ойын сауық отауы
Қазір қазақтар қалай өмір сүреді?
07.07.2017 1 780 0 Дауыл

Қазір қазақтар қалай өмір сүреді?

Жаңалықтар
Қазір қазақтар қалай өмір сүреді?

Жаһандану дәуірінде әлем жұртшылығының бір - бірімен алыс - берісі артып отыр. Мұндай мүмкіндікті жақсы пайдаланған елдер дүниежүзі халқының назарын жаулауға барын салуда. Қазақстан халқы өзге мәдениетті бойына тез сіңіріп, өзінікін ұмытуға шақ қалды. Жал - жая жеп көрмеген қазақ есесіне жапондық суши мен италиялық пиццаның дәмін жақсы біледі. Олардың киімін қырғыз тігіп берсе, аяқ киімі Қытайдан келеді. NUR. KZ порталы қазақстандықтардың қазіргі өміріне шолу жасады.

Қытай әсері
Қытайлық тауарлар Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем нарығын жаулап алды. Әлемдегі номиналды жалпы ішкі өнім бойынша екінші орында тұрған экономика (АҚШ - тан кейін) Қазақстан нарығына тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан терең бойлап, еніп кетті.
lsm. kz сайтының келтірген дерегі бойынша Қазақстан Қытайдан тек 2016 жылдың бірінші жартысында 728, 4 млн долларға тауар сатып алған. Оның ішінде басымдық өнеркәсіп жабдықтарына берілген. Сондай - ақ, елімізде қытайлық электроника мен аяқ киім сұранысқа ие.

Түркия әсері
Тәуелсіздік алғаннан кейін өзін ашық экономикалы ел деп жариялаған Қазақстанға шетел азаматтары көптеп келіп, осында өз кәсіптерін дөңгелете бастады. Олардың қатарында түрік азаматтары көп. Елдегі құрылыс саласының басы - қасында да осы елдің өкілдері жүр. Ал, қарапайым қазақстандық үшін Түркия олардың дәстүрлі тағамы - донер мен жылдар бойы теледидардан түспей келе жатқан түрік сериалдарымен ауызға ілігеді. Алматыда көшеде көбейіп кеткен донер қалжың - шыны аралас "студенттердің ұлттық тағамы" аталып үлгерді. Ал сериалдар болса, баласы қалаға күнкөріс қамымен кеткен ауылдағы ағайынның алданышына айналды.

Италия әсері
Қазақ санасына жаһандану әсерінен айдаладағы Италия да өз ықпалын тигізіп отыр. Жал - жаяның не екенін білмей өсіп келе жатқан жас ұрпақ италиялық пиццаны атасынан қалған астай жақсы көріп жейді. Алматы мен Астананы айтпағанда, басқа да қалалардың көшелерінен қаптаған пиццерияны көріп, өзіңізді Римде жүргендей сезінуге мүмкіндік бар.

Жапония әсері
Соңғы үш - төрт жылда қарапайым қазақстандықтарға таңсық ас болған суши қазақ дастарханында қазы - қартамен бірдей орын алып үлгерді. Елдегі үлкенді - кішілі қалаларда қазіргі таңда "шайхананың" емес "сушихананың" бәсі қызып тұрғанын білген іскерлер кәсіптерін сол бағытқа ойыстыруда.

Кәріс халқының әсері
2000 жылдардың басынан бері кәріс сериалдарын үзбей көріп келе жатқан қарапайым қазақстандықтар Кореяның өткені мен бүгінгі өмірін Қазақстан тарихынан да жақсы біліп алды. Ал қазіргі таңда кореялық поп (K - pop) музыкалық жанры әлемді шарлап, біздің елге де жетті.

Тізе берсек, қазақстандықтардың өміріне әсер етпеген дүние қалмапты. Жаһандану дәуірінің белгілері қарапайым халықтың санасынан осылайша ойып тұрып орын алған.

Дереккөзі: nur.kz

Президент Жолдауынан халық не күтеді Президент Жолдауынан халық не күтеді
1 қыркүйекте Президент Қасым - Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.
Қазақстандықтардың 25 пайызға жуығы семіздікпен ауырады. Қазақстандықтардың 25 пайызға жуығы семіздікпен
Дереккөзінің жазуынша, Қазақстан бірнеше жылдан бері Орталық Азияда семіздік бойынша бірінші орында. Елдегі әрбір төртінші ер адамда артық салмақ бар
Қазақстанның халық саны 18 миллионға жетті Қазақстанның халық саны 18 миллионға жетті
ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов Қазақстан халқының саны жайында мағлұмат берді. Ол туралы sn. kz. хабарлайды. Ол
Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті атанды Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол
Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясына қызметке келді деп хабарлайды федерациясының баспасөз қызметі. Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол
«Билайн» компаниясы атауын өзгертуі мүмкін «Билайн» компаниясы атауын өзгертуі мүмкін
«Билайн» брендінің қожайыны болып табылатын ресейлік Vimpelcom телекоммуникациялық компаниясы оның атауын VEON деп өзгертуді ойға алып отыр, деп
Қазақ-түрік лицейлері жабылмайды Қазақ-түрік лицейлері жабылмайды
ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақ-түрік лицейлеріне қатысты ресми мәлімдеме жасады: Қазақстанда аталған оқу орындары (елімізде 27 лицей бар)
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×