ойын сауық отауы
Атаның шаһуатының көп қой мәні...
03.03.2016 1 601 0 Дауыл

Атаның шаһуатының көп қой мәні...

Өлеңдер
Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңі

Атаның шаhуатының көп қой мәнi,
Ананың құрсағында қан болғаны.
Құс пен адам болар деп кiм айта алар,
Өлi қан мен жаны жоқ жұмыртқаны?
Басында оның киiмi шаhуат едi,
Қызыл қан, ақ жұмыртқа кигенi әнi!
Денесi неше миллион құбылса да,
Оның жаны – баяғы ескi жаны.
Сезiмiнiң зорайып, азаймағы –
Қандай түрде болғаннан оның тәнi.
Қайда барса, ол өзiн «өзiм» дейдi,
«Өзiм» деп денесi емес, жанды айтқаны.
Сол жаннан тiптi «өзiмдiк» жоғалмайды,
Есеп емес, сан өлiп, сан қайтқаны.

Қазақтың қыздарының бəрі жақсы - Қалқаман Сарин Қазақтың қыздарының бəрі жақсы - Қалқаман Сарин
Қазақтың қыздарының бəрі жақсы, Қасиет, құт дарыған жаны жақсы. Жасырған ар - ұятын, абыройын, Басында орамалы бары жақсы!
Бұл кездегі діндердің бәрі – нашар Бұл кездегі діндердің бәрі – нашар
Бұл кездегi дiндердiң бәрi – нашар, Ешбiрi түзу емес көңiл ашар. Өңкей алдау, жалғанды дiнiм дейдi, Тексерсең, ойың түгiл жаның сасар.
Бейісте бар сұлу жар Бейісте бар сұлу жар
«Бейiсте бар сұлу жар, Мінсiз таза хор қыздар, Рахат берер бал кәусар»,– Дейдi бiздiң молдалар.
Бас көзімен қарасаң, нәпсі – жалған Бас көзімен қарасаң, нәпсі – жалған
Бас көзiмен қарасаң, нәпсi – жалған, Бiр сұлу қыз сықылды жұрт таңданған. Анық ақыл көзiмен қарағанда, Өзiн берер қалыңға ол қызды алған.
Шайтан Шайтан
Мұңлы шайтан — құдайдың қуған жаны, Күнәлі жер кез келіп бір ұшқаны. Өткен жақсы дәурені ойында оның, Сондағы не көргені, не қылғаны.
Жазғы таң Жазғы таң
Жып-жылы түн маужырап, Көтерілген жерден бу. Саф күмістей жалтырап Тыныш жатқан тұнық су.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×