ойын сауық отауы
Қиналғанда көмектесетін қызық тәсілдер
27.11.2023 409 0 Admin

Қиналғанда көмектесетін қызық тәсілдер

Денсаулық
Қиналғанда көмектесетін қызық тәсілдер
Біреу айтса сенбес едім, бірақ мына тәсілдер шынында да қиналған сәтте жедел көмек бола алатынына көзім жетті. Жазып алыңыз, керек болады. Қиналғанда көмегі тиері сөзсіз.
Тісіңіз ауырса…
Ауызды ашпай - ақ ауырсынуды басуға болады. Қолдың сырт жағынан – бас бармақ пен сұқ саусақтың біріккен тұсына кішкене мұз қойып, соны жайлап үгітіңіз. Осы бөлікте жүйке талшықтарының бірқалыпқа түсуі мида ауруды сезіну мүмкіндігін азайтады.
Түнде асқазаныңыз қыжылдаса…
Сол жақ қырыңызбен жатыңыз. Зерттеулер көрсеткендей, мұндай жағдайда асқазанға түсетін қышқылдан адам аз зардап шегеді. Өңеш пен асқазан белгілі бір бұрыш бойынша орналасқан. Сіз оң жағыңызбен жатқанда асқазан жоғары, сол жақпен жатқанда төмен тұрады.
Мұрныңыз бітелсе…
Тіліңізді шығарып, қастың ортасын саусақпен қысу керек. Нәтижесінде мұрынның арқалық тұсындағы сүйектердің қатпарлары босайды. Олар қозғалған соң қысым да жеңілдейді. 20 секундтан соң мұрын ашылады.
Жүрегіңіз қатты соқса…
Бас бармағыңызды үрлеңіз. Себебі жүрек соғысын реттеуде тыныс алудың әсері бар. Терең ауа жұту жүректің қалыпқа түсіп, соғу реттесе, терең ауа шығару тітіркенген жүйкені тыныштандырып, жүрек соғысын баяулатады.
Жүгіруден соң бүйіріңіз ауырса…
Бұл үшін тыныс алуды реттеу керек. Сол аяқпен жерді басарда тыныс алыңыз. Көп адамдар жерге оң аяғы тигенде дем шығарады. Бұл оң жақ бауырда қысымды қалыптастырып, ауруды өршітеді.

Бауырды сауықтыратын тәсілдер Бауырды сауықтыратын тәсілдер
Бауырға күтім жасау өте маңызды мәселе. Себебі бүгінгі күні бауыр ауруларының тым жасарып бара жатқанын айтып, дәрігерлер дабыл қағып отыр.
Тіс ауырса... Тіс ауырса...
«Тіс ауруы - шақырылмаған қонақ» деген сөз бар. Күтпеген жерден басталып, әсіресе түнде мазаны алатын тістің ауырғанын басатын амалдарды әрбіріміздің
Күлкі жайлы қызық фактілер! Күлкі жайлы қызық фактілер!
● Күлкіні зерттейтін ғылым - гелотология деп аталады. ● Күлкі өкпені «тазалайды». Күлген уақытта ұзағырақ, терең тыныс аламыз да, өкпені аз да болса
Мимикалық әжімнен адамның мінезін тану Мимикалық әжімнен адамның мінезін тану
Уақыт өте біз, әлбетте, қартаямыз және сол қартаюдың алғашқы белгілері – әжімдер. Терісі құрғақ, арық адамдарға, әсіресе, мимикалық әжім ерте түседі.
Мен жақсы адаммын ба? (мотивация) Мен жақсы адаммын ба? (мотивация)
Мотивация - Мен жақсы адаммын ба? - Әрине, сен өте жақсы адамсың.
Өмірдің өзі қызық - ақ Өмірдің өзі қызық - ақ
Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық - ақ, Жап - жақсы жырды кейде біз түзеумен жүрміз бұзып ап. Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық - ақ,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×