ойын сауық отауы
Табиғат берген дәрумен кем болмас ешбір дәріден
27.11.2023 128 0 Admin

Табиғат берген дәрумен кем болмас ешбір дәріден

Денсаулық
Рухани - танымдық сүрлеулер
Табиғат берген дәрумен кем болмас ешбір дәріден
Банан құрамындағы А, В, С, РР, Е дәрумендерінің, сахароза, фруктоза, глюкоза, алма қышқылы, ферменттер мен минералды заттар, фосфор, магний, калий, кальций, натрийдің арқасында диеталық тағам ретінде асқазанда жеңіл қортылып, жүйке жүйесі, жүрек қан тамырлары, бауыр, бүйрек, өт ауруларының алдын алып, бойға күш - қуат сыйлайды. Банан ағзадағы зиянды қалдықтарды сыртқа шығарып, өт, бауыр, асқазан жолдарын тазартады. Күйзеліс кезінде, көңілсіздік орын алғанда көңіл - күйді жадыратады.
Итмұрын – С дәруменіне бай жеміс. Бұл жеміс иммунитетті көтеріп, инфекциялық ауруларға жол бермейді. Қансыздықпен де күресіп, ұйқыны тыныштандырады. Піскен итмұрында С дәрумені қарақаттан он есе, лимоннан елу есе, алмадан жүз есе көп. Оның құрамында сондай - ақ В1, В2, В6, РР, Е, К дәрумендері мен темір, мыс, кальций, калий, магний, марганец сияқты заттар да бар.
Жапырағындағы аскорбин қышқылы қарақат жемісінен – 10, алмадан 100 есе көп. Одан сорпа жасаған дұрыс. Дәнінен алынған май іш құрылысы ауруларына, түрлі жаралар мен күйікке пайдалы.
Лимон – бет терісін ағартады, секпілмен, пигментті дақтармен күресуде қолданылады. Ол асқазан суының қышқылдығын төмендетеді. Бас ауырса, лимонмен маңдайды ысқылап, не шырынын жағып қоюға болады. Құрамындағы С дәрумені мен калий жүйке, иммунді жүйесі мен мидың жұмысын жақсартып, қан қысымын қалпына келтіреді. Лимон қосылған су ішек - қарын жолдарын тазалап, ас қорытуды жақсартады. Р дәруменінің арқасында қан тамырларын беріктендіреді. Холестерин мөлшерін төмендетіп, шлактарды шығарады. Лимонның шырыны тәттіге деген тәбетті төмендетіп, қартаюдан сақтайды.
Шырынын суға қосып ашқарынға асықпай ішу пайдалы. Шырын бүйрек, зәр түтігі мен оның қапшығының қабынуын болдырмайды.
Лимон майы тұмауратқанда пайдалы. Ол үшін лимонды бір минут ыстық суға салып, содан қабығымен тураған соң, 100 грамм сары май мен 1 - 2 ас қасық балды араластырып ішеді.
Әсел құрамында йод, темір, фосфор, марганец, калий, В тобының дәрумендеріне бай өте пайдалы азық. Депрессия, ас қорыту, ұйқысыздық мазалағанда жәрдемі мол.
Құлпынай дәрумендерге бай ең керемет жеміс. Оның құрамында терінің қартаюына, холестериннің көбеюіне жол бермейтін С дәрумені, қан айналымына ат салысып, буын ауруының алдын алатын К дәрумені, қаназдықты болдырмай, жүрек - қан тамыр ауруларын емдеуге көмегі бар фолий қышқылы, жүйкені тыныштандыратын В1 дәрумені, бауыр мен көз жанарының жұмысын жақсартатын В2, қартаюдың алдын алатын Е, стреске шалдығуға жол бермейтін В6, көзге пайдалы, иммунитетті көтеретін А, рахитке ем Д дәрумендерімен қатар калий, темір, магний, кальций, мырыш, кремний, мыс, марганец сияқты минералдар бар.
Таңқурай (малина) – емдік қасиетке толы дәрмек. Құрамында А, Е, В2, РР дәрумендері, мыс, аскорбин қышқылы, глюкоза, органикалық қышқылдар, ақуыздар мен пектиндер, азот қоспалары бар. Бұл жидектен жасалынған тосапты суық тигенде, дәрумен жетіпегенде, несеп жүргізуге, іш ауруын басуға, бүйрек тасын тазалауға, өт айдауға, жөтелге, гемоглобин арттыруға, тәбет ашуда, ас қорытуды жақсартуда, дене қызуын басуда еш қауіпсіз қолдануға болады. Құрамындағы калий мен магний жүрек тамырлардың қабырғаларын нығайтады. Денедегі ісікті басуға жол ашады. Балғын күйінде жесе, іштің қатып қалуына жол бермейді.
Шабдалы – адамды күйзелістен шығаратын, көңіл - күйді көтеретін, ойлау мен есте сақтау, зейін аудару қабілеттерін арттыратын жеміс. Құрамында темір, кальций, натрий, фтор, фолацин, ниацин, фосфор, мыс, марганец, селен, мырыш, магний, С, В, К, РР, Е дәрумендері бар. Шабдалы шырыны жүректің бұлшық етін нығайтады, асқазан қышқылы төмендерге пайдалы, ас қорытуды жақсартады. Әжімді жазып, терінің жақсартып, ағаруына әсері айтарлықтай. Ерекше бір қасиеті: қандағы гемоглобин құрамын арттырады.

баспаға әзірлеген
Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Қан аздықта құлпынай жеңіз Қан аздықта құлпынай жеңіз
Ежелде қан аздық пен жатырдан қан кету, бала тұрақтамау сынды сырқаттарда науқасқа жаңа піскен құлпынайды шыны ыдысқа езіп берген екен. Зерттеушілер
Әр қыз-келіншектердің ас мәзірінде болуы тиіс 5 өнім Әр қыз-келіншектердің ас мәзірінде болуы тиіс 5
Әр әйелдің ас мәзірінде болуы тиіс 5 өнім Біз сау әрі жас болуды қалаймыз. Бұл үшін косметологқа да барып жатамыз.
Банан әрі дәмді әрі пайдалы жеміс. Банан әрі дәмді әрі пайдалы жеміс.
Ағзаға пайдалы астың бәрі дәмді бола бермейді. Бірақ, мұның бананға еш қатысы жоқ. Жемістің бұл түрін сүйіп жейтіндер көп әрі ол ағзаға өте пайдалы.
Ең пайдалы 10 тағам түрі Ең пайдалы 10 тағам түрі
Ең пайдалы 10 тағам түрі
Жаңғақтың адам ағзасына пайдасы Жаңғақтың адам ағзасына пайдасы
Көптеген жаңғақ түрлерінің адам ағзасына қандай пайдасы бар екенін білетін боламыз.
Қауынның пайдасы мен зияны Қауынның пайдасы мен зияны
Қауын – калориясы төмен жеміс түрі. Оның 100 грамында небары 33 калория болады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×