ойын сауық отауы
Қазақша қыз есімдері мағынасымен
04.08.2015 39 002 0 Admin

Қазақша қыз есімдері мағынасымен

Есімдер сыры
Абира..... Асылтас
АБИРА - тәжік тілінен алынған абера — шөбере, шөбере қыз.
АҒИЛА - араб және иран тілдерінен алынған агиля — ақылды, парасатты сөзінен жасалған.
АҒЛИЯ - грек тілінен — сұлулық, көркемдік, салтанат.
АДЛИЯ - тәжік тілінен алынған адл — әділдік, ақиқаттық + ия қосымша.
АЖАР - көрікті, келбет, нұрлы; түр, өң.
АЖАРГҮЛ - гүл сияқты әдемі, сұлу, көрікті.
АЖАРХАН - көрікті, ажарлы, әрлі, нұрлы.
АЗА - тәжік тілінен алынған азза — қымбатты, сүйікті, сүйкімді.
АИДА - араб тілінен — пайда, сый.
АЙАСЫЛ - Ай + асыл,
АЙБАЛА - ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылған есім.
АЙБАРША - қазақ тілінен алынған ай және барша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бұның барша сыңары тіліміздегі «алтын мен күмістен безелген мата» деген сөз.
АЙБИКЕ - екі сөзден бірігіп жасалған есім, сыңарындағы бике сөзі араб тілінде әйел деген сөз. Яғни Айдай сұлу әдемі, көркем деген ұғымды білдіреді.
АЙБИБІ – қазақтың сөзі ай + тәжік тілінен алынған биби — әйел, ханша деген мағынаны білдіреді. Бұл есім қыз бала сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылады. Түрлері — Бүбіш, Бүбіхан, Айбүбі, Бүбі.
АЙГҮЛ – қазақтың сөзі ай — тәжіктің сөзі гүл. Гүл сөзі тәжік тілінде роза деген мағынаны береді. Бұл есім қыз бала айдай сұлу, гүлдей жайнаған көрікті болсын деген тілекпен қойылған.
АЙҒАНША - қазақ тілінен алынған ай және ханша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Айдай сұлу деген мәнді білдіреді.
АЙҒЫЗ - айдай сұлу, көркем қыз бала.
АЙДАЙ - айдай сұлу, көркем.
АЙДАНА – қазақтың сөзі ай + тәжік тілінен алынған дана - білгір, данышпан, ғалым.
АЙДАРИЯ – қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған дария - теңіз, үлкен өзен.
АЙЖАМАЛ – қазақтың сөзі ай + араб тілінен алынған жамал — әдемі, сұлу, яғни айдай сұлу, әдемі болсын деген мәндегі есім.
АЙЖАН – қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған жан. Айдай сұлу, әдемі.
АЙЗАДА - қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған зада — перзент, бала. Айдай перзент, бала.
АЙЗЕРЕ - қазақ тілінен алынған ай + зере иран тілінен зер — алтын. Алтынай есімінің синонимі.
АЙЗИБА - қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған зиба - сұлу, көркем. Ай сияқты сұлу.
АЙЗИЯ - қазақтың сөзі ай + зия - араб тілінен алынған зийна - жарық, сәуле, шұғыла, яғни ай сәулелі сұлу.
АЙКҮМІС - қазақтың сөзі ай + күміс - сұлу, әдемі, көркем.
АЙМАН – қазақ тілінен — белгілі, әйгілі, даңқты; араб тілінен - ант, серт. Біріккен тұлғалы есімдер — Айманай, Аймангүл.
АЙМИРА – жана есім ай + орыс тілінен мир — бейбітшілік, тыныштық. Бейбіт, тыныштық болсын деген тілекпен қойылған есім.
АЙНА - араб тілінен алынған аин — көз, қарақ, жүз көретін шыны, әйнек.
АЙНАГҮЛ - тәжік тілінен алынған айна — жүз көретін қалың шыныдан жасалған зат. Пәктіктің, тазалықтың, адалдықтың символы ретінде көбіне қыз балаларға қойылатын есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Айнажан, Айнанұр, Айназия.
АЙНАША - айна сияқты жарқыраған, әдемі, сұлу.
