Мұндайда лимонның қабығын аршып, оны бір - бір бөліктен алып, дәкеге орап, жеке - жеке сығып, сөлін шыны ыдысқа жинайсыз. Лимон шырыны қанша болса, оған сонша көлемде минералды су қосасыз. Дайын болған лимон шырынын баспадан емделу кезінде сусын орнына ішіп жүріңіз. Ол тәбеттің артып, қызудың көтерілмеуіне, тамағыңыздың тез жазуына көмектеседі, аурудың таралуын тоқтатады.
Өкпе қабынуын (пневмония) қайтару үшін 4 бас сарымсақ, 8 ас қасық бал және 1 лимон қажет. Сарымсақты үккіштен, ал лимонды қабығымен қоса еттартқыштан өткізіңіз. Оны 8 қасық балмен араластырыңыз. Дайын болған осы қоспаны 7 - 10 күн бойы таңертең ашқарынға 1 шай қасықтан ішсеңіз пайдасы шаш етектен. Бұл қоспа тынысты кеңейтіп, инфекцияны жояды, суықты айдап, тәбетті арттырады. Ал ең бастысы, иммунитетті көтере отырып, ағзаның осы ауруға қарсы күресін күшейтеді.
Бұл емді мен үйде балалар ауырып қалғанда қолданамын. Нәтижесі өте жақсы.

Халық емі: Ағзаны тазартатын сусындар Халық емі: Ағзаны тазартатын сусындар
Салауатты өмір салтын бастау үшін уақыт немесе мезгіл таңдаудың керегі жоқ. Бастысы – сіздің ниетіңіз
Қабынуға қарсы лимонды пайдаланыңыз. Қабынуға қарсы лимонды пайдаланыңыз.
Суық тигенде балды жылы сүтпен (бір ас қасық балды бір стақан сүтке) лимон сөлімен (100 грамм балға бір лимонның сөлін ) ішу ұсынылады. Суық тиіп
Маңызды кездесуге бара жатсаңыз лимон шырынын ішіп шығыңыз. Маңызды кездесуге бара жатсаңыз лимон шырынын
Лимон шырыны адамның жұмыс істеуге деген қабілетін арттырып, психологиялық тепе - теңдікте болуына көп септігін тигізеді.
Лимон - денсаулық сусыны. Лимон - денсаулық сусыны.
Лимонның ең бірінші сыртқы түсіне, яғни сыртқы түсі қанық сары түсті, сырты тегіс және піскен екендігіне көз жеткізуіңіз керек, бірақ дақтары
Адам денсаулығына лимонның қандай пайдасы бар? Адам денсаулығына лимонның қандай пайдасы бар?
Лимонның денсаулыққа пайдасы мол. Осы ретте төменде лимонның қосындысынан жасалған бірнеше қоспаларды ұсынғанды жөн санап отырмыз.
Лимонның пайдасы Лимонның пайдасы
Лимонның барлық пайдалы қасиеттері оның ішкі жұмсағында, дәл осы жұмсағында дәрумендер көзі жинақталған.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×