ойын сауық отауы
«Билайн» компаниясы атауын өзгертуі мүмкін
27.02.2017 1 051 0 Admin

«Билайн» компаниясы атауын өзгертуі мүмкін

Жаңалықтар
«Билайн» брендінің қожайыны болып табылатын ресейлік Vimpelcom телекоммуникациялық компаниясы оның атауын VEON деп өзгертуді ойға алып отыр, деп жазады Би-би-си. Компанияның ресми ақпаратында айтылғандай, осы жылдың 30 наурызында өтуге тиіс кезектен тыс жиында акционерлер мақұлдайтын болса, онда атауын өзгертпекші. «Қазіргі компания 24 ай бұрын болған компания емес, қазір ол ескірген телекоммуникациялық бизнестен VEON технологиялық компания ретінде трансформацияланып жатыр», – делінген хабарламада.

Vimpelcom бұл шешімін осы жылдың соңында бірқатар елде VEON интернет-платформаларды іске қосатындығымен түсіндіреді. Айтуларынша, дәл осындай платформа өткен жылдың соңында Италияда сәтті жүзеге асқан. Былтырғы қарашада «Рейтер» агенттігі Vimpelcom-ға тиесілі италиялық Wind операторы мен гонконгтық Hutchison бірлесіп өзінің клиенттері үшін VEON деп аталатын тегін мессенджерді іске қосқанын хабарлаған болатын. Ол өзге де танымал мессенджерлер секілді жұмыс істейді, бірақ қолданушылар операторға трафик үшін ақы төлемейді.

Компания өкілдері Амстердамдағы Euronext биржасында қайталама листинг жүргізуді көздеп отырғанын хабарлады. Компанияның штаб-пәтері де осы қалада орналасқанын айта кеткен жөн. Компания, егер акционерлер бекітетін болса, онда VEON тикерімен сауда жасайтын болады. Компанияның ресми хабарламасында өзгерісті оның құрылымымен де байланыстырған. «Компания айтарлықтай қайта құрылып, бірнеше жылдық құлдыраудан кейін өсім көрсете бастады», – делінген хабарламада. 2016 жылдың қорытындысы бойынша компания бір акция үшін 23 цент деңгейінде дивидент төлейді. Бұл компанияның жобалар қоржынындағы өзгерістермен байланысты. Төртінші тоқсанда Vimpelcom-ның түсімі 2,5%-ға, 2,3 млрд долларға дейін өсті. Негізгі өткізу нарығы Ресей болып отыр, ондағы түсім 1,1 млрд долларды құрайды. Компания Ресей, Қазақстан, Италия, Пәкістан, Алжир, Бангладеш, Украина және Өзбекстанда жұмыс істейді.

Дерек көзі

Испан тұмауы немесе "испанка" ауруының тарихы Испан тұмауы немесе "испанка" ауруының тарихы
Алғашқы науқастар Францияда 1918 жылдың сәуірінде пайда болғанына қарамастан, тұмаудың өз атауын Испания еуропалық елдердің бірінші болып аурудың
2020 жылдан бастап кәсіпкерлер үшін не өзгереді? 2020 жылдан бастап кәсіпкерлер үшін не өзгереді?
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке кәсіпкерлермен патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану бойынша талаптардың өзгеруі күшіне енеді.
Нұрлан Ноғаев кәсіпкерлерді халық алдында адал болуға шақырды Нұрлан Ноғаев кәсіпкерлерді халық алдында адал
“Күмісбектегі” қараусыз қалған ұңғымаларды өз ақшамызға бітеуге мәжбүр болдық. Ал бұған жауапты тұлғалар байланысқа шықпай отыр. Бұл, түптеп
Қазпочта ұялы телефондарға арналған бағдарламасын іске қосқанын хабарлайды Қазпочта ұялы телефондарға арналған бағдарламасын
«Қазпочта» АҚ post. kz ұлттық пошта және қаржы қызметтері порталының ұялы телефондарға арналған бағдарламасын іске қосқанын хабарлайды.
2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде электронды күнделік енгізілмек 2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде
2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде электронды күнделік енгізілмек. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев тамыз кеңесінде
Қазақ-түрік лицейлері жабылмайды Қазақ-түрік лицейлері жабылмайды
ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақ-түрік лицейлеріне қатысты ресми мәлімдеме жасады: Қазақстанда аталған оқу орындары (елімізде 27 лицей бар)
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×