АЙНҰР - қазақ тілінен алынған ай + араб тілінен алынған нұр — жарық, шұғыла. Ай сипатты, ай келбетті.
АЙПАРА - қазақ тілінен алынған ай + иран тілінен алынған парә — пари — періште, сұлу; яғни Ай періштесі, Ай көрікті. Айрықша, ерекше, бөтенше.
АЙСӘУЛЕ - екі сөзден құралған қыз есімі. Айдың сәулесі сияқты жарық болсын деген үмітпен қойылған.
АЙСҰЛУ - екі сөзден құралған қыз есімі. Ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылған көне тұлғалы, дәстүрлі есім.
АЙТОЛДЫ - бақытым толды, бағым жанды, балам айдай көркем, сұлу болсын, деген тілекпен қойылған.
АЙША - араб тілінен алынған гайшә — көне еврей тілінен айше - ұзақ әмір сүруші, өмірге құмар, құштар. Түрлері — Ғайша, Қайша.
АЙШАЙЫМ - Айша және айым сөздерінен қысқарған есім.
АЙШОЛПАН - Ай мен Шолпан сияқты жарқыраған, жайнаған сұлу деген мағынада қойылған есім.
АЙЫМ - менің бақытым, ырысым, айдай сұлуым деген мәнде қойылған есім.
АЙЫМГҮЛ - менің ай мен гүлім деген мағынада қойылған есім.
АЙЫМЖАН - айымдай жаным деген мағынада қойылған есім.
АЙЫМША - ай сияқты жарық, ашық деген мағынада қойылған есім.
АҚАЙША - аппақ, жарық айдай деп айға балап қойылған есім.
АҚБАЛА - сұлу, әдемі қыз бала.
АҚАРУ – жаңа есім – аппақ, адал, жарық, сұлу, әдемі қыз болсын деп берілген есім.
АҚБӘТЕС - ақ және бәтес сөзінен қойылған қыз есімі, яғни аппақ, әдемі, сұлу.
АҚБОТА - бала аппақ бота сияқты болған соң ұқсату мақсатымен қойылған есім.
АҚЖІБЕК - Жібек есіміне ақ сөзін үстемелей қосып жасалған қыз есімі. Аппақ, әдемі, жібектей болсын деген мағынада қойылған.
АҚЗИЯ – қазақ сөзі ақ + араб тілінен алынған зия - жарық, сәуле, арай.
АҚҚАЛ - қазақ тілінен алынған ақ + тәжік тілінен алынған хол - бетке шыққан мен. Бетінде яки денесінде қалы бар балаларға осындай ат қойған. Түрлері — Қалбибі, Қалтұрған, т. б.
АҚҚЫЗ - аппақ, әдемі, сұлу қыз бала.
АҚМАРАЛ - бұл есім сұлу анды қасиет тұтумен байланысты қойылған.
АҚНӘЗІК – нәзік, мейрімді, әдемі қыз бала.
АҚТАМАҚ - бейнелеу түрінде қойылған есім.
АҚТОҚТЫ - төл аттарын балаға қою қазақ тұрмысында ертеден бар.
АҚЛИМА - араб тілінен алынған ғәклыя — ақыл, сана, ес, ақыл парасаты.
АЛҚА - асыл тастардан, маржаннан тізілген мойынға тағатын моншақ. Оған гүл сөзі қосылып жаңа есім жасалады. Мәселен, Алқагүл.
АЛМА - қыз балаларға есім ретінде қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Алмагүл, Алмақан, Алмажан.
АЛТЫН - көбіне әйел адамдарға қойылатын есім. Бұған ай, гүл, бике, шаш, зер, т. б. сөздер қосылу арқылы біріккен тұлғалы есімдер жасалады — Алтынай, Алтынгүл, Алтыншаш т. б.
АЛУА – араб тілінен алынған халва — тәтті дәм, тағам. Бала балдай болсын деген тілекпен қойған. Дыбыстық өзгеріске ұшыраған түрі — Қалуан.
АМАН - сау, есен, саламат. Бұған гүл, ғайша, бала сияқты сөздер қосылып: Амангүл, Аманғайша, Аманбала сияқты біріккен тұлғалы есімдер жасалады.
