ойын сауық отауы
Берен...... Бірлік
28.07.2015 18 585 0 Admin

Берен...... Бірлік

Есімдер сыры
Берен...... Бірлік
БЕРЕН - асыл құрыш.
БЕРЖАН - бер + жан - жанын беретін, ештене аямайтын адам деген мағыналы есім.
БЕРКІН - берік, мықты бол сөзінін қысқаша тұлғасы. Біріккен тұлғалы есім — Беркінбай.
БЕРҚАЙЫР – қазақ тілінен алынған бер + араб тілінен алынған кейр - жақсы, қайырымды, тамаша. Бала мейірімді, қайырымды болсын деген тілекпен қойылған.
БЕРНАР - бер + нар - күшті, мықты. Бала күшті, мықты болсын деген тілекпен қойылса керек.
БЕРІК - мықты, бекем, беркін, табанды, тұрақты.
БЕРІКБАЙ - (қараңыз: Мығым)
БЕСБАЙ - балаға Үшбай, Бесбай, Жетібай, Тоғызбай деп есім беру белгілі бір ырыммен байланысты болған.
БИАХМЕТ - қазақ тілінен алынған би - әкім + араб тілінен алынған ахмет — мақтаулы, мақтауға лайық.
БИБАТЫР - қазақ тілінен алынған би + батыр.
БИҒАЛЫМ - қазақ тілінен алынған би - үлкен + араб тілінен алынған ғалым.
БИДАЙБЕК - бала астыққа кенелсін деген тілекпен қойылып отырған.
БИЖАН - билік, үстемдік, әкімдік жүргізуші адам.
БИМАН - би + иран тілінен алынған ман - адам, яғни әкім адам.
БИМАҒАМБЕТ – қазақ тілінен алынған би + араб тілінен алынған Мұхаммед. Құдіретті деген мағына береді. Қысқарған түрлері — Битай, Бимет.
БОДАН - көне түркі тілінен алынған будун — халық, ел.
БОЗАЙ - тіліміздегі боз — көп мағыналы сөз: ақшыл - сарғылт, ашық - қылан түс; құрғақ сор жер; ауыспалы мағына жас өспірім боз бала; жаңа (боз үй, боз киіз). Баланы айға балау негізінде қойылса керек.
БОЗДАҚ - жас жігіт, бозбала. Түрлері — Бозжан, Бозжігіт. Еркелете қысқартып айту түрі — Бозтай.
БОЛАТ - иран тілінен алынған пулад — құрыш. Біріккен тұлғалы есімдер — Болатжан, Болатбек, Болатқан, Болаттай, Жанболат, Бекболат, Тасболат, т. б.
БОЛАТБЕК - иран тілінен алынған пулад — құрыш + бек. Болаттай мықты, берік болсын деп қойылған есім.
БОЛАТЖАН - болаттай берік, мықты адам деген мағына береді.
БОЛАТҚОЖА - мықты қожайын деген мағынаны білдіреді.
БОЛҒАН - кемеліне келіп толған, жетілген, кенелген деген мағынаны білдіретін есім.
БОЛҒАНБАЙ - кемеліне келіп, толып жетілген, кенелген бай адам деген мағыналы есім.
БОЛСЫНБЕК - құрыштай берік, мықты болсын деп қойылған есім.
БОРАН - бала қатулы, батыл ер болсын деген тілекпен қойылған есім.
БОРАНБАЙ - ерте кезде боранды күні туылған балаға осындай ат қоя берген.
БОРАНҒАЗЫ - ызғарлы, қаһарлы жауынгер, әскер деген мағынаны білдіретін есім.
БОТАБАЙ - бала ботаға бай болсын деген тілекпен қойылған есім. Еркелете кысқартып айту тұлғалары — Ботай, Ботан, Боташ.
БОШАЙ - көне түркі тілінен келген бош — тәуелсіз, еркін + бай.
БӨПЕТАЙ - иран тілінен алынған бәбек, бөбек — жас бала, сәби. Еркелете қысқартып айту тұлғасы Бөпей.
БӨЖЕЙ - дана, данышпан.
БӨКЕЙ - батыр, ер, палуан сөзінің өзгерген түрі.
БӨЛЕБАЙ - туыстық атаумен байланысты қойылған есім, шешелері туыс балалар бөле болады.
БӨЛТІРІК - бала батыл, өткір, азулы болсын деп қойылған есім.
БОРІБАЙ - бала бөрі сияқты еш нәрседен жалтармайтын батыл, азулы, күшті бөлсын деп қойылған есім. Түрі - Қасқырбай.
БУРА - бұл есім бала күшті, мықты болсын деген тілекпен қойылса керек. Біріккен тұлғалы есімдер: — Бурабай, Бурақан.
БҰҒЫБАЙ - бұғыға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
БҰЗАУШЫ - (қараңыз: Тана - бай).
БҰҚА - (қараңыз: Танабай).
БҰЛАБАЙ - бұла — еркін, ерке деген ұғымды білдіреді. Синонимі — Еркебай.
БҰЛАҚБАЙ - бұлаққа балап қойылған есім.
БҰЛАНБАЙ - қазақ тілінен алынған бұлан — бұғы тектес аң.
БҰЛДЫБАЙ - дүниеге бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
БҰЛҚЫШ - есімнің түбірі бұлқы - жұлқы, жұлқып тарт — ш есім қосымшасы. Қайратты, жігерлі, пысық, еті тірі.
БҰРХАН - араб тілінен — дәлел, айғақ, себеп.
БҰХАРА - араб тілінен алынған бұқара — қара халық, Өзбекстандағы әйгілі қала аты, содан қойылған есім. Біріккен тұлғалы есім — Бұхарбай.
БҮРКІТ - бүркіт сияқты алғыр, қыран, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Бүркітбай, Бүркітбек.
БІЖІКЕН - көне алтай тілінен бичик, біжіг — грамота, кітап.
БІЛГІР - көп білетін, білімді, білгіш.
БІЛІМ - оқу, білім.
БИРЖАН — атақты Біржан салдың құрметіне жиі қойылатын есім. Мағынасы — жалғыз, жалқы туған адам.
БІРЛІК - ынтымақтық, бірауыздылык, тұтастық.

