Илья Жақановтың “Еділ - Жайық” атты ән кеші өтті
Жаңалықтар
Илья Жақановтың “Еділ - Жайық” атты ән кеші өтті
Кеше, 25 желтоқсан күні Атырауда композитор, жазушы Илья Жақановтың “Еділ - Жайық” атты ән кеші өтті. Кешті Атырау облысы тұрғындары және қонақтарымен қатар аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев тамашалады. Мерекелік концертке, сонымен қатар, ақын Маралтай Райымбекұлы мен Бақұштап Бақтыгереева, құрметті теміржолшы Амангелді Селбаев пен белгілі заңгер Бекет Тұрғараев та келді.
Концертте композитордың “Сол бір ән”, “Түнгі Серенада”, “Толағай”, “Әселім” сынды әндері шырқалып, көрерменнің көңілін жібітті.
Ән кешіне арнайы келген аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев: “Өнер адамдарының еңбегін килограммен, тоннамен, метрмен өлшеуге болмайды. Олардың жұмысын елдегі бейбітшілік пен қоғамдағы тазалықтан байқаймыз”, - деді.
Облыс әкімі композитор Илья Жақановты биылғы 80 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, жұбайы Тиыш апа екеуінің иығына шапан жауып, Елбасы атынан «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.
Концерттің соңында жиылған халық композитордың “Еділ - Жайық” әнін бірге шырқап, шашудан ауыз тиді. Ал Илья Жақанов кешке келген көрермендер мен әншілерге алғыс айтты.
Айта кетелік, Илья Жақанов – композитор, жазушы, публицист, музыкатанушы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. “Біржан сал”, “Ақан сері”, “Үкілі Ыбырай”, “Естай әнші” сынды зерттеу еңбектерінің, “Ықылас” романының, “Қайта оралған ән”, “Қош бол, вальс” повестерінің, халық арасында кең таралған “Әселім әнім”, “Даниярдың әні”, “Ақ қайың”, “Жайлаукөл кештері” әндерінің авторы.
Құрметпен, Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Қарау

Сағындым сені, Жайық, алма бақты, Өткізгем өз бойыңда жастық шақты. Сүюші ем төңкерілген толқыныңды. Сылқылдап соғып жатқан жарқабақты.

Бүгін атыраулық қос анаға алтын және күміс алқа табысталды. Президенттің жарлығымен бекітілген алқаларды аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев бүгін әйелдер

Бұл туралы кеше, 19 қаңтарда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың Жылыой ауданына жұмыс сапары кезінде белгілі болды. Сапар барысында аймақ басшысы мəжіліс

"Атырау қаласына жастарға арналған заманауи саябақ керек деп ойлаймын. Сол себепті "банан бағы" жобамды ұсынамын. Қаланың Еуропа бөлігінде

“Күмісбектегі” қараусыз қалған ұңғымаларды өз ақшамызға бітеуге мәжбүр болдық. Ал бұған жауапты тұлғалар байланысқа шықпай отыр. Бұл, түптеп

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қазақ қоғамын ұлтсызданудан қорғауымыз керек деп мәлімдеді. Аймақ басшысы бұл туралы облыста өткен республикалық