ойын сауық отауы
Қазақ халқының салт - дәстүрлері
11.01.2021 2 603 0 Admin

Қазақ халқының салт - дәстүрлері

Жаңалықтар
Қазақ халқының салт - дәстүрлері
Салт - дәстүр ата - бабамыздан қалған асыл мұра. «Әр елдің салты басқа» дегендей қоғамдағы әрбір ұлттың өзіне тән ұстанымдары мен наным - сенімдері бар. Ал қазақ халқының салт - дәстүрі үлкенге құрметімен, балаға ізетімен, дін мен тілге деген көзқарасымен ерекшеленеді. Қазақстанға келген өзге ұлт өкілдері де ең алдымен қонақжайлық қасиетімізге таңданады. Мұның барлығы ықылым заманнан қанымызға сіңген, ата - баба тәрбиесінен дамыған деп білемін. Сүйінші сұрау, байғазы беру, сәлем салу, жас келіннің қайны-сіңілілеріне ат қоюы сынды ұлттық құндылықтарымыз әрдайым еліміздің сыйластық, рухани байлық қасиетін көрсетіп, жастардың жадында сақталып қалған.

Салт - дәстүрді ұлықтау әрбір ұлтын сүйер азаматтың парызы деп ойлаймын. Ерте заманнан дініміз бен дәстүріміз біте қайнасып, бала тәрбиесіне де, отбасы арасында да маңызды орын алатын салт - дәстүрлеріміз біздің басты байлығымыз. Тарихымызға көз жүгіртсек, солақай саясаттан кеңес дәуірінде тіліміз бен ұлттық қасиеттеріміз жоғала жаздады. Дегенмен, халқымыздың берік ұстанымы мен отансүйгіш қасиетінің арқасында бүгінде асыл да ардақты дәстүрлеріміз ел арасында қолданыста. Менің қуанатыным «жеті ата» дәстүрін берік ұстанатын ұлтпыз. Өзге мемлекеттерден осы бір құнды қасиетіміз арқылы бір қадам алдыдамыз деп білемін. Жеті атасын жеті жасынан жаттатып, отбасы - туыстық қарым - қатынасты бала көңіліне құйып келеміз.

Мен өз ойымды қорытындылайтын болсам, салт - дәстүрлеріміз адаспас жеті қазынамыз іспетті. Кез - келген жағдайда халқымның осындай ізгі және адал қасиеттерімен мақтана аламын. Ұлы қаһарман бабаларымыз аманат еткен жердей, салт - дәстүрлер де ықылым заманнан бойымызға ана сүтімен дарыған құндылығымыз.

Автор: Ибраимова Альмира

Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Тойхана Ұмытылған ұлт дәстүрлері: Тойхана
Тойхана /салт/. «Тойға шақырылған адамдардың барлығы тойхана алып келетін салт бар ғой» /Қазақстың би - шешендері/. Тойға әкелген сый - сияпатты
"Бүйрек" салт "Бүйрек" салт
Соғым сойғанда үлкенге сыбаға жіберу, соғым басына шақыру ежелгі жақсы дәстүрлердің бірі.
Туыстық атаулар сыры Туыстық атаулар сыры
Әже (әйел) – әкенің шешесі. Ел іші, отбасының бүтіндігін ойлайтын көптің сыйлы анасы
Беташар Беташар
Беташар өлеңінің мақсаты – беті ашылған жастың бетін ашып, өмір таныту, әр елдің өзі қолданған жол - жобасын түсіндіру. Тәжірибесіз жас әйел жаңа
Қыз таңдау дәстүрі. Қазақ халқының салт - дәстүрлері Қыз таңдау дәстүрі. Қазақ халқының салт -
Қыз бен жігіт арасындағы туыстық жеті атаға толуы.
Жеті ата Жеті ата
Қазақтардың таным - түсінігінде Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт - санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×