ойын сауық отауы
Нұрлан Ноғаев кәсіпкерлерді халық алдында адал болуға шақырды
20.12.2016 1 175 0 Дауыл

Нұрлан Ноғаев кәсіпкерлерді халық алдында адал болуға шақырды

Жаңалықтар
ЕСКЕРТУ: Бұған дейін Атырау облысында мұнай төгіліп, табиғатқа зиян келіп жатқаны айтылған еді.

Нұрлан Ноғаев кәсіпкерлерді халық алдында адал болуға шақырды

Нұрлан Ноғаев кәсіпкерлерді адалдыққа шақырды. Бұл туралы Атырау өңірінің басшысы бүгін, 20 желтоқсанда өткен жұмыс отырысы барысында айтты. Кеңес барысында облыстың экологиялық жағдайы, соның ішінде қараусыз қалған мұнай ұңғымалары мәселесі сөз болды.

“Аймақта жер қойнауын пайдаланып отырған кәсіпкер өз ісіне адал болуы керек. Ең бастысы халыққа пайдасын тигізу бағытында жұмыс істеуі қажет”, - деді аймақ басшысы.

Айта кетелік, бұған дейін Атырау облысындағы “Күмісбек” кен орнындағы екі ұңғымадан мұнай төгіліп, табиғатқа зиян келіп жатқаны айтылған еді. Кен орнын қытайлық үлесі бар “Көлжан ойл” компаниясы пайдаланып келген. Алайда жыл басында фирмамен келісімшарт мерзімі аяқталып, компания ұңғымаларын қараусыз тастап кеткен.

“Күмісбектегі” қараусыз қалған ұңғымаларды өз ақшамызға бітеуге мәжбүр болдық. Ал бұған жауапты тұлғалар байланысқа шықпай отыр. Бұл, түптеп келгенде, олардың халық алдындағы жауапкершілігінің жоқтығы. Себебі, бұл – халықтың жері”, - деді Нұрлан Ноғаев.

Аймақ басшысы қарамағындағыларға ұңғыма айналасын тазартып, топырақ қабатын қалыпқа келтіру жұмыстарымен айналысуды тапсырды.

Айта кетелік, 2002 - 2009 жылдар аралығында Атырау облысы әкімдігі өз күшімен қараусыз қалған 48 гидрогеологиялық ұңғыманы бітеген. Қазіргі қараусыз қалған қауіпті мұнай ұңғымаларын анықтап, соларды тығындау бағытында жұмыс жүріп жатыр.

Құрметпен, Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Атырауда 2 батыр анаға алқа табыс етілді Атырауда 2 батыр анаға алқа табыс етілді
Бүгін атыраулық қос анаға алтын және күміс алқа табысталды. Президенттің жарлығымен бекітілген алқаларды аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев бүгін әйелдер
Шахандағы жарылыстан соң Атырауда кемі 1800 пəтер орталық жылыту жүйесіне қосылуы мүмкін Шахандағы жарылыстан соң Атырауда кемі 1800 пəтер
Бұл туралы кеше, 19 қаңтарда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың Жылыой ауданына жұмыс сапары кезінде белгілі болды. Сапар барысында аймақ басшысы мəжіліс
Атырау қаласына жастарға арналған заманауи саябақ керек Атырау қаласына жастарға арналған заманауи саябақ
"Атырау қаласына жастарға арналған заманауи саябақ керек деп ойлаймын. Сол себепті "банан бағы" жобамды ұсынамын. Қаланың Еуропа бөлігінде
Атырау облысы әкімдігі оқушылардан армандарын қағазға түсіруді сұрады Атырау облысы әкімдігі оқушылардан армандарын
Атырау облысы әкімдігінің “Фэйсбуктегі” парақшасында оқушыларға арналған ерекше хабарлама пайда болды. Аймақ басшысының баспасөз қызметі жас
Илья Жақановтың “Еділ - Жайық” атты ән кеші өтті Илья Жақановтың “Еділ - Жайық” атты ән кеші өтті
Кеше, 25 желтоқсан күні Атырауда композитор, жазушы Илья Жақановтың “Еділ - Жайық” атты ән кеші өтті. Кешті Атырау облысы тұрғындары және
Нұрлан Ноғаев: қазақ қоғамын ұлтсызданудан қорғауымыз керек деп мәлімдеді Нұрлан Ноғаев: қазақ қоғамын ұлтсызданудан
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қазақ қоғамын ұлтсызданудан қорғауымыз керек деп мәлімдеді. Аймақ басшысы бұл туралы облыста өткен республикалық
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×