Ағылшын тілін білетін ұстаздардың айлығы көтерілетін болды
Жаңалықтар
Жоғары сыныптарға физика, химия, биология пәндерін ағылшын тілінде оқытатын ұстаздарға негізгі жалақының үстіне қосымша үстемеақы берілмек. Оның көлемі – шамамен 35 мың теңге. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингтен кейін журналистерге ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Арнайы тәртіп бар. Ол бойынша мұғалім дайындықтан өтіп, ағылшын тілін тиісті дәрежеде меңгерсе, жоғары сыныптарда химия, биология, физика пәндерін оқытса және біліктілігін жетілдіру курсынан өтсе, оған үстемеақы төленеді. Яғни, жалақының үстіне шамамен 35 мың теңге қосылады», - деді ол.
Сонымен қатар Білім және ғылым министрінің орынбасары үстемеақыға ие болатын ұстаздардың тізімі жасалып жатқандығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл тізім қыркүйекте дайын болуы мүмкін. Ал мұғалімдерге қосымша үстемеақы беру мемлекет бюджетінен қарастырылған екен.
«Қазіргі таңда біз тиісті ақпаратты жинап жатырмыз. Себебі, жоғары оқу орнында ағылшын тілін бітірген студенттер бар. Қыркүйек айы басталған уақытта тізім дайындалады. Сол уақытта қанша ұстаздың (ағылшын тілінде – автор) білім беретіні жайлы нақты ақпарат бере аламыз. Біріншіден, осыған мемлекет бюджетінен өткен жылы қаржы қарастырылған. Біз осы жылы барлық талап бойынша тиісті нормативті-құқықтық базаны дайындадық. Барлығы нақты әрі ашық болуы шарт», - деп түйіндеді сөзін Бибігүл Асылова.

Ағылшын тілін білетін ұстаздар ұстаздардың айлығы көтерілетін болды айлық ұстаз ағылшын тілінде сабақ беру
ҚР Білім және ғылым министрлігі 2018 - 2019 оқу
ҚР Білім және ғылым министрлігі 2018 - 2019 оқу жылына арналған білім беру гранттарының мамандықтар бойынша тізімін жариялады.
2018 жылы 1 қаңтардан бастап ұстаздар жалақысы
1 қаңтардан бастап 1, 2, 5 және 7 - сыныптар ұстаздарының жалақысы көтеріледі. Ал 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 3, 6 және 8 - сынып ұстаздарының
Ұстаздар жалақысы көбейтілуі мүмкін
ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев Үкiмет үйiнде өткен баспасөз мәслихатында 2017 жылдың бюджетiнде сағаттар санын азайту есебiнен
Мұғалімдердің жалақысын өсіру үшін 88 миллиард
"Мұғалімнің орташа жалақысы - 86 мың теңге, жоғары білімі бар жас мұғалімнің жалақысы 49 мың теңге, орта білімі бар мұғалімдер 39 мың теңге алады.
Еліміздегі мектептерде балаларды оқытатын білікті
Еліміздегі мектептерде балаларды оқытатын білікті ұстаздар жетпей жатыр. Ата - аналар, әрине, ұл мен қызына тәжірибелі мұғалімнің білім бергенін
Қазақ тіліне ештеңе кедергі келтірмейді – Дариға
Астанадағы білім беру саласы қызметкерлерінің Республикалық тамыз конференциясына қатысқан Үкімет басшысының орынбасары Дариға Назарбаева үш тілді