ойын сауық отауы
Ұстаздар жалақысы көбейтілуі мүмкін
09.03.2017 1 463 0 Дауыл

Ұстаздар жалақысы көбейтілуі мүмкін

Жаңалықтар
Ұстаздар жалақысы көбейтілуі мүмкін.
ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев Үкiмет үйiнде өткен баспасөз мәслихатында 2017 жылдың бюджетiнде сағаттар санын азайту есебiнен ұстаздардың жалақысын көтеруге үмiттi екендiгiн айтты, деп хабарлайды Baq. kz тiлшiсi.

«Қазiргi таңда мамандық таңдауға келсек, педагог перспективтi мамандық деп айтуға болады. Өйткенi, шартты түрде алып қарасақ, 11 сынып пен колледждерде 18 жастағы 220 мың оқушы болса, мектепке дейiнгi даярлық топтарында 400 мыңға жуық бала оқиды. Яғни, алдағы уақытта балабақша, мектеп пен жоғары оқу орындарына 200 мыңға жуық жаңа педагог қажет болады деп топшылап отырмыз. Ал жылына 25 мың жас педагог оқуын бiтiрiп шығады. Бiлiм саласы – жыл сайын жаңа жұмыс орындары ашылатын сала», - дедi Ерлан Сағадиев.

Сондай - ақ, министр өз сөзiнде мұғалімдердің жалақысы аз екендiгiмен де келiстi.

«Бiз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Барлық жаңашылдықты, оның iшiнде қаржылық жағдайды педагогтармен, Үкiмет және Мәжiлiспен талқылау керек. 2017 жылдың бюджетiнде сағаттар санын азайту есебiнен ұстаздардың жалақысын көтеремiз деген үмiттемiз. Жалпы, ЖОО, мектеп пен балабақша саласында жекеменшiк сектордың кеңеюiнен педагог мамандығы перспективтi болады деп ойлаймыз», - дедi Е. Сағадиев.

Еске сала кетейік, бұған дейін депутаттар мұғалімдердің жалақысын мың долларға дейін көтеруді сұраған болатын.

Дереккөзі: Baq. kz

2018 жылы 1 қаңтардан бастап ұстаздар жалақысы қаншаға өседі? 2018 жылы 1 қаңтардан бастап ұстаздар жалақысы
1 қаңтардан бастап 1, 2, 5 және 7 - сыныптар ұстаздарының жалақысы көтеріледі. Ал 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 3, 6 және 8 - сынып ұстаздарының
Әрбір сыныпта Wi-Fi болады Әрбір сыныпта Wi-Fi болады
Алдағы жаңа оқу жылынан бастап мектептегі әрбір сыныпта Wi - Fi болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев
Ұстаздарды қызметтеріне тән емес жұмыстарға мәжбүрлеу тыйылады Ұстаздарды қызметтеріне тән емес жұмыстарға
Алдағы уақытта ұстаздар қауымын қызметтеріне тән емес жұмыстарға мәжбүрлеп жегу тыйылады. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің
Мұғалімдердің жалақысын өсіру үшін 88 миллиард теңге қажет. Мұғалімдердің жалақысын өсіру үшін 88 миллиард
"Мұғалімнің орташа жалақысы - 86 мың теңге, жоғары білімі бар жас мұғалімнің жалақысы 49 мың теңге, орта білімі бар мұғалімдер 39 мың теңге алады.
2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде электронды күнделік енгізілмек 2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде
2017 жылдың соңына дейін ҚР мектептерінде электронды күнделік енгізілмек. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев тамыз кеңесінде
Грант иелерi 12 тамызға дейiн белгілі болады. Грант иелерi 12 тамызға дейiн белгілі болады.
Білім гранттарын бөлу жөніндегі республикалық конкурстық комиссия бүгiн жұмысын бастады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×