ойын сауық отауы
«Күнделік» жүйесінің пайдалы тұстары
28.02.2017 1 803 0 Admin

«Күнделік» жүйесінің пайдалы тұстары

Жаңалықтар
Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ерлан Сағадиев білім саласындағы ақпараттық жүйелерге жан-жақты тоқталды.

«Біз өзіміздің ақпараттық жүйелерді біріктірудеміз. Бізде 73 ақпараттық жүйе бар, олардың барлығы деректерді 4 негізгі платформаға тарататын болады. Бірінші платформа - ұлттық білім беру деректер базасы, онда барлық әкімшілік ақпарат жинақталады. Екінші - электронды күнделік. Онда оқушылардың үлгерімі, сабақ кестесі, жоспарлар, мектептер мен теxникалық-кәсіптік білім беру мекемелерінің академиялық ақпараттары жинақталады», - деді министр.

Министрліктің енгізіп жатқан үшінші платформасы - «бұлтты» буxгалтерия. Оның аясында барлық білім беру нысандарын бір орталықтандыратын бірыңғай буxгалтерия жасалмақ. Соңғысы - жоғары білімді басқарудың бірыңғай жүйесі.

«Осы төрт платформа бір-бірімен және өзге де мемлекеттік органдармен ақпарат алмасып отырады. Бұл саланың толықтай автоматизациясына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Біз әрбір оқушының әр бағасын, үй тапсырмасын, оқытушының әрбір сабаққа қатысты жоспарын көре аламыз. Оны БҒМ, әкімдік, облыстық білім бөлімі, ата-аналар бақылап отырады. Буxгалтерияға қатысты да солай. Әрбір мектептің әрбір тиынын әкімдік, облыстық білім бөлімі, мектептің қамқоршылық кеңесі көріп отыруы тиіс. Қосымша балалардың құрамын, мектептегі орындардың тапшылығын, мектеп құрылысы картасын қарап, бақылауға жеңіл болады. Осының барлығы бірыңғай жүйеде болады», - деп атап өтті Сағадиев.

Мұғалімдерге бұл жүйе сыныптарды онлайн басқаруға мүмкіндігі береді.

«Қағазбастылық, ақпаратты қос-қостан жазудың қажеттілігі болмайды. Мұғалімнің барлық мансап жолында өткен аттестациялары және өзге де кәсіби мәліметтері оқытушылардың жеке кабинетінде сақталады. Ұстаздарға салынатын ауыртпалық едәуір төмендейді. Бақытжан Әбірұлы, егер Сіз Әділет, Ішкі істер дәне Денсаулық сақтау министрліктерінің мәліметтер базасын ортақ жүйеге жүктеуге тапсырма берсеңіз, оқытушылардың үй-үйді аралауды бүгін тоқтатуға дайынбыз. Бізде 100 мыңнан астам оқытушы жылына екі мәрте барлық аулаларды аралайды. Мектепке барғалы жатқан балаларды жазып алады. Бұл ақпараттардың барлығы базада болғандықтан, бұл жұмысты жасамауға да болар еді», - деді ол.

«Ата-аналарға ақпараттық жүйе не береді!? Олар өз балаларының үлгерімін, әрбір бағасын, мектепке келуін, үй тапсырмасын, баланың білім қарқынын онлайн режимде бақылай алады. Баланың балабақшадан бастап, PhD-ға дейінгі барлық мәліметтері оның жеке ID кабинетінде сақтаулы болады», - деп толықтырды БҒМ басшысы.

Оның сөзінше, бұл бағыттағы жұмыстар бір жылда аяқталуы мүмкін.

«7 мың мектепте интернет бар, бұл - шамамен елдегі барлық мектептердің 90%-ы. Дегенмен оның 2 мыңында ғана жоғары жылдамдықты интернет орнатылған. Демек, бізге қалған мектептерге де жоғары жылдамдықты интернетті дамытуымыз керек», - деді министр.

Ерлан Сағадиевтің мәліметі бойынша, ілкі режимде енгізіліп жатқан «Күнделік» жүйесін пайдаланатын мұғалімдер саны 174 мыңнан асқан. Оны 1,4 млн. оқушы, 854 мыңнан астам ата-ана қолданып отыр.

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2018 - 2019 оқу жылына арналған білім беру гранттарының мамандықтар бойынша тізімі ҚР Білім және ғылым министрлігі 2018 - 2019 оқу
ҚР Білім және ғылым министрлігі 2018 - 2019 оқу жылына арналған білім беру гранттарының мамандықтар бойынша тізімін жариялады.
Әрбір сыныпта Wi-Fi болады Әрбір сыныпта Wi-Fi болады
Алдағы жаңа оқу жылынан бастап мектептегі әрбір сыныпта Wi - Fi болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев
Ұстаздарды қызметтеріне тән емес жұмыстарға мәжбүрлеу тыйылады Ұстаздарды қызметтеріне тән емес жұмыстарға
Алдағы уақытта ұстаздар қауымын қызметтеріне тән емес жұмыстарға мәжбүрлеп жегу тыйылады. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің
Қазақ тіліне ештеңе кедергі келтірмейді – Дариға Назарбаева Қазақ тіліне ештеңе кедергі келтірмейді – Дариға
Астанадағы білім беру саласы қызметкерлерінің Республикалық тамыз конференциясына қатысқан Үкімет басшысының орынбасары Дариға Назарбаева үш тілді
2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде электронды күнделік енгізілмек 2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде
2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде электронды күнделік енгізілмек. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев тамыз кеңесінде
Грант иелерінің тізімі сәрсенбі күні жария етіледі Грант иелерінің тізімі сәрсенбі күні жария етіледі
Білім және ғылым министрлігі жанынан құрылған арнайы комиссия Ұлттық бірыңғай тест қорытындысы бойынша мемлекеттік білім гранттарын бөлу мәселесін
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×