Ерзада...... Еркежан, Жазира...... Жібек Ерзада...... Еркежан, Жазира...... Жібек
Ерзада...... Еркежан ЕРЗАДА – қазақ сөзі ер + иран тілінен алынған зада - бала, перзент; батыр. Қыз бала ер, батыл болсын деп қойылған есім. ЕРЗИБА –
Ғазиз...... Ғафура, Дайана...... Ділдә Ғазиз...... Ғафура, Дайана...... Ділдә
Ғазиз...... Ғафура ҒАЗИЗА - араб тілінен алынған азиз - күшті, қуатты; сирек, бағалы; сүйкімді, қадірлі. Аса сирек кездесетін, қадірлі, сүйкімді қыз
Бағила...... Бүлдіршін Бағила...... Бүлдіршін
Бағила...... Бүлдіршін БАҒИЛА - араб тілінен алынған бахи - мәңгілік, өмірлік, берік, тұрақты, мәңгі жасаушы. БАҒЫМША - араб тілінен алынған бақ, бах
Рабат...... Рүстем Рабат...... Рүстем
Рабат...... Рүстем РАБАТ - араб тілінен алынған рафоат — ұлылық, биіктік, жоғары дәреже. РАЗАҚ - араб тілінен алынған раззақ — өмір сүруге, тіршілік
Өжет...... Өтетілеу, Пазыл...... Пірәлі Өжет...... Өтетілеу, Пазыл...... Пірәлі
Өжет...... Өтетілеу ӨЖЕТ - - ткір, батыл, табанды. Пазыл...... Пірәлі ПАЗЫЛ - (қараңыз: Фазыл). ПАЛУАН - араб тілінен алынған пахлаван — күшті
Ғаббас...... Ғұмар, Латиф...... Лұқпан Ғаббас...... Ғұмар, Латиф...... Лұқпан
Ғаббас...... Ғұмар ҒАББАС - (қараңыз: Аббас). ҒАБДІҒАЗИЗ – араб тілінен - қадірлі, құрметті.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×