ойын сауық отауы
Жазғы тұмау, күз - қыстағы суықтаудан сақтану
27.11.2023 496 0 Admin

Жазғы тұмау, күз - қыстағы суықтаудан сақтану

Денсаулық
Ол білетін бір рецепт
Жазғы тұмау, күз - қыстағы суықтау маусымында ол үнемі бір рецеп қолданады. Тиімді, оңай. Әсіресе балалардың иммунитетін көтеруде қолайлы.
Жарты литрлік банкаға орташа лимонның жартысын қабығымен қоса ұсақтау етіп турайды. Үстіне сарымсақтың 7 - 8 тісін ұсақтап турап салады. Оған алдын - ала суытып қойған қайнаған су құйып, бетін жауып, 4 күнге қараңғы жерге қояды. Кейін оны сол күйінде тоңазытқышта сақтау керек. Осы қоспаны отбасымыздағы 5 адам түгел күнде таңертең ашқарынға 1 ас қасықтан қабылдаймыз. Рас, аздап қышқылдау. Бірақ бұл қара күзден ерте көктемге дейін біздің отбасымызды суықтаудың азабы, тұмаудың әлегінен сақтайды. Алда - жалда тұмау жұға қалса да жеңіл, тез өте шығады.
Лимон мен сарымсақ қоспасы витаминге бай, вирусқа қарсылық қуатын арттыратын, иммунитет көтеретін дайын витамин кешені – БАД десе болады. Олай дейтінім, БАД та дәрі болып саналмайды, бірақ ағзаны қажетті витаминдермен толықтыра отырып, ұзақ та тұрақты қолданса, көмегі жақсы екені дәлілденген ғой. Ол білетін рецепт те сондай. Денсаулыққа пайдасы болсын десеңіз оны қыркүйектен сәуірдің ортасына дейін үзбей жалғастырғаныңыз дұрыс. Бірақ асқазан қышқылы жоғары, гастрит мазалайтын адамдарға бұл қоспаны қолдануға болмайды.

Жүйкеңіз жұқарса, жасап көріңіз Жүйкеңіз жұқарса, жасап көріңіз
Жаздың аптап ыстығында себепсіз шаршау, болдыру, жүйкенің қажуы жасы ұлғайған адам түгілі, жастарда да кездесетін жайт. Оған қарсы мынадай төрт
Бүйректегі құмды қууға көмектеседі Бүйректегі құмды қууға көмектеседі
Бүйректегі құмды халықтық ем тәсілдерімен шайып кетіруге болады. Ол үшін алдымен ультрадыбыстық зерттеуден өтіп, бүйректе тастың бар - жоғына көз
Өкпе қабынғанда Өкпе қабынғанда
6 ақ шикі жұмыртқаны жуып, қабығымен бірге қоңыр шыны ыдысқа салу керек. Оның үстіне орташа 10 лимон шырынын құяды. Содан соң ыдыстың аузын дәкемен
Халық емі: Он бес түрлі ауруға ем болатын сусын Халық емі: Он бес түрлі ауруға ем болатын сусын
Бұл сусынды өзіңіз - ақ, үйде жасай аласыз. Көп уақытты алмайды. Қымбат та емес. Ал пайдасы шаш - етектен. Айтып отырғаным кәдімгі лимон қосылған су.
Халық емі: Имунитетті көтерудің төте жолы Халық емі: Имунитетті көтерудің төте жолы
Лимон, зімбір (имбирь), сарымсақты тең мөлшерде алып, еттурағыштан өткізіңіз. Бәрін араластырып, банкаға салып, тоңазытқышта сақтайсыз. Осыны шай
Құлпынай компотын дайындау (қысты күнге сақтау үшін) Құлпынай компотын дайындау (қысты күнге сақтау
Құлпынай нәрсуы (Клубника компоты). Құлпынай компотын дайындау өте оңай. Мұнда жеміс қайнатылмайды, қайнаған су екі қайтара құйып жабады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×