ойын сауық отауы
Тіс ауырса...
11.12.2022 514 0 Admin

Тіс ауырса...

Денсаулық
Тіс ауырса...
«Шақырылмаған қонақты» қуудың жолы
«Тіс ауруы - шақырылмаған қонақ» деген сөз бар. Күтпеген жерден басталып, әсіресе түнде мазаны алатын тістің ауырғанын басатын амалдарды әрбіріміздің біле жүргеніміз жақсы. Өйткені «шақырылмаған қонақ» келгенде қарсы амалға дайын болған жақсы ғой.
Сарымсақты алып, оның қабығын суы шыққанға дейін аршыңыз. Содан кейін оны ауырған тісіңізге немесе иек қызыл етіне қойыңыз. Түсіп қалмау үшін саусақпен басып ұстап тұру немесе мүмкіндік болса таңып байлап тастау қажет. Мақсат – сарымсақтың сөлі тістің ауырған жеріне дөп тиіп, ұзақтау тұру керек. Оны тісіңіздің ауруы басылғанша алмаңыз. Негізі сарымсақ тістің ауруын әп - сәтте басады.
Мына бір қызық тәсілге қараңыз: тісіңіз ауырса, жуаны (пияз) аршып, ауырған емес, қарама - қарсы тіске, не қызыл иекке қойып, ауру басылғанша ұстап тұрыңыз.
Тұзды су да тіс ауруын басатын тиімді тәсіл. Бір стакан қайнаған суға (ыстық емес, жылытылған бөлме температурасындағыдай) бір шай қасық тұз салып, жақсылап араластырыңыз. Осы сумен тіс пен ауыз қуысын шаяды. Ауырған жерге тұз ерітіндісі баратындай етіп, асықпай және ұзақ шайған жөн. Тұзды су ауруды басып, қанның ағуын тыяды. Егер күнде кешкілік тамақтан кейін аузыңызды тұзды сумен шаюды әдет етсеңіз, тіс аурынан аулақ боласыз.
Тісім ауырмасын десеңіз мына кеңестерді жадыңызда ұстаңыз: Аптасына екі рет іске массаж жасау керек. Яғни тісіңізді шақырлатып қайрау немесе бір - біріне соғу сияқты әрекет жасау тістің қызыл иекке бекуін қаматамасыз етеді және эмаль қабатын қалыңдатуға оңды әсері бар.

Камфора спиртін пайдаланудың 10 себебі Камфора спиртін пайдаланудың 10 себебі
Камфора спирті мен майы негізінен бұлшықет аурулары, артрит, сіңір мен бұлшықет тіндерінің созылуын емдеу және қан айналымын жақсарту мақсатында
Халық емі: Тізеге балық байлайды Халық емі: Тізеге балық байлайды
Буын аурулары көбінесе жас кезінде аяғынан суық өткен жағдайда, генетикалық ауру жағдайында, 50 жастан асқан әйелдерде көптеп кездеседі. Соның ішінде
Алма қосылған аджика Алма қосылған аджика
Көкөністердің бәрін жуып тазалап алу керек. Барлық көкөністерден езбе дайындау қажет (сөл сыққыш құрал немесе еттартқыш пайдалану). Езілген
Ауыз қуысы мен тісті күтудің қарапайым тәсілі. Ауыз қуысы мен тісті күтудің қарапайым тәсілі.
Бұл тәсіл тісті ағартуда, тісті тастардан тазартуда, қызыл иектің ауруы кезінде, ауыз қуысына шығатын жағымсыз иіспен күресуде өте тиімді әсер береді.
Ауру Ауру
«Дәрігер, дәрі, бақсы!»- деп, Алмаңдаршы мазаны. «Тірліктен өлім жақсы!»- деп, Сұраймын өзім қазаны.
Капуста (қырыққабат) тұздау Капуста (қырыққабат) тұздау
Бұл ашты қырыққабатты қыс бойы жеуге арнап тұздайтын болғандықтан, тұзды суды үлкен шелекке дайындап алыңыз. 10 литр мұздай суға шамамен 0,5кг жуық
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×