АНАР - иран тілінен - қызыл түсті дәні бар алма тектес жеміс. Осы сөздің қосылуы арқылы жасалған есімдер.— Анаргүл, Анархан, Анаржан, Гүлнәр және т. б.
АНИСА - араб тілінен алынған — жолдас, дос, жора.
АРАЙША - арай сөзіне ша қосымшасының қосылуы арқылы жасалған есім.
АРДАҚ - құрмет, қадір.
АРНА - бір адамға бағыштау, арнайы қою.
АРУ - сұлу, көркем.
АРШАТ - араб тілінен - адал, таза, батыл, сенімді, қайырымды.
АСИЯ - иран тілінен — қайырымды, мейірімді (әйел).
АСЛИ - араб тілінен — нағыз, шын. Түрі - Аслия.
АСПАЗИЯ - грек тілінен — қалаулы, әдемі, сүйкімді.
АСЫЛ - араб тілінен алынған әсил - негіз, түбір, түп нұсқасы; шынайы, нағыз; қымбатты, ардақты.
АСЫЛЖАН - асыл және жан сөздерінен - мәртебелі, иігі жанды қыз болсын деген мағынасын білдіреді.
АСЫЛША - асыл және шахзада сөздерінен жасалған есімнің қысқарған түрі.
АСЫЛТАС - қымбат бағалы тас.
АЯНАТ – араб тілінен ийан – өз көзімен көру, айқындылық, анықтық, ақиқат, шындық.

Қазақша қыз есімдері. Қызыңызға қандай есім таңдадыңыз?
Қыздардың есімдері мағынасымен
Ерекше қыз есімдері мағынасымен
Қазақша қызға арналған есімдер тізімі
Қазақша қыз есімдері мағынасымен
Қазақша қыз есімі мағынасымен
Әбиба...... Әдемі
Бағила...... Бүлдіршін
Гауһар...... Гүлшаш
Ерзада...... Еркежан, Жазира...... Жібек
Ерекше қыз есімдері мағынасымен
Жиі қойылатын есімдер
Зағила...... Зылиқа
Индира...... Ирада, Кабира...... Күнсұлу
Лазым...... Ләтипа, Мағрипа...... Мүштари
Сағида...... Сындыбала
Өміргүл...... Өрзия, Пана...... Перизат, Рабия...... Рухия

Қыздардың есімдері мағынасымен Қыздардың есімдері мағынасымен
УӘЗИПА - араб тілінен алынған — таза, пәк; сұлу, көркем. УӘСИЛА - араб тілінен алынған вәсилә — көмек, жәрдем; шыдамды, төзімді, күтуші.
Ерекше қыз есімдері мағынасымен Ерекше қыз есімдері мағынасымен
НАҒИЗА - иран тілінен — әдемі, сұлу, көркем. НАҒИМА - араб тілінен алынған нагімә — мейірімді, жарқын, инабатты; биязы, нәзік, жұмсақ.
Индира...... Ирада, Кабира...... Күнсұлу Индира...... Ирада, Кабира...... Күнсұлу
Индира...... Ирада ИНДИРА – үнді тілінен алынған — ай. ИРАДА - араб тілінен алынған — ерік, ықылас. Кабира...... Күнсұлу
Ерзада...... Еркежан, Жазира...... Жібек Ерзада...... Еркежан, Жазира...... Жібек
Ерзада...... Еркежан ЕРЗАДА – қазақ сөзі ер + иран тілінен алынған зада - бала, перзент; батыр. Қыз бала ер, батыл болсын деп қойылған есім. ЕРЗИБА –
Гауһар...... Гүлшаш Гауһар...... Гүлшаш
Гауһар...... Гүлшаш ГАУҺАР - иран тілінен алынған гауһар — қымбат бағалы тас, маржан, інжу. Түрі - Жаухар. ГАЯНА - грек тілінен — жерге тән, жерден
Әбиба...... Әужа Әбиба...... Әужа
Әбиба...... Әужа ӘБИБА - араб тілінен алынған Хабиба есімінің өзгерген түрі. Мағынасы — дос, мейрімді жолдас, өмірлік серік. ӘДЕМІ – қазақтың сөзі
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×