ойын сауық отауы
Байсан...... Бәкір
28.07.2015 6 683 0 Admin

Байсан...... Бәкір

Есімдер сыры
Байсан...... Бәкір
БАЙСАН - біріккен тұлғалы есім. Ауыспалы мағынасы есебі жоқ, қисапсыз. Түрі — Сансызбай.
БАЙСАРЫ - бай + сары. Байсары есімінің соңғы «ы» дыбысының түсіп, қысқарған түрі Байсар. Синонимі - Сарыбай.
БАЙСЕРКЕ - бай + серке, түрі — Серкебай.
БАЙСҰЛТАН - қазақ тілінен алынған бай + араб тілінен алынған сұлтан. Билік жүргізуші деген мағынаны білдіреді.
БАЙТАҚ — ұшы - қиыры жоқ кең, шексіз; шамадан тыс көп, өте мол.
БАЙТАС - адам өміріндегі бақыт пен байлық тастай берік, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім.
БАЙТЕМІР - баланың өміріндегі байлығы мен бақыты темірдей мықты болсын деген тілекпен қойылған есім.
БАЙТУ - бала бай боп туды, өмірге бай боп келді деген мағынада қойылған есім.
БАЙТУҒАЙ - бала бақытты, өмірі бай боп туса екен деген тілекпен қойылған есім.
БАЙТҰР - бақытты өмір сүр, өмірінде молшылық - береке болсын деген тілекпен қойылған есім.
БАЙШЫ - байышы, бай бол деген мағынаны білдіреді.
БАЙЫР - бай болар, бақытты болар деген мағынаны білдіретін есім.
БАЙЫЗБАЙ - араб тілінен алынған фаиз — молшылық, жомарттық. Тіліміздегі Жомартбай, Мырзабай есімдерімен мәндес.
БАҚАЙ - араб тілінен алынған бахи — қатты, тұрақты, мәңгі.
БАҚҚОЖА - араб тілінен алынған бахт — бақыт, құт, ырыс + араб тілінен алынған ходжа — ұстаз, мырза қожайын.
Бақытты ұстаз, ырысы асқан мырза.

БАҚИ - араб тілінен алынған мәңгілік, адал, тұрақты.
БАҚТАЛАП - араб тілінен алынған бахи + қазақтың сөзі талап. Бағы асқан талапты, талант иесі болсын деген тілекпен қойылған есім.
БАҚТАРАЙ - араб тілінен алынған бәхт + қазақтың сөзі арай. Бақыты жанған, жайнаған деген мағыналы есім.
БАҚТИЯР - иран тілінен — бақытты, кұтты.
БАҚТЫБАЙ - араб тілінен — бақытқа бай, бақытты.
БАҚЫТЖАН - араб тілінен алынған бәхт + иран тілінен алынған жан. Бақытты жан, бағы асқан адам.
БАҚЫТЖАР - араб тілінен алынған бәхт + қазақтың сөзі жар — дос. Бақытты жолдас болсын деген тілекпен қойылған есім.
БАҚЫТҚАЛЫ - (қараңыз: Оразалы).
БАҚЫТКЕЛДІ - (қараңыз: Оразгелді).
БАҚЫТБЕК - (қараңыз: Оразбек).
БАЛАБАЙ - бала + бай. Баласы көп болсын деген тілекпен қойылған есім.
БАЛАҚАЙ - бала сөзінің еркелетіп айту түрі.
БАЛАХМЕТ - араб тілінен алынған бала — жүрек, жан, ес, ой, зейін; қанат, қол + ахмет. Ата - ананың сүйеніші, қанаты, тірегі. Біріккен тұлғалы есімдер — Балқыбал, Балқыбек.
БАЛҒАБЕК - балға + бек, бала балғадай мықты, берік болсын деген тілекпен қойылған есім.
БАЛҒОЖА – араб тілінен алынған бал — жүрек + қожа - жүректің әміршісі, деген мағынаны білдіреді.
БАЛҚЫ, — елжіреу, насаттану. Біріккен тұлғалы түрі — Балқыбек.
БАЛМҰҚАН - араб тілінен алынған бал + араб тілінен алынған мухқан — қызмет етуші. Адал жүрегімен қызмет етуші.
БАЛТА - бала өткір, қайтпас - қайсар батыл, мықты болсын деген ниетпен қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Балтабай,
Балтабек. Еркелете кысқартып айтылған түрі - Балташ.

БАЛУАНҒАЛИ - иран тілінен алынған пахлеван — батыр, ер, күрескер, палуан + араб тілінен алынғанғали — жоғары биік. Ең мықты күрескер, батыр деген мағынаны білдіреді.
БАПА - араб тілінен алынған уәфа — дұрыстық, адалдық; толықтык; сөзде тұру, уәдені орындау.
БАРАТ - араб тілінен алынған бара - босаған, тыныс алған.
БАРАҚ - араб тілінен алынған бәррақ — баррақ - жарқыраған, құбылған.
БАРЖАҚСЫ - барлығы ойдағыдай, көнілдегідей деген мағынаны білдіреді.
БАРИ - араб тілінен алынған бари - жаратушы.
БАРЛАС - моңғол тілінен алынған батыр, атақты жерден шыққан адам.
БАРЛЫБАЙ – қазақтың сөзі бар - үлкен, зор + қосымша лы + бай; дәулетті, бай адам.
БАРЫС - жолбарыс тұқымдас жыртқыш аң; көне, он екі мүшел жыл атынын үшінші аты.
БАСАР - өлген баланың орнын басар, жасы ұзақ болар деген үміт, тілекпен қойылған есім.
БАСҚАН - баласы өлгеннен кейін туған балаға осындай ат қойылған.
БАСТАУБАЙ - бастау + бай, бастаудай мөп - мөлдір, таза адам боп өссін деген тілекпен қойылған есім.
БАСЫМ - күші, білімі басқадан артық, мол, басым болсын деп қойылған есім.
БАТТАЛ - иран тілінен алынған баттол — батыл, өткір, өжет.
БАТТАЛХАН - иран тілінен алынған баттол + көне туркі тілінен алынған хан — өткір, өжет, батыл хан.
БАТЫР - қазақ тілінен алынған каһарман - батыл, ер жүрек.
БАТЫРАЛЫ - батыр + араб тілінен алынған алы, ғали сөзінің жуан айтылуы, яғни батыр ғали.
БАТЫРБЕК - батыр + бек, мықты, күшті батыр. Түрі — Бекбатыр.
БАТЫРҚАН - әрі батыр әрі хан болсын деген тілекпен қойылған көне есім.
БАТЫРЛАН - өжеттену, ер жүректене түсу.
БАТЫРША - батыр + ша, шах иран сөзінің қысқарған түрі. Батыр шах деген мағынаны білдіреді.
БАУБЕК - өмір - жасы ұзақ, өмірлі болсын, табанды жігіт болсын деген тілекпен қойылған есім. Синонимі — Бекбау.
БАУЫРЖАН - ағайынға, туған - туысқа жан - тәнімен берілсін, жанындай жақсы көрсін, бауырмал болсын деген тілекпен қойылған есім.
БАЯЗИТ - араб тілінен Абуязид есімінің өзгерген түрі. Абуязид — Язидтің әкесі деген мағынаны білдіреді. Ал Язид сөзінің тура мағынасы – ерекше, айрықша асқан.
БАЯН - араб тілінен — анық, ашық. Алаңсыз, бақытты деген мағынаны білдіреді.
БАЯНДЫ - тұрақты, табанды.
БАЯТ - араб тілінен — хак, ақшыл түсті.
БӘКІР - араб тілінен — зерттеуші.

Талжан...... Тұрсынай Талжан...... Тұрсынай
ТАЛЖАН – тал - өзен бойында өсетін сәнді, нәзік, иіліп тұратын ағаштың бір түрі, қосымша - жан. ТАЛШЫБЫҚ - қыз бала талшыбықтай көркем, әдемі болсын
Индира...... Ирада, Кабира...... Күнсұлу Индира...... Ирада, Кабира...... Күнсұлу
Индира...... Ирада ИНДИРА – үнді тілінен алынған — ай. ИРАДА - араб тілінен алынған — ерік, ықылас. Кабира...... Күнсұлу
Өжет...... Өтетілеу, Пазыл...... Пірәлі Өжет...... Өтетілеу, Пазыл...... Пірәлі
Өжет...... Өтетілеу ӨЖЕТ - - ткір, батыл, табанды. Пазыл...... Пірәлі ПАЗЫЛ - (қараңыз: Фазыл). ПАЛУАН - араб тілінен алынған пахлаван — күшті
Берен...... Бірлік Берен...... Бірлік
Берен...... Бірлік БЕРЕН - асыл құрыш. БЕРЖАН - бер + жан - жанын беретін, ештене аямайтын адам деген мағыналы есім. БЕРКІН - берік, мықты бол
Бәшір......Береке Бәшір......Береке
БӘШІР - араб тілінен — қуанышты хабар жеткізуші, хабаршы, жаршы. БЕГЕШ - көне түркі тілінен келген, ескі қазақ тілдерінде ведас — хан ұлы деген
Баба...... Байсал Баба...... Байсал
Баба...... Байсал БАБА - иран тілінен алынған бобо — арғы ата, дада. Біріккен тұлғалы есімдер — Бабажан, Бабахан, Бабанияз. БАБАҒАЛИ - иран тілінен
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×