ойын сауық отауы
Өжет...... Өтетілеу, Пазыл...... Пірәлі
01.08.2015 9 779 0 Admin

Өжет...... Өтетілеу, Пазыл...... Пірәлі

Есімдер сыры
Өжет...... Өтетілеу
ӨЖЕТ - - ткір, батыл, табанды.
ӨЗБЕК - өзбек халқы атынан қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Өзбекбай, Өзбекәлі.
ӨЗЕНБАЙ - өзенге, суға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
ӨКТЕМ - өктем, үстем, басым, өмірлі.
ӨКІМ - араб тілінен алынған окм — үстемдік; өкімет, билік; шешім, үкім; пікір, түсінік.
ӨЛКЕБАЙ - қарауында көп өлке, аймақ, алқап, тұрак, мекен болсын, соларға үстем болсын деген тілекпен қойылған есім.
ӨМІР - араб тілінен алынған ғомр - ғұмыр; тіршілік.
ӨМІРБАЙ - бала өмірлі болсын, өмір - жасы ұзақ болсын деп қойған есім. Фонетикалық түрі - Өмірбек.
ӨМІРҒАЗЫ - араб тілінен алынған - өмір + ғазы — жауынгер.
ӨМІРҒАЛИ - өмірі Ғалидын өміріндей болсын деп қойылған.
ӨМІРЗАҚ - араб тілінен алынған өмір + қазақ сөзі зақ - ұзақ, көп жасайтын, ғұмыры ұзақ, өлмейтін. Синонимдері — Өмірбай, Өмірбек, Өміржан, Өміртай және т. б. Еркелете - қысқартып айту түрі — Өмекен, Өміш, Өмен.
ӨНДІРІС – жаңа есім, өндіріс орны, кәсіпорын.
ӨНЕРБЕК - өнері мықты, өнерлі адам.
ӨРЕКЕН - көне түркі шор, хақас тілінде қарт, қария.
ӨРЕН — жұрттан асқан ерекше, ерен; жасөспірім ұрпақ.
ӨРІМ - жас өспірім, өндірдей жас жеткіншек.
ӨСЕР - ер жетіп азамат болар деген мәнде. Біріккен тұлғалы есім - Өсербай.
ӨСКЕНБАЙ - байлығы өсіп, көбейсін деген мағыналы есім.
ӨТЕБАЙ - байлығы асқан, тасыған бай.
ӨТЕГЕН - орнын толтыру, төлеу.
ӨТЕГАЛИ – қазақ тілінен өте + араб тілінен алынған ғали - жоғары, биік. Аса биік, өте жоғары, аса батыр.
ӨТЕМАҒАМБЕТ, ӨТЕМҰХАМБЕТ – қазақ сөзі өте + араб тілінен алынған Мохаммед. Мұхамбеттей атағы асқан, даңқты деген мағынада қойылған есім. Қысқаша тұлғасы — Өтембай. Еркелету түрі — Өтеш.
ӨТЕТІЛЕУ - ұл балаға зар болып, көп сұранып, тіленіп жүрген кезде туған сәбиге қойылған есім.
Пазыл...... Пірәлі
ПАЗЫЛ - (қараңыз: Фазыл).
ПАЛУАН - араб тілінен алынған пахлаван — күшті күрескер.
ПАЛУАНҒАЛИ - аса күшті палуан.
ПАНАБЕК - иран тілінен алынған панаһ — қорғаныш, тірек + бек. Мықты қорғаныш, тірек.
ПАРАСАТ - араб тілінен алынған ақыл - ой.
ПЕРДЕБЕК - араб тілінен алынған парда — күш; яғни күшті, мықты.
ПІРӘЛІ - араб тілінен алынған пир — ауыспалы мағынасы мықты, күшті. Біріккен тұлғалы есім – Пірімғұл.

Талжан...... Тұрсынай Талжан...... Тұрсынай
ТАЛЖАН – тал - өзен бойында өсетін сәнді, нәзік, иіліп тұратын ағаштың бір түрі, қосымша - жан. ТАЛШЫБЫҚ - қыз бала талшыбықтай көркем, әдемі болсын
Индира...... Ирада, Кабира...... Күнсұлу Индира...... Ирада, Кабира...... Күнсұлу
Индира...... Ирада ИНДИРА – үнді тілінен алынған — ай. ИРАДА - араб тілінен алынған — ерік, ықылас. Кабира...... Күнсұлу
Ерзада...... Еркежан, Жазира...... Жібек Ерзада...... Еркежан, Жазира...... Жібек
Ерзада...... Еркежан ЕРЗАДА – қазақ сөзі ер + иран тілінен алынған зада - бала, перзент; батыр. Қыз бала ер, батыл болсын деп қойылған есім. ЕРЗИБА –
Обай...... Ошақбай Обай...... Ошақбай
Обай...... Ошақбай ОБАЙ - монғол тілінен алынған овоо — көрім, тәуір, жақсы. ОЖАРБАЙ – қазақтың есімі ожар — қайсар, бірбет, өжет + бай.
Байсан...... Бәкір Байсан...... Бәкір
Байсан...... Бәкір БАЙСАН - біріккен тұлғалы есім. Ауыспалы мағынасы есебі жоқ, қисапсыз. Түрі — Сансызбай. БАЙСАРЫ - бай + сары. Байсары есімінің
Баба...... Байсал Баба...... Байсал
Баба...... Байсал БАБА - иран тілінен алынған бобо — арғы ата, дада. Біріккен тұлғалы есімдер — Бабажан, Бабахан, Бабанияз. БАБАҒАЛИ - иран тілінен
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×