ойын сауық отауы
Абай......Айнан
25.07.2015 15 145 0 Admin

Абай......Айнан

Есімдер сыры
Абай......Айнан
АБАЙ - қазақ есімі, ел ағасы. Абай есімінің мағынасы әр түрлі: абайлағыш, байқағыш, ойшыл деген түсінігі бар. Бұл есім қазір халық арасында жиі қойылады.
АББАС - араб тілінен алынған — қатал, қатыгез, жауынгер. Түрлері - Ғаббас, Қаппас, Қапбас.
АБЗАЛ - араб тілінен алынған - ардақты, аса қадірлі, ең құрметті.
АБЫЗ - араб тілінен алынған — күтуші, қорғаушы, сақтаушы. Жаңа мағынасы — ғалым, білімпаз. Түрлері — Хафиз, Қапыз. Біріккен тұлғалы есім — Абызбай.
АБЫЛАЙ - араб тілінен алынған есім - абыл, әбіл — ата, әке. Әбділмәмбет деген есімнің қысқарған түрі.
АБЫЛҒАЗЫ – араб тілінен ғазы — жауынгер, әскер, яғни жауынгердің, әскердің атасы, әкесі.
АҒАБЕК – көне түркі тілінен алынған аға + бек. Жас жағынан немесе лауазым жағынан үлкен, жоғары бек.
АҒЗАМ - араб тілінен алынған — зор, ең ұлы.
АҒЫН – қазақ есімі - ағыны қатты, лек, екпін.
АДАЙ – көне түркі тілінен алынған - балапан. Бала, сәби, перзент деген ауыспалы мағына береді.
АДАМ - көне еврей тілінен - қызыл, жирен түсті ер адам (балшықтан жасалған кісі, пенде). Біріккен тұлғалы есімдер — Адамбек, Адамбай.
АДЫРБАЙ - қазақ есімі — адыр — биік, дөң, қыр + бай.
АЖАРБЕК - қазақ есімі - ажар — әдемі, шырайлы, көрікті, келісті + бек. Яғни аса көрікті, өте әдемі, келбетті.
АЗАМАТ – араб тілінен алынған - ұлылық, даңқ, нағыз ер жігіт, саналы адам.
АЗАТ - иран тілінен алынған - ерікті, еркін, тәуелсіз адам. Біріккен тұлғалы есімдер - Азатбай, Азатбек.
АЙӘДІЛ - қазақ тілінен - ай + араб тілінен - әділ. Әділ, адал, шыншыл.
АЙБАР – қазақ есімі — айбат, айбын. Бұл есім сәбиге айбатты, айбынды болсын деген мақсатпен қойылады. Сыйлап, құрметтеп айту түрі — Айаға, Айеке, еркелетіп айту түрі — Айбаржан, Айке, Айкеш, Айкен.
АЙБАС – қазақ есімі — ай + бас, ай сияқты ашық, жарқын жүзді адам.
АЙБАТ - қазақ есімі - айбар, қаһар, айбын. Бұл есім сәбиге батыл әрі батыр, айбынды болсын деген мақсатпен қойылады.
АЙБЕК – қазақ есімі - ай + бек — берік, мықты. Сәби ғұмырлы, беделді болсын деген тілекпен қойылған есім.
АЙБОЛ – қазақ есімі - ай + бол — айдай айқын, жарық бол деген мағыналы есім.
АЙБОЛАТ – қазақ есімі - ай + болат - болады — менің айым болады.
АЙБЫН – қазақ есімі. Мағынасы айбар, айбат, батылдық.
АЙҒАЛИ – қазақ тілінен алынған - ай + араб тілінен - ғали — биік, жоғары. Бала әрдайым жоғары мұратқа ие болсын деген тілекпен қойылған болса керек.
АЙДАН – қазақ тілінен алынған - ай + дан — қосымша. Бұл есім бала айдан да жарық, көркем болсын деген тілекпен қойылған.
АЙДАР - қазақ тілінен алынған есім. Балалардың төбесіне қойылған шашы. Ал айдарлы сөзі «мықты, күшті, зор» деген мағынада қолданылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Айдархан, Айдарлы, сондай - ақ синонимдік есімдер — Кекіл, Тұлымхан.
АЙДАРҒАЛИ – араб тілінен айдар — күшті + ғали — биік, жоғары. Бұл есімнің бірінші нұсқасы Хайдарғали болу керек. Бұл есімнің бірінші сыңарын хайдар «арыстан» деп білсек, екінші сыңары араб тілінен — Ғали - Әли. Сонда Хайдарғали арыстан Ғали, батыр Әли деген мағынаны білдіреді. Түрі — Айдаралы.
АЙДАРХАН – қазақ сөзі - айдар, араб сөзі - хайдар + қазақ сөзі - хан, яғни арыстан, жаужүрек хан деген мағынаны береді.
АЙДОС – қазақ есімі - Айдын досы.
АЙДЫН - қазақ есімі — айбат, айбын, каһар, күш - қуат, айқын, ашық, жарық. Біріккен тұлғалы есім - Айдынғали.
АЙЖАРҚЫН – қазақ есімі. Ай және жарқын сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім.
АЙЖАРЫҚ - ай және жарық, қазақтың сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бала ай жарығындай болып, шапағаты басқаға тисін деген тілекпен қойылған есім.
АЙЖАС - ай және жас, қазақ сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Өмірге жана келген сәбиді жаңа туған жас айға теңеп қойылған есім.
АЙЗАТ – қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған зада — «бала» сөздерінен жасалған есім. Ай сияқты аса әдемі, көрікті бала деген мағына береді.
АЙҚЫН – қазақ есімі. Мағынасы әйгілі, белгілі, нақты.
АЙМАҒАМБЕТ - қазақ сөзі - ай + араб сөзі мохаммад — мақтаулы. Айтмақамбет, Аймухамбет деп те айтыла береді. Қысқарған түрі — Аймаған, Аймат.
АЙМАҚ - қазақ есімі — өлке, қиыр, атырап, айнала, маңай, төңірек.
АЙМҰРАТ – қазақ сөзі - ай + араб сөзі морад - мақсат, тілек. Ай сияқты айқын, жарық тілегім, мақсатым деген ниетпен қойылған есім.
АЙНАБЕК – біріккен қазақ сөздері айна + бек. Пәктіктің, тазалықтың, адалдық пен шынайылықтың бейнесі.
АЙНАН - араб тілінен алынған гайнан — шын, дұрыс, тура.

Сағида...... Сындыбала Сағида...... Сындыбала
САҒИДА - араб тілінен — бақытты, табысты болу, рахат өмір сүруші, ауқатты. САҒИРА - араб тілінен — тіл алғыш, құрметті, кіші, кішкене.
Қазақша қыз есімі мағынасымен Қазақша қыз есімі мағынасымен
ОЗАРИЯ - иран тілінен алынған озор — от + ия қосымша. Оттай жанған, өжет. ОПАЖАН - араб тілінен алынған вафа + иран тілінен алынған жан, адал, таза,
Әбиба...... Әужа Әбиба...... Әужа
Әбиба...... Әужа ӘБИБА - араб тілінен алынған Хабиба есімінің өзгерген түрі. Мағынасы — дос, мейрімді жолдас, өмірлік серік. ӘДЕМІ – қазақтың сөзі
Рабат...... Рүстем Рабат...... Рүстем
Рабат...... Рүстем РАБАТ - араб тілінен алынған рафоат — ұлылық, биіктік, жоғары дәреже. РАЗАҚ - араб тілінен алынған раззақ — өмір сүруге, тіршілік
Өжет...... Өтетілеу, Пазыл...... Пірәлі Өжет...... Өтетілеу, Пазыл...... Пірәлі
Өжет...... Өтетілеу ӨЖЕТ - - ткір, батыл, табанды. Пазыл...... Пірәлі ПАЗЫЛ - (қараңыз: Фазыл). ПАЛУАН - араб тілінен алынған пахлаван — күшті
Ғаббас...... Ғұмар, Латиф...... Лұқпан Ғаббас...... Ғұмар, Латиф...... Лұқпан
Ғаббас...... Ғұмар ҒАББАС - (қараңыз: Аббас). ҒАБДІҒАЗИЗ – араб тілінен - қадірлі, құрметті.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×