ойын сауық отауы
Туыстық атаулар сыры
04.10.2020 1 383 0 Admin

Туыстық атаулар сыры

Бұл қызықты
Туыстық атаулар сыры
Әже (әйел) – әкенің шешесі. Ел іші, отбасының бүтіндігін ойлайтын көптің сыйлы анасы. Ол салт - дәстүрді сақтап, кейінгі жастарға отбасының, дастарқан берекесінің, ағайын, абысындардың бірлігін сақтайтын тәрбиеші әрі ақылгөйі деп есептеледі. Ұлы мен келіні әжесінің тапсырмасы мен өтінішін сөзсіз орындауға тиіс. Қазақ халқының заңы бойынша, әжені де, атаны да, әрбір адам танысын, танымасын сәлем беріп, құрмет көрсетуге тиіс. Бұл кісілер тек өз ұрпақтары ғана емес, жалпы елге ата, әже болып есептеледі.
Әжелерді жұрт «кейуана», «қария», «әже» деп құрмет тұтып, сый - сияпат ұсынып, батасын алады.
Ата мен әженің әке - шешелері оның ұрпақтары үшін «баба», «ұлы ата», «ұлы әже» деп аталады.
Әжім – әженің әрі.
Демеңіз әжем кәрі,
Кәрінің сөзі – дәрі.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Туыстық атаулар сыры: Қарындас, сіңлі Туыстық атаулар сыры: Қарындас, сіңлі
Қарындас (әйел) – ағайындылар ішінде жасы кіші қыз ағалары үшін қарындас болады. Бұлар аға, іні үшін қымбат та, қимас жандар.
Туыстық атаулар сыры: апа (әйел) Туыстық атаулар сыры: апа (әйел)
Апа (әйел) – бірге туған және туыстардың жасы үлкен қыздары оның інілері мен сіңлілері, келіндері үшін «апа» болады. Бұлардан апаның жолы үлкен және
Туыстық атаулар сыры: аға, іні Туыстық атаулар сыры: аға, іні
Аға (ер) – Бір әке - шешеден туған (немесе рулас ағайын - туыс) жасы үлкен жігіт – аға деп аталады. Ағаның жөні де, жолы да үлкен деп есептеледі.
Туыстық атаулар сыры: ұл, немере Туыстық атаулар сыры: ұл, немере
Ұл (ер) – шаңырақ иесі, ел, ру, әке кіндігінің жалғасы деп есептеледі. Ұл туғанда «ат ұстар» деп хабарлайды. Ұл туғанда – күн туар. Ұлға – отыз үйден
Туыстық атаулар сыры: Ағайындылар Туыстық атаулар сыры: Ағайындылар
Бір ата - анадан туған ұл, қыздар, ағалы - інілілер мен апалы - сіңілілілерді бір сөзбен ағайындылар дейді. Ағалы - інілілердің балалары да бір -
Туыстық атаулар сыры: бала Туыстық атаулар сыры: бала
Бала (ұл / қыз) – ата-анадан тараған ұрпақтарды айтады. Жеті атадан санағанда бірінші буыны. Олар жынысына қарай «ұл», «қыз» деп аталады. Балалы үй